Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Таңнан самға дейін Ә.Қайран слайд. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Бөлім: Уақыт

2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

Ә.Қайран «Таңнан самға дейін»

Оқу мақсаттары

3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу

3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру

Бағалау критерийлері

Ширату жаттығуы

Сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинақтайық.

Қажетті сөздердің үлгісі: тақырып, негізгі ой, мәтін бөлігі, сұрақтар, сөйлем т.б.

«Броундық қозғалыс» ойыны

Бастпақы білімді қайталау

«Білім қоржыны»

Уақыт мезгіліне қатысты сөздер мен суреттерді топтастыра отырып, қоржындарына салыңдар.

Үлгі сөздер:

Таң, түс, кеш, түн

1-тапсырма

«Сұрақ жауап»

-Өлең не туралы деп ойлайсың?

-Өлеңде қандай тәуілк мезгілдері аталған?

-Тәуліктің әрбір кезеңіне қатысты қандай 3 сөз атай аласың?

-Өлеңге тағы қандай тақырып қояр едің?

2-тапсырма

«Төрт сөйлем»

Шығарманың тақырыбын анықта. Негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін немесе сөйлемді тап. Кестені толтыр.

3-тапсырма

«Таңнан самға дейін» өлеңіндегі маңызды тұстарына байланысты 3 немесе 4 ашық сұрақ дайындаңдар. Сұрақтарға жауап бере отырып, ақпаратты белгілеңдер.

Сұрақтар:

- Өлеңде қандай уақыт мезгілдері сипаталады?

- Шолпан жұлдыз батқан шақты қалай атайды?

- Шаруаның қызар кезі қай уақыт?

- Автор «бір тынар уақыт» деп қай кезді айтқан?

- Бесін кезінде қандай уақыт болады?

Қалыптастырушы бағалау

Дескрипторлар:

шығарма мазмұны бойынша ашық сұрақтар құрастырады;

сұрақтарға мәтіннен дәлелдер келтіріп, жауап береді;

автордың негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтайды;

шығарманың мазмұнына сәйкес тақырып қояды.

4-тапсырма

«Ассоциация» ойыны

Дереккөздерден, тақырыпқа байланысты маңызды ақпаратты тауып, ақпаратты сызба түрінде беріңдер.

Мысалы: торғай әні, шығар күн, әтеш, үкі.

Рефлексия

«Бас бармақ»

Өздеріңе жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды стикерлерге жалғастырып жазыңдар. «Мұғалімге жеделхат» тақтасына стикерлерді жапсырыңдар.

Тік көтерсе – оқиғаның ретін сақтай отырып баяндай аламын.

Жанына түссе – оқиғаны ретімен баяндай аламын, сөйлемнің сызбасын құрастыра алмаймын.

Төмен түссе – оқиғаны ретімен баяндай алмадым, сөйлемнің сызбасына сәйкес құрастыра алмадым.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу