Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. Өтепберген Ақыпбекұлы «Олжабай батыр кесенесі» нұсқаулық. 3 сынып. Әдебиеттік оқу
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: 2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.
Өтепберген Ақыпбекұлының «Олжабай батыр кесенесі».Оқу мақсаты:
3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табу
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
Сабақ мақсаты:
Барлық оқушылар: Өлеңді түсініп оқиды, өлеңнен негізгі ойды тауып, өз пікірін айтады.
Көптеген оқушылар: Шығарманың тақырыбын болжайды, сұрақтарға жауап беруде нақты дәлелдер келтіреді.
Кейбір оқушылар: Өз ойын жеткізуде әдеби көркемдегіш құралдарды қолданады.
Бағалау критерийлері:
- мәтінге тақырып қояды;
- мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтайды;
- шығармадағы көркем сөздерді табады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
(Т)«Бірге ойлаймыз» әдісі.
Тиімділігі сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа тарту.
«Ел қорғаны» дегенді қалай түсінесіңдер?
• көршілеріңіз естімейтіндей етіп, осы сұрақтың жауабын талқылаңыз.
• мұғалім1 – 4 дейін санды таңдайды;
• осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді;
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру;
- Жетістік критерийлерімен таныстыру.
Сабақтың ортасы
Ширату тапсырмасы
(Т)«Бірге ойлаймыз» әдісі.
Тиімділігі сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа тарту.
«Ел қорғаны» дегенді қалай түсінесіңдер?
• көршілеріңіз естімейтіндей етіп, осы сұрақтың жауабын талқылаңыз.
• мұғалім1 – 4 дейін санды таңдайды;
• осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді;
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру;
Бағалау критерийлерімен таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Ө, С, Қ) Мұғалім өлеңді оқу үлгісін көрсетеді. Сонан соң оқушылар алдымен жеке, сонан соң топта көңілді дауыс ырғағына салып кезек-кезек түсініп оқиды. Өлең оқылып болған соң, Олжабай батыр туралы қысқаша бейнематериал көрсетіледі.
Олжабай Толыбайұлы туралы бейнематериалды көрсету.
Интербелсенді тақтадағы«Сиқырлы ұяшықтарды» таңдау арқылы, әр топ ішіндегі сұрақтарды оқып, жауап береді.
1. Өлеңде кесенені қалай сипаттаған?
2. Олжабай батырдың ерлігі туралы не айтылған?
3. «Құтты өңірін құйқалы,
Қасиеттер ұрпағы!..» –
Деп, қол жайып- дегенді қалай түсінесіңдер?
Сұрақтарды топта талқылап, ой бөліседі. Сонан соң кезек-кезек жауап береді. Басқа топ жауапты толықтырып, ой қосуға болады.
Саралау:тапсырма бойынша саралау жүргізіледі.Тапсырма оқушылардың барлығына ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау
- Өлеңді мәнерлеп оқиды;
- Өлең бойынша сұрақтарға жауап береді;
- Өлеңнен негізгі ойды анықтайды.
2- тапсырма.
(Ө) Өлең авторы туралы мәліметті түсініп оқиды. Сызбаны толтырады.
Қай жерде Кім? Шығармалары
дүниеге келген?
Сергіту сәті «Бала, бала, балапан» Бейнекөрсетілім бойынша қимылын қайталау.
(ТЖ) 3- тапсырма
Өлеңді бөліктерге бөліп, кестені толтыру ұсынылады.
Сонадайдан көрінген, Ақ кірпіштен өрілген Кесене тұр, Жайлаған Сардаланың төрін кең... «Құтты өңірін құйқалы, Қасиеттер ұрпағы!..» – Деп, қол жайып, Күбірлеп, Атам бетін сипады... Жоңғар, қалмақ... – Бір тыным, Бермей, Ілмей кірпігін: Қорған болды Олжабай, Ормандай ел жұртының. | Күркіресе зор даусы, Дүрліккен жау ордасы. Ел жоқшысы Олжабай– Абылайдың қолбасы. Жаудың шебін сан бұзып, Берді ел үшін жанды үзіп... Тәубә, тәубә!..» Деп атам, Бөгелді іштен сәл тынып... |
Өлеңнің бөліктері | Негізгі ойы | Өлеңде қолданылған көркем- бейнелі сөздер |
Олжабай батыр кесенесі | ||
Олжабай батырдың ерлігі | ||
Олжабай батырдың сипаты |
Саралау: Қабілеті жоғары оқушының және мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.
(ҚБ)Дескриптор:
- Өлеңнің әрбір шумағына ат қояды;
- Өлеңдегі негізгі ойды анықтайды;
- Кесенені, батырдың ерлігіне байланысты айтылған теңеу сөз тіркестерін табады.
(ЖЖ) 4-тапсырма. Өзің тұратын қалада батырларға арнап орнатылған ескерткіштер бар ма? Жұбыңмен өй бөліс.
Сабақтың соңы
Рефлексия «Көңіл-күй гүлшоғыры».
Оқушыларға түрлі –түсті гүлдер таратылады, өздеріне ұнаған гүлді құмыраға жабыстырады, таңдаған түстері бойынша көңіл-күйдері анықталады.
Бүгінгі сабақта Әлі де білгім Мен түсіне
өзім үшін алдым... келеді... алмадым....
Стикерге жазып, орналастыру.
Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ріпбере
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру