Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары (3 - сынып) Ана тілі, Қазақ тілі, Математика
Мақсаты: Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта - жігерді қажет етеді. Осы қиыншылықтардың себебі – баланың ақыл - ой ерекшеліктерінің, ақыл сапаларының қалыптаспағаны. Кей оқушылардың оқу техникасы нашар, оқыған мәтіндерін жүйелі түрде айта алмайды. Шығарма жазуға қабілеттері төмен. Сөздерді буындап оқиды. Соның өзінде әріптерді тастап, қате оқиды. Осы оқушылардың.....
Электр жарығының уақытша шектеліп тұруына байланысты үстел үстінде жез қоңырау тұрар еді. Жез қоңырау - осы қалпында моп-момақан.
Ал қабырға сағатының ұзынша тілі ерегіскендей он бір деген цифрдың үстінде ұзынынан сұлап түсіп жатып алады. Демек, қоңырауға әлі 5 минут уақыт бар деген сөз. Мұғалім үшін әр минут бағалы. Егер кеңсе қызметкерінің жұмыс уақытысы сағатпен есептелетін болса, мұғалімнің жұмыс уақытысы - минутпен есептелетін бірден-бір мамандық.
Сағаттың секөнд тілі менсіз қайда барасыңдар......
Бәрі де қарыз сұраудан басталады. Ақша жүрген жерде, ұят сынға түседі. Қарызды алған адам емес, қарызды берген адам ұялып жүреді. - Кешіріңіз, - дейді қарызын сұрап келуші қысыла тұрып. - сіздерде алашағымыз бар еді. - Алашағың болса неғыл дейсің енді?! - дейді үй иесі әйел шаптыға сөйлеп. - Былтыр ғой алғанымыз, әлі толық бір жыл да болған жоқ. - Сіздер бір айдан кейін қайтарамыз дегенсіздер. - Бір айдан кейін қайтарамыз десек, ақша болмай жатқан жоқ па?! - дейді үй иесі әйел одан әрі шаптығып. - Сіздерден ыңғайсыз болды-ау, - дейді қарызын сұрап келуші қысыла түсіп. - Қайта-қайта ақшамды сұрап келе бергенім ұят болды-ау. - Оның несіне қысыласың, шырағым, - дейді үй иесі әйел........