Таныстыру сөздері
Құрметті оқырмандар, таныстыру сөздерін ұсынамыз! Егер өзіңіз білетін сөздер болса, астына жазыңыз...
Армысыздар, ардақты, асыл халқым,
Ежелден сəлемдесу ата салтым.
8 "А" ның атынан келіп тұрған,
Сəлемін Бибігүлдің қабыл алғын.
Мектебім алтын ұям, бесігім,
Білімдіге əркез ашық есігің.
Гауһарайдай апайдан тəлім алып,
Əр уақытта есте болар есімің.
Əкем Берік барлығынан ақылды,
Құрымбайдың немересі тартымды.
Баяндай əжем бар, анам Арай,
Білетұғын ата дəстүр-салтыңды.
"Көктем ару" байқауы ақылдының,
Бағалайды қазылар, ақын жырын.
Өнерімді паш етуге мен де келдім,
Бибігүлдің бағаларсыз батылдығын.
Тағы көптеген таныстыру сөздері мында >>>
Армысыздар ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар жігерлі дос құрбылар.
Қарсыласым сәлем бердім бәріңе,
Бас иемін сәлем беріп иіле!
Тектіліктен жаралған қазағымның,
Ерекше дара туған қыздарыңмын.
Шуақ шашқан көктемнің шуағындай,
Арайлым атты кішкентай қыздарыңмын.
Жүріп келем өзін салған ізбенен,
Жақын болар әкесіне қыз деген.
Орта жүздің таз атты руынан,
Асқар таудай әкем бар Сәтжан деген.
Әділқазы алқалары бүгінгі,
Әр аруды бағалай біл өнерлі.
Қарсыласым баршаңызға сәттілік.
Достық деген арттырайық ұғымды.
«Қыз аруы» атты мына сайыста,
Қарсыласым шаба білген майыспа.
Өнердің өрлетейік өр кемесін,
Мына жұрт таңырқамай кетпесін.
Осы мейрам әрине.
Бәрі асыл ана үшін,
Қарыздармын мәңгіге.
Алақаны аяулы,
Ұмыттырар қайғыны.
Бұл сиқырлы алақан,
Жақсы іске баулиды.
Сайысқа мен келіп тұрмын,
Жайшылық Гүлден аты – жөнім.
Сәттілікті тілеп тұрып,
Бас иемін сіздер үшін.
Үкілі кәмшәт, бүрмелі көйлек киген
Қазақтың ерке қызымын.
Ән айтып, мың бұрала билеген,
Маратқызы Миягүл мен болам.
Дәстүрін елдің сақтаған,
Иіліп халқыма бас иіп сәлем берем.
Ел жатқанда жатпаған,
Біз деп тыным тапаған - деп
Аналарды мерекелерімен құттықтаймын.
Құрбыларыма сәттілік
Өзіме жеңіс тілеймін.
Армысыздар халайық,
Амандасып алайық.
Менің атым Мария
Мақтануға лайық.
Руым Ойық ішінде Тазша
Құрымбай ата боламын немересі
Әкем аты Ермахан
Анам аты Баян
Қыз сынына келіп тұрмын
Мария атты мен бір гүл.
Таныстыру «жыл оқушысы»
Ассалаумалейкум арма елім,
Есен-аман жүрмісің, бар ма елім.
«Жыл оқушысы» байқауға келіп қалдық,
Басып енді асыққан көңіл демін.
Кіші жүздің ұлымын, Асқар атым,
Айдарбектің баласы, дара затым.
Жақсылықтың жолында жұмыс жасар,
Мен ұлыңмын сақтайтын қазақ атын.
Бұл байқауға сәттілік, достарыма,
Қызықты боп өтсін тек бар тілерім.
Ұстаздарға шынайы алғыс айтад(ы),
Лүпіл қағып кеудемде бұл жүрегім.
Байқау үшін «Жыл оқушысы»
Армысыздар иіліп сәлем бердім,
Басып міне қобалжыған көңіл демін.
Бармысыздар достарым, жиналған жұрт,
Қатысуға байқауға мен де келдім.
Жыл оқушысы байқауы ерекше бұл,
Сайрап жатыр мінеки жүректе үн.
Ардаққызы Айғаным мен боламын,
Көңілді нұр тербеген, жүректі жыр.
Тек сәттілік тілеймін баршаңызға,
Мықтылардың мықтысы жеңсін бүгін.
Сайыскерлер тек алға, шаршамаңдар,
Жалғай берсін жақсыны жеңісті күн.
Жыл оқушысы байқауға таныстыру
Ассалаумалейкум арда қазақ,
Өте берсін әр күні күнің ғажап.
Жыл оқушысы байқауына келдім бүгін,
Шықсам деген ойменен жеңіп озат.
Арсенұлы Ардақ балаң мен боламын,
Шумақтатып алдыңда толғанамын.
Қанағатшыл ұлыңмын, тәубе етер,
Шүкір қылар қашанда қолда барын.
Орта жүзден шыққан ұлың мейірімді,
Жақсылықты жалғайтын жақсылыққа.
Жыл оқушысы байқауы сәтті болсын,
Күйін сыйлап бүгін келген жақсы жұртқа.
Пайдалы сілтемелер:
- Қыз сынына таныстырулар
- Алтын күзге балабақшадағы таныстыру
- Алтын күзге таныстырулар жинағы
- Ұстаздар байқауына таныстыру
- Отбасылар сайысына таныстыру
- Топты таныстыру ұранымен
Атым Сайрагүл сұрасаңыз.
Беріш екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты Құрымбай асқар тауы
Пана болып біздерге жүз жасаңыз.
Анашым Зауре Сапарбекқызы
Жүзінен төгілетін күннің нұры
Атыңызға кір келтірмей өтсем сіздің
Мойныңнан сүйер ме екен перзентшігің.
Қатысам мен бақшадан жарыстарға
Өзімді көпшілікке таныстырам.
Атым - Аяулым, қызымын Пернебектің
Руым тілік, бөлімі бар Батыр деген
Құттықтап аналарды мерекемен
Билейміз дөңгеленіп, айтып өлең.
Шыңдаймыз өнер менен білімді біз
Иіліп өздеріңе сәлем берем.
Сәлем беріп алдыңызға бас ием.
Қош келдіңіздер барша жандар сайысқа,
Таныстырам өзімді.
Мен сүйкімді Жолдасқызы Аружан.
12 ата байұлы
Руым беріш Жайық мен болам
Өнерімді көрсетемін аянбай.
Әділ қазы әділ шешсін аянбай.
Асылболат немересі, атым Інжу,
Мен болдым шаңырақта тойдың басы.
Майқұйрық бала дейді әжем.
Бауырларым өсіп келеді қолтықтасып.
Жарқыраған тау тасындай баламын.
Шаңырағымның үлкені мен боламын.
Мейрім төккен балаға
Білімін құйып санаға
Ардақ, Айнұр апайлар
Мың алғыс айтсам бола ма
Өнерімді көріңдер
Дәл бағасын беріңдер
Қарақат көз бүлдіршін
Топ жарады сеніңдер
Жарқыраған балақайды
Шапалақпен демеңдер.
Таныстырсам өзімді
Атым менің Марина
Кішкентаймын мен әлі
Жұрттың бәрі тани ма
Ерлан атты әкем бар
Еркелетер күлімдеп
Лена деген анам бар
Мәпелетер гүлім деп.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: таныстыру, сөздер, өлеңдер