- Көз тию, дуа, басқа да аурулардан сақтану үшін (немесе көз тиген адамды емдеу үшін) «Фатиха», «Аятүл-Күрси», «Кәфирун», «Ықылас», «Фәлақ», «Нәс» сүрелерін оқыған дұрыс.
(Ұлы Аллаға, Оның ардақты дидарына және Оның ежелгі билігіне лағнетке ұшыраған шайтанның азғыруынан сыйынамын. (Алланың атымен, Алланың елшісіне Оның тыныштығы мен игілігі болсын!) Я, Алла! Маған мейірім есіктеріңді аша гөр!)
Алланың атымен, Алланың елшісіне Оның тыныштығы мен игілігі болсын!Я,Алла! Шынында,мен Сенің кеңшілігіңді сұраймын.Я,Алла! Мені шайтанның азғыруынан сақтай гөр! дұғаларын оқу керек.
Дұға қабыл болатын мезгілдер, мекендер мен жағдайлар қандай? Алла Тағала – әрдайым сырлар мен сыбдырларды Естуші, жасырын мен әшкерені Көруші, жүректер мен жағдайлардан Хабардар. Дей тұрғанмен, Жаратушымыз кейбір уақыттарды ардақты етті әрі сол уақыттарда жасалатын құлшылықтар, дұғалар Алла үшін басқа уақыттарға қарағанда артығырақ әрі сүйіктірек.