Билет ақшасы


кассир, балалар, әке, балаларға арналған қызықты оқиғаларАнам және әкеммен циркке билет алу үшін кезекте тұрған едік. Сәлден соң кезегіміз жылжып билет кассасымен арамызда бір ғана жанұя қалған еді.
     Бұлардың 12 жасқа жетпеген 8 балалары бар еді. Баршылық ішінде өмір сүрмейтіні жағдайларынан белгілі еді. Үстеріндегі киімдері бағалы еместі, бірақ тап-таза еді. Балалар әкесінің артынан екі-екіден қол ұстасып, тәрбиелі түрде қатармен тұрды. Жүздерінен қуаныш, қобалжу сезімдері білініп тұрды. Пілдерді көретінін, қызықты, ерекше нәрселер болатынын бір-біріне айтып жатты. Бұрын соңды циркке бармағандары сөздерінен білініп тұр. Аналарымен әкесі мақтанышпен қол ұстасып ең алда тұрды. Кассир әкеге қанша билет керектігін сұрады. Әке: «Екі ересек билеті және сегіз балалар билетін беріңіз» деді.
     Кассир билеттердің құнын айтқанда анасының қолы әкенің қолын жібере салды. Басы салбырап мұңая түсті. Әкенің еріндері дірілдеп кассирге жақындай түсіп «қанша дедіңіз?» деп сұрады. Кассир билеттердің бағасын қайталап айтты. Ол кісінің оншалықты ақшасы жоқ еді. Енді балаларына бұрылып оларды циркке алып кіретін ақшасы жоқ екенін қалай айта алар еді?.. Әкем мұны сезіп қалтасынан 10 000 теңге шығарып жерге түсірді. Әкем жерге еңкейіп жатып әлгі кісіні түртті «Кешіріңіз мына ақша қалтаңыздан түсіп қалды.» деді.
     Кісі мән жайды түсінген еді. Әкемнің көздеріне қарап тұрып қалды. Әкем жерден алған ақшаны оның қолына ұстатты. Еріндері дірілдеген күйі «Рахмет, көп көп рахмет мырзам. Бұл ісіңіздің мен және жанұям үшін маңызы өте зор» деді. Цирктен кейін әкеммен машинамызға мініп үйге қайтқанымызда қуанышымыз бұрынғыдан да арта түсті.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу