Оқушыға тілек, өлеңдер. Жас түлектерге құттықтаулар, тілектер


Біз бүгін мектеп бітіруші жас түлектер мен олардың ата-аналары және ұстаздарына арнап мектеп бітіру кешінде айтылатын еш жерде жарияланбаған авторлық тәтті тілектерді ұсынбақпыз. Айтылған осы тілектер әр жүректің түкпірінен орын алып, болашақта орындалар деген сенімдеміз.  

  • Осы тілектердің жүректеріңізге жетіп, көңілдеріңізге қонғанын және орындалуын шын жүректен тілейміз. Тілектер тізбегін ең алдымен ата-аналардың мектеп бітіру кешінде өз балалары мен баласының сыныптастарына және олардың ұстаздары мен ата-аналарына арнап айтатын лебіздерімен бастағанды жөн көріп отырмыз.
  • Құрметті жас түлектер, айналайын алтындарым! Сендер, міне, өмірлеріңде әлі де көп кездесетін қиын-қиын белестердің бірінен аттап, болашаққа сәтті қадам бастыңдар. Осы қадамдарыңа құт қонсын! Сендер тайға мініп шапқанда үйде отырып тақымдарыңды қысып, уайымға салынған ата-аналарыңның үмітін әлі де ақтап, олардың алдындағы өмірлік парыздарыңды ұмытпаңдар, балаларым!
  • Жаным, балапаным, мен сенің әр қуанышың үшін бір жасап қаламын. Мен сенің әр жеңісің үшін балаша қуанамын. Өйткені, сенің біздің үмітімізді қашанда ақтауға күш-жігерің мен білімі-танымың жетеріне сенемін! Болашақтарың жарқын болсын!
  • Қарақтарым, сендер біз үшін әлі де баласыңдар! Міне, бүгін қанаттарың қатайып, салмақты өмірге аяқ басып барасыңдар! Мына өмір сендердің әке-шешелеріңдей маңдайларыңнан сипамайды. Сондықтан, әр қадамдарыңды ақылмен аңдап басыңдар!
  • Міне, сендер он бір жылдық мектеп өмірімен қоштасып жатырсыңдар. Сендер кетесіңдер, ұстаздарың осында қалады. Оларға өмір бойы қарыздар екендеріңді ұмытпаңдар. Олардың сендерді адам ету жолында бізден кем тер төкпегені  бізге аян. Жүрген жерлеріңде ұстаздарыңның мерейін асқақтатып жүріңдер. Ұстаздар үшін мерейді асқақтату – олар берген білімнің жемісі мен жеңісін көрсету.
  • Менің балама әріп танытып, сауатын ашып, қанатын қатайтқан құрметті ұстаздар! Сіздердің алдарыңызда абыройларыңыз бен еңбектеріңізді шын сезініп, иіліп рақмет айтамын. Өйткені, сіздер төккен тер осыған лайық! Бала-шағаларыңыздың қызығын көріп, бақытты ғұмыр кешіңіздер! 

Жас түлектерге ата-аналары айтатын тілектер

  • Құрметті жас түлектер, бұл өмірде саналы ғұмыр сүріп, адамдармен тең дәрежеде болу үшін білімнің маңызы өте көп. Сендер он бір жыл бойы жүз пайыздық білімнің тек бір пайызын ғана меңгердіңдер, қалған тоқсан тоғыз пайызын сендерге жоғарғы оқу орындары мен өмірдің өзі үйретеді. Талпына беріңдер, қанаттарың талмай қалықтай беріңдер!


  • Құрметті балаларым, бітіруші түлектер, мектеппен қоштасу сәтіне де жеттіңдер, міне. Ертең бір-біріңді сағынасыңдар. Әрқайсың әр тарапқа тарап, елдің қамын ойлайтын ер азамат, өз ісін үздік меңгерген маман боларсыңдар деп сенемін. Он жылдан соң бас қосқанда бәрің бір-бір саланың тізгінін ұстаған нағыз маман иесі болып оралатындарыңа сенемін.


  • Құрметті түлектер, ең бастысы – денсаулық! Сондықтан, сөзімді осыдан бастайын да, сендерге білім мен бақытқа жету үшін зор денсаулық тілейін. Бір-біріңе деген бауырмалдық мен достыққа шаң бастырып, сызат түсіріп алмаңдар! Қайда жүрсеңдер де, аман болыңдар! Елге тиер пайдасы көп маман болыңдар!


  • Жаным, балам! Сенің білімге құштарлығыңа мен қашанда тәнтімін. Өмірге ғашық осындай қалпыңнан тайма! Күні-түні алған біліміңнің болашақта әперер асуы көп болсын!


  • Айналайын, еркетайым! Сенің балалық шағың осы мектептің қабырғасы мен өзің өскен үйде қалып қояды енді... Енді сен бой жетіп, болашақ атты пойызға мініп, жүргелі тұрсың. Саған денсаулық пен сәттілік және бақыт пен байлық тілеуден жалықпай, анаң екеуміз үйде тілеуіңді тілеп отырамыз.


  • Түлектер, жас талапкерлер! Сендер үшін нағыз өмірдің бастауы – осы. Енді сендер қабағы қатулы адамдары қарбаласқан өмірдің тұрмыстық тауқыметінен шыға алмайтын үлкен-үлкен қалаларға білім алуға аттанбақсыңдар. Қайда болсаңдар да, аман жүріңдер.

  • Еліміздің өркендеуіне күш салатын мамандықтардың бірін дөңгелетіп әкетеді деген сенімдемін. Ауылға да жақсы мамандар керек екендігін есте сақтап, дипломмен туған жерлеріңе де оралу ойда болсын, қарақтарым!

Оқушыларға арналған тілектер, өлеңдер, құттықтауларды ұсынамыз

Үлкен өмірге қанат қағып барасың. Қанатың талмасын, биіктерге шырқа! Жоғары оқу орнына оқуға түсіп, студенттік дәуірді қызықты өткізіп, абыроймен бітіруіңе тілектеспін. Таңдаған мамандығыңның мықты маманы, кәсіпқойы бол! Мектеп өмірі артта қалды, алдыңда күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өте беруіңді тілейміз!

Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған сияқты едік, бүгін міне, он бір жылдың қалай зулап өткенін байқамай да қалыппыз.

Қымбатты ұстаздар! Он бір жыл бойы бізге білім мен тәрбие беріп, үлкен өмірге дайындағандарыңызға үлкен рахмет! Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз деп сенемін.

Ал, он бір жыл бойы бірге оқыған сыныптастарым, сендердің ендігі өмірлеріңе тек қана сәттілік тілеймін. Аңсаған армандарыңа қол жеткізіп, әр саланың мықты мамандары болып еліміздің көркеюіне үлестеріңді қоса беріңдер!

Аса құрметті осынау алтын ордаға «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» менің сыныптас достарым!
Бүгінгі күні бәріміз өзіміздің алтын ұямыздан «өмір» атты ұлы тауды бетке алып ұшып бара жатқанымызда айтар тілегім: қайда жүрсек те, қайда болсақ та, қанша жасқа келсек те бір - бірімізді ұмытпайық.
Менің сыныптас достарым! Сендерге алдағы уақытта тек қана сәттілік жар болсын, жетістіктерге қол жеткізіңдер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар! Бәрің де ақ жолмен аппақ көгершін - армандарыңа сүрінбей жетіңдер! Өйткені, біз мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қанат қағып барамыз. Енді бізді алда өмірдің сан тарау жолдары күтіп тұр. Сол жолда әрбіріміз бақыт үшін, өмірден лайықты орын алу үшін күресейік, достар! Ал алтын ұя – мектебіміз бен аяулы ұстаздарымызды жүрегімізде мәңгі ұмытпай сақтаймыз.
Аяулы ұстаздар! Сіздер жасаған еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз!

Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар бүгін таудай болып үлкен өмірге қадам басып отыр.
Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға.
Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады.
Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңа Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспін. Ал мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспін.

Сіздер бүгін мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар. Бүгін барлық қазақстандық түлектер үшін мектеппен қоштасуға арналған атаулы мереке. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне ерекше назар аударып, Сіздердің сапалы білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасап отыр. Сіздердің осы мерекелеріңіз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма жылдығы қарсаңында өтіп отыр. Еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға ізгі тілегімді арнаймын.

Қоңырау үнi. Бұл үн бiлiм кемесi – мектеп қабырға­сынан шыққан әрбiр адамның құлағына таныс, жүрегiне жақын. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, бiлiм алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үнi – кәмелетке толып, оң - солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады. Соңғы қоңырау – осындай қимас қоштасу әуенi сәтiмен ыстық.
Еліміздегі игiлiктердiң барлығы елдiң болашағы – жас ұрпақтың келешегi жарқын болуы үшiн жасалып жатқанын баяндады. «Ауылына қарап, азаматын таны» деген, сендер қайда жүрсеңдер де туған ауылымыздай сынды келешегi кемел, өрiсi кең құшақтан шыққандарыңды ұмытпауға, туған жер, өскен орталарыңды мақтан етуге тиiссiңдер. Туға жеріміздің мәрте­бесiн арттыратын сендерсiңдер, жас түлектер! Қадамдарыңа сәттi сапар, өмiрлерiне құтты қадам тiлейміз!

Жыл сайын түлектерімізді ұядан ұшырар сәтте 3 тілек айтамыз. Әуелі, Елбасымыз айтқандай үш тілді жетік меңгеріп, рухани бай, білімді азамат бол дейміз. Сосын мәпелеген ата - ана, білімге баулыған ұстаздарын қадірлей біліп, солардың үмітін ақтауға шақырамыз. Соңында, қай жерде болса да шәкірттеріміз еліміздің атын паш етіп, биіктен көрініп жүрсін деп тілек білдіремін.

Он бір жыл мектепте үздік оқып, ата - ана мен ұстаздарының қуанышы болған мектеп бітіруші түлектер – ауданымыздың ғана емес, еліміздің де мақтанышы. Олардың болашағынан ел - жұрты үлкен үміт күтеді. Ауданымыз бойынша үздік оқып, білім алған 15 түлек «Алтын белгіге» және 2 түлек «Ерекше үлгідегі аттестатқа» үміткер болса, оның барлығы де өз білімдерін дәлелдей алды. Олар сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздардың еңбегін аялап - өсірген ата - аналарының үмітін ақтап, жүзден жүйрік шығып, «Алтын белгі» иегері атануда. Бұл – мектеп бітірушілер үшін де, ұстаздар мен ата - аналар үшін де қуанышты, салтанатты сәт.
Биылғы жылғы түлектер түрлі деңгейдегі білім бәсекесіне қатысып, жақсы жетістіктерге жетті. Сөйтіп, олар ауданымыздың білім саласындағы беделінің артуына өзіндік үлестерін қосты. Ел ертеңі, ақылына білімі сай тәуелсіз елдің жастары – Сендерсіңдер. Сондықтан да жауапкершілікті терең сезініп, әрқашан сенім биігінен шыға білулеріңе тілектеспін!
Құрметті түлектер, алдағы уақытта тек жақсы жетістіктеріңмен, жоғарғы көрсеткіштеріңмен қуанта беріңдер. Мен сендерге аудан жұртшылығы атынан жоғары білімді жақсы азамат, білікті маман болып, болашақта ауданымыздың өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенім білдіремін. Үлкен өмір жолына бастар қадамдарың сәтті болсын! Бәріңе ақ жол тілеймін!

Тост - тілек пен дос - тілек кітабынан:
Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған сияқты едік – бүгін, міне, он бір жылдың қалай зулап өткенін байқамай да қалыппыз.
Қымбатты ұстаздар! Осы жылдар бойы бізге білім мен тәрбие беріп, үлкен өмірге дайындағандарыңызға алғысымыз шексіз! Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз деп үміттенемін.
Ал, он бір жыл бойы бірге оқыған сыныптастарым, сендердің ендігі өмірлеріңе тек қана сәттілік тілеймін. Аңсаған армандарыңа қол жеткізіп, еліміздің көркеюіне үлестеріңді қоса беріңдер!

Біздің құлағымыз мәңгі күмбірлеп тұратын күміс қоңыраудың ең алғашқы жарқын үні мен соңғы да болса мұңды, салмақты әсем сыңғыры. Ұстаздарымыздың қимас сезімдегі жанары мен мектебіміздің ақ баталы қариядай бейнесі бәріміздің жүрегімізде үлкен үміт, нық сенім ұялатады.
Өмірдегі сара жолды кешегі шәкірт біз нақ осы сәттегі толқыныстан, тебіреністен, сезім арпалысымен бастаймыз. Әрине, қимаймыз, көзімізге жас та аламыз.
Сіздермен қимастықпен қоштасып тұрып, әлі де талай өрендерді білім нәрімен сусындатып, қанат қақтыра берулеріңізге тілектеспіз!

Көздеген мұрат - мақсаттарына қол жеткізіп, армандарың орындалсын. Келешегің кемел, болашағың нұрлы болсын. Жұртқа жұғымды, елге сүйкімді қалпыңнан айнымай, алда талай асу белестерді бағындыра бер.
Жалғанда жамандық көрмей, өмірің уайым қайғысыз өтсін.


Мектепті жақсы бітіріп, жоғары оқу орнына түсіп, биік белестерден көрін. Нұрлы жол, думанды шақ тілейміз.
Кеудеңе күн орнасын. Ата – ананың қуанышы, шаңырағыңның шуағы бол. Жұлдызың жансын.

Білім нәрімен сусындап, ақылды азамат, отан сүйгіштік рухтарың мықты болуын тілейміз. Азаматтық жігерлерің мұқалмасын. Асқар шыңдарды бағындырыңдар. Қонар тұғырларың биіктей берсін.

Әулетіміздің кішкентайын мектеп табалдырығын аттаған қуанышты күнімен құттықтаймыз. «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шық» дей отырып, сабағың «4» пен «5»- ке оқуын тілейміз.
Ата - анаңның мейірім - шапағатына бөленіп, жарқыраған алтыны, еркетай елігі, ақ сәуле шашқан арайы болып, аман - есен жүрсін. Барлық ізгі армандары орындалып, өмір жолы ашық, болашағы жарқын болып, егеменді еліміздің де білікті Азаматы болып өсе берсін.

Мектепті, балам, бітірдің,
Самғатты қиял ғарышқа.
Қанаты арман құсының
Апарсын сені алысқа.

Кешегі шәкірт бала едің,
Қарайсың бүгін жігіт боп.
Шарлаған арман әлемін,
Шыңдарға шыңнан биіктеп.

Отаның сипап маңдайдан,
Аямас сенен жақсысын.
Ізде, тап, қиыр - шалғайдан
Еліңе қажет бақ құсын.

Асқарға қолың соз балам,
Бәйгеге түс те, бақ сына.
Намысқа тиер озбаған,
Қол соғар жұртың жақсыға.

Ғылым қу, елге ет еңбек,
Маман бол қажет білікті
Өресі биік екен деп,
Мақтайды жампоз жігітті.

Білімді басқа жастадың,
Ғылымды іздеп үңіліп.
Өмірге сапар бастадың,
Алдыңда күліп тұр үміт.

Өмірден енді дәріс ал,
Білім мен ойды қоса ұштап,
Самғауға, балам, барын сал,
Қанатың болсын аттестат.

Түсініп жөн мен жобаны,
Ер жеткен жансың жетелі.
Шыңдарда ғана болады,
Қыранның салған мекені.

Үлкен өмірге қанат қағып барасың. Қанатың талмасын, биіктерге шырқа! Жоғарғы оқу орнына оқуға түсіп, студенттік дәуірді қызықты өткізіп, абыроймен бітіруіңе тілектеспін. Таңдаған мамандығыңның мықты маманы, кәсіпқойы бол! Мектеп өмірі артта қалды, алдыңда күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өте беруіңді тілейміз!

Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған сияқты едік, бүгін міне он бір жылдың қалай зулап өткенін байқамай да қалыппыз.

Қымбатты ұстаздар! Он бір жыл бойы бізге білім беріп, үлкен өмірге дайындағандарыңызға үлкен рахмет! Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз деп сенемін.

Ал, он бір жыл бойы бірге оқыған сыныптастарым, сендердің ендігі өмірлеріңе тек қана сәттілік тілеймін.

Аңсаған армандарыңа қол жеткізіп, әр саланың мықты мамандары болып еліміздің көркеюіне үлестеріңді қоса беріңдер!

Аса құрметті осынау алтын ордаға «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» менің сыныптас достарым!

Бүгінгі күні бәріміз өзіміздің алтын ұямыздан «өмір» атты ұлы тауды бетке алып ұшып бара жатқанымызда айтар тілегім: қайда жүрсек те, қайда болсақ та, қанша жасқа келсек те бір - бірімізді ұмытпайық.

Әрқашан жадымызда есімімізді жаңғыртып жүрейік. Өйткені туған жеріміз ортақ, тіліміз, дініміз ортақ, оқыған мектебіміз, ұстаздарымыз ортақ, заманымыз, қоғамымыз ортақ, ең бастысы алтын шаңырақты, күміс уықты, киелі керегелі еліміз, арман – тілегіміз ортақ. Сондықтан қадірлі достар, Қорқыт бабамыз айтқандай «қара орманымыз шайқалмасын, қара тауымыз бүгілмесін, аққан дариямыз сарқылмасын, Түркі дүниесі түгел болсын!» Бұл тілектер, сыныптас достар, біздің бойтұмарымыз болсын!

Болса да өзге жүрек,
Адамға адам – тірек.
Сыныптастар мынау,
Сіздерге айтар тілек:

Дана сүйер ел бол,
Ар ойлаған бай бол.
Ең бастысы, АДАМ
Атымызға сай бол!



Құрметті бүгінгі салтанатты кешке жиналған қадірлі ұстаздарымыз, ата - аналарымыз және менің қимас достарым!

Міне, біз бүгін «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» ыстық ұямыз – мектебімізбен, бізді 11 жыл бойы оқытып, тәрбиелеген аяулы ұстаздарымызбен қоштасқалы тұрмыз.

Енді біздің құлағымыз күмбірлеген күміс қоңыраудың үнін естімейді.

Енді біз ең қызықты сәттерімізді өткізген мынау мектептің ауласында жарыса жүгіріп, сыныбымыздағы парталарға таласа тармаса отырмаймыз.

Енді біз 11 жыл бойы біздің «еркелігіміз бен тентектігімізді» көтерген апайларымыз бен ағайларымыздың сабақтарында отырмаймыз, тақтаға шығып сабақ айтпаймыз!

Біз осы мектепте ұстаздарымыздың тәлім - тәрбиесін ала жүріп болашағымыздың іргетасы – фундаментін қаладық. Дәл қазір сол күндерге деген сезімді бастан өткеріп мұңайсақ та, ертеңгі болашағымызды ойлап жүрегіміз лүпіл қағып тұр!

Менің сыныптас достарым! Сендерге алдағы уақытта тек қана сәттілік жар болсын, жетістіктерге қол жеткізіңіздер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар! Бәрің де ақ жолмен аппақ көгершін армандарыңа сүрінбей жетіңдер! Өйткені, біз мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қанат қағып барамыз. Енді бізді алда өмірдің сан тарау жолдары күтіп тұр. Сол жолда әрбіріміз бақыт үшін, өмірден лайықты орын алу үшін күресейік, достар! Ал алтын ұя – мектебіміз бен аяулы ұстаздарымызды жүрегімізде мәңгі ұмытпай сақтаймыз.

Аяулы ұстаздар! Сіздер жасаған еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз!



Ұстаздың алғыс тілегі


Алтын ұя мектептің тұлпарлары, дүлдүлі –
Жұлдыздары жүректің жетілдіңдер бүл күні!
Бірің – хакім, ал бірің болыңыздар ғұлама,
Мың дауыспен сайраған о, өмірдің бұлбұлы!

Ата - дәстүр бойынша сатпайды ұлан сүйегін,
Күй төгесің шанақтан – жақсы болды тиегің!
Құтты болсын тойларың шәкірттерім, көгершін,
Барлығыңды кеудеме басып, қысып сүйемін.

Сендерсіңдер тірліктің желкілдеген құрағы,
Ұстаздарың арманын өздеріңе ұлады!
Тойға ұлассын тойларың – ту қадаңдар биікке,
Жақсы туған жігітке жат жұрт келіп тұрады.

Оралыңдар отыздың ортасына толғанда,
Шүкіршілік етеміз жетсеңдер шың – арманға.
Ел – жұртың бар тілектес, жығылма өмір егесте,
Ал соңдарың айналсын қарақұрым орманға!



Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған сияқты едік – бүгін, міне, он бір жылдың қалай зулап өткенін байқамай да қалыппыз.
Қымбатты ұстаздар! Осы жылдар бойы бізге білім мен тәрбие беріп, үлкен өмірге дайындағандарыңызға алғысымыз шексіз! Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз деп үміттенемін.




Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады
Қымбатты менің сыныптас достарым! Біздерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңа Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспін. Сендерге алдағы уақытта тек қана сәттілік жар болсын, жетістіктерге қол жеткізіңдер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар! Бәрің де ақ жолмен аппақ көгершін - армаңдарыңа сүрінбей жетіңдер! Өйткені, біз мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қанат кағып барамыз. Енді бізді алда өмірдің сан тарау жолдары күтіп тұр. Сол жолда әрбіріміз бақыт үшін, өмірден лайықты орын алу үшін күресейік, достар! Ал мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспін. Ал алтын ұя – мектебіміз бен аяулы ұстаздарымызды жүрегімізде мәңгі ұмытпай сақтаймыз. Аяулы ұстаздар! Сіздер жасаған еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз!




Класс жетекшінің шәкірттеріне айтқан тілегі:
Қымбатты түлектерім!
Сіздер бүгін мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар!
Шәкірттерім, алдағы үлкен сын Ұлттық бірыңғай Тестілеуден абыроймен өтіп, қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болыңыздар!


Үлкен өмір жолына бастар қадамдарыңа сәтті сапар, өмірлеріңе құтты қадам тілеймін!


Алтын ұя мектептің тұлпарлары, дүлдүлі
Жұлдыздары жүректің жетілдіңдер бұл күні!
Бірің - хакім, ал бірің болыңыздар ғұлама
Мың дауыспен сайраған о, өмірдің бұлбұлы.

Кластағы көмекшім, қолқанатым
Қай істе де қорықпай қолға алатын.
Класымның үздігі, белсендісі
Шәкірттерім айтқалы тұр арман әнін.

Класымда көп менін дарындылар
Спорт қуған, өнер сүйген жолын бұлар.
Ауданда да, облыста да үздік шыққан
Жігіттерім шетінен чемпиондар.

Шеттерінен өнерлі қыздарым бар,
Би де билеп, шырқатып ән де салар.
Класыммен әрқашан мақтанамын,
Шәкірттерім өмірлік есте қалар.

Жолың болсын, ардақты түлектерім,
Дүрсілдеп соғып та тұр кіп - кішкентай жүректерің
Тәлімді тәрбиемен біліп жиып
Жол жүргелі тұрсыңдар, шәкірттерім.

Ұмытпаңыз, алтын ұя мектебіңді,
Ұстазыңды, балалық шақ көктеміңді.
Орындап мақсат - міндет, арманыңды
Жасай бер, туған елге еңбегіңді.

дереккөз


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 3
  1. түлектерге тілек
    1 + 1 -
    2017 ж. 25 мамырда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының әкімшілік-ұйымдастырушылық сұрақтар жөніндегі Басқарманың басшысы В.Е. Ермолович №17 ЖББМ өткен соңғы қоңырауға арналған салтанатты іс-шараның құрметті қонағы болды. Осы оқу мекемесінің бұрынғы директоры ретінде ол кісі мұғалімдерді, ата-аналарды және оқушыларды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтады. «Сіздердің кәсіби жолдағы таңдауларыңыз саналы болғанын қалаймын.

    Өздеріңізге сеніңіздер, қиыншылықтарды жеңе біліңіздер және мақсатқа жету жолындағы қадамдарыңыз сәтті болсын. Сіздер жассыздар, сіздерде жаңа идеялар көп және оны жүзеге асыратын күш-қуаттарыңыз мол. Үздік болуға ұмтылыңыздар! Жеткен жетістіктермен тежелмеңіздер және болашаққа керемет бастама берген, туған мектептеріңізді ұмытпаңыздар», – деп мектеп бітіруші – жас түлектерге жүрекжарды тілегін білдірді.

    Сонымен қатар В.Е. Ермолович «кешегі оқушы, бүгінгі құзырлы маман, табысты тұлға болып қалыптасуына аянбай тер төгіп, ерен еңбек сіңірген мектептің педагогикалық ұжымына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ басшылығы атынан алғыс айтып, құттықтау қағазын ұсынды.
  2. озат оқушыға тілек
    0 + 0 -
    “Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін
    ең алдымен азаттық пен білім қажет”.
    Шоқан Уәлиханов

    Сөз зергері Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясында қаңтардың 17 жұлдызында мектеп директоры Қалдықыз Айтжанқызы мен директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ботагөз Қисамадинқызының ұйымдастыруымен «Дарынды, талантты балалар – ұлт болашағы» атты білімді, дарынды, талантты да өнерлі балаларды марапаттау кеші өтті. Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы халқына арналған кезекті Жолдауында – адам елдің басты байлығы екендігін айта келіп, білім беру, денсаулық сақтау, өмір сапасын жақсарту қажеттігін атап көрсетті. Елбасының «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында», – деп айтқан сөзі бізді жарқын болашаққа апарар дара жол деп білеміз! Иә, шын мәнісінде бүгінгі жас – ертеңгі елдің тізгінін мықтап ұстар, ел болашағы, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуы ертеңгі ел тағдыры! Дарынды балаларды қолдау мақсатында мектебімізде жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда.
    Қосылсыншы білім атты сырға сыр,
    Өзгерсе де уақыт атты жыл, ғасыр.
    Білім жалғар дәуірлердің арасын,
    Білімдіні ұнатады бұл ғасыр, – дегендей кештің басты мақсаты: Білімнің қайнар бұлағына айналған, өнердің жарқын шырағына айналған, спорттың жас саңлақтарына айналған оқушыларымызды жетістіктерімен марапаттай отырып, басқа да оқушылар осы дарындыларға қарап үлгі алсын деген адал ниет!
    Марапаттау салтанаты ІV кезеңнен тұрды. Алғашқы құттықтау сөзі мен жүрекжарды тілегін айтып, бірінші марапаттау салтанатын мектеп директоры Мусаева Қалдықыз Айтжанқызы жүргізді. Бұл кезеңде қалалық, президенттік олимпиадалардан, сондай-ақ, ғылыми жоба, менталды арифметика жарыстарынан орын алған дарынды да білімді оқушылармызды марапаттады.

    Президенттік, қалалық олимпиада жүлдегерлері 4. Ғылыми жоба байқауынан 2 оқушы ІІ, ІІІ орындарды қанжығаларына байлады. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне орай М.Әуезов ауданы Білім басқармасы мен «Достық» Білім Беру Орталығының ұйымдастыруымен 9-сыныптарға арналған «Достық» олимпиадасында 2 оқушы 2-ші және 1-ші орындар алған. Сонымен қатар, «Нархоз университеті» «Таңдаулы Экономистер Одағы» жоғары пікірсайыс мектебі ұйымдастырған Республикалық жас пікірсайысшылар турнирінен 2-орын иегерлері біздің мектептен 2 оқушы жеңіп алды. Біздің білімді оқушыларымыз республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып, 9 оқушы математика, информатика, орыс тілі пәндерінен 1-2-орындар алды. Халықаралық менталды арифметикалық чемпионаттың чемпионы болған 1 оқушы болса, ІІІ қалалық менталды арифметикадан 3-орын алған 1 оқушы бар.

    2017 жылдың 23-желтоқсан күні Малайзияның Джохор Бару қаласында Intelligent mental arithmetic (Интелидженд ментал арифметик) атты халықарлық жарыс өтті. Бұл жарысқа көптеген мемлекеттерден, атап айтқанда, Малайзия, Индонезия, Қытай, Египет, Турция, Сингапур, Ресей, Қырғызстан, Қазақстаннан және де т.б. көптеген елдерден 2300 бала қатысты. Қазақстандық бір топ оқушылардың арасында Кенжебек Малика да болды. Әлемнің түпкір-түпкірінен келген озат оқушылардан сытылып шығып 1-орынды Қазақстандық 3 «А» сынып оқушысы Кенжебек Малика жеңіп алды және де ақшалай сыйлықпен марапатталды.

    Мектебімізде болып жатқан осындай қуанышты жаңалықтарды бөлісу мақсатында «Хабар», «Қазақстан» телеарналары келді.

    Міне, дәл осылай ІІ кезеңнің марапаттау салтанатын директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Досқазиева Ботагөз Қисамадинқызы ақ тілегін білдіре отырып, аудандық олимпиададан, басқа да олимпиадалардан жүлделі орын алған 30 оқушыны марапаттады. Аудандық олимпиададан оқушылар әр түрлі пәннен қатысқан, атап айтсақ: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, биология, Қазақстан тарихы, орыс тілі, ағылшын тілі, физика, химия тағы да басқа көптеген пәндерден 2-3-орындар иеленген.
    Ажырамай мектептен бір елі сіз,
    Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
    Сөз берелік құрметпен өзіңізге, – деген өлең жолдарымен сахна төріне шақырғандиректордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, халық ағарту ісінің үздігі Ахимбекова Расхан апайІІІ кезеңнің марапаттау салтанатын жүргізді. Ақ батасын бере отырып, талантты жастарымызды ән-би байқауында жүлделі орын алғандары үшін 16 оқушыны қуана марапаттады. Бәрі де жоғары дәрежелі 1-2 орын иегерлері!
    Арыстандай айбатты,
    Жолбарыстай қайратты.
    Қырандай күшті қанатты,
    Мен жастарға сенемін, – деп жалынды ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, мектебіміздегі спорттық жарыстардан орын алған оқушыларымызды яғни ІV кезеңді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аскерова Гүлжаухар апай жүргізді. Шын жүректен тілек айта отырып, 30-дан аса спортшыларды марапаттады. Жалпы мектеп бойынша 96 оқушы марапатталып, көңілді ән тыңдап, рухани азықтанып кештен керемет әсер алды.Қуаныштан жүздері бал-бұл жайнаған оқушылар әлі де талай асулардан асып, белестерді бағындырамыз деген жалынды оймен қайтты!
    Қуанышты жаңалықпен бөліскім келген мақаламның соңында жас дарындарға зор денсаулық пен толағай табыс тілей отырып, мынадай жыр жолдарын жеткізгім келеді:
    Ұрпағы, жан ашыры текті жердің,
    Қашанда жүздерінен нұр көремін.
    Болашақ ғалымдар да, даналар да,
    Өздеріңнен шығады деп білемін.

    Сатымбаева Жанар Манатқызы,
    Әуезов ауданы Ғ.Мүсірепов атындағы
    86 мектеп-гимназиясының
    қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі,
    Алматы қаласы
    1. үздік оқушыға тілек
      0 + 0 -
      Тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балдырғандар алтын ұя мектебінен қанат қақты. Балаң қауырсынын жылдар бойы жетілдірген олар алдындағы сан асуға жігермен бет бұрғандай көрінді. Ардақты ата-аналарының үміті мен ұлағатты ұстаздардың сенімін ақтап шыққанына қуанды. Жүректері тулады. Тебіренді. Облыс орталығындағы «Жастар» мәдениет және демалыс саябағында орналасқан киелі сахнада «Алтын белгі» төсбелгісін өңіріне қадаған түлектер бұл сәтті өмірінің жарқын белесі ретінде санада сақтары сөзсіз.

      Талдықорған төрінде өткен осы бір мерекелік кештің шымылдығы Оқушылар сарайы балалар хорының орындауындағы «Прекрасное далеко» әнімен ашылды. Одан кейін, көрермен назарына «Жаңа ұрпақ» хореографиялық қойылым ұсынылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды.
      Сан жүректі тулатқан салтанатты шараның алғашқы сөзін облыс әкімі Амандық Баталов алды.
      – Құрметті «Алтын белгі» иегерлері! Бүгін сіздер үшін де, ата-аналар мен ұстаздар үшін де толқынысты сәт. Қимас мекен, алтын ұяға айналған мектептегі алаңсыз күндер аяқталып, азаматтық жауапкершілігі мол кезеңге аяқ бастыңыздар. Мектеп қабырғасында алған білімдеріңіз бұл жолда сенімді серік болады деп сенемін, – дей келе үлкен өмірге қадам басқан барша түлектерді құттықтады.
      Сонымен қатар, Тәуелсіз Қазақстан деп танылған мемлекетте туып-өскен бақытты ұрпаққа үлкен жауапкершілік пен міндеттің жүктелетінін және білім саласындағы өңір жетістігіне тоқталды. – Облысымызда өскелең ұрпақтың терең білім мен тәлім-тәрбие алуына жағдай жасалуда. Соның нәтижесінде озат оқитын оқушылардың саны артып келеді. «Алтын белгі» иегері атанып отырған биылғы түлектердің ішінде республикалық және халықаралық білім сайысында биік белестерді бағындырған Ильхамжан Мансуров, Ахмет Бекалиев, Назым Ноғайбекова, Асылжан Балатұрсынов сынды жастарымыздың бар екенін мақтанышпен атап өткім келеді, – деген Амандық Ғаббасұлы жас түлектерге сәт сапар тіледі.
      Рас, облысымызда жылдан-жылға озат оқушылардың саны артып келеді. Биыл өңірімізден 14 мың екі жүз алпыс сегіз түлек үлкен өмірге қанат қақса, оның 590-ы «Алтын белгі», 528-і Үздік аттестат иегері атанып отырғанын айта кеткен жөн.
      «Ақ жол, саған, жас түлек!» атты кеш барысында өңір басшысы 11 жылғы білімге деген ізденіс пен талпыныс, табанды еңбегінің нәтижесінде ата-ана, ұстаздарының сенімін ақтап әрі игі шараның басты кейіпкеріне айналып отырған 590 түлекке «Алтын белгі» төсбелгісін, Алғыс хат пен бағалы сыйлықтарды салтанатты түрде табыс етті. Одан кейін Қазақстанның эстрада жұлдыздары әуелете ән салып, мереке көрігін қыздырды.
      Өз кезегінде сан шәкірттің атынан сөз алған Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 арнаулы лицейінің түлегі Асылжан Балатұрсынов:
      – Құрметті Амандық Ғаббасұлы, қадірменді қонақтар мен ұстаздар, ардақты ата-аналар! Біз азат елде туып-өсіп, білім алғанымызды мақтан тұтамыз. Сонымен қатар, жастардан үлкен үміт күтетін жұртымыз бен Елбасы сенімін ақтайтын азамат болатынымызға сөз береміз, – деген жүрекжарды сөзін үш тілде жеткізді. Ал, Іле ауданы М. Мақатаев атындағы №13 орта мектебінің түлегі Аружан Төлеубекова: «Бүгін жүректерді толқыныс пен тебіреніс басқан, аңсау мен арман шарпыған, өмір жолына алғаш қадам жасағалы отырған түлектер үшін ұмытылмас күн. Жер жаннаты Жетісудан талай ел мақтанышы шығуда. Біз де еліміздің дамуы жолында солар секілді өз үлесімізді қосамыз деп сендіреміз», – деді.
      Ақжарма тілектер төгілген сәттен кейін Талдықорған қаласындағы №16 орта мектеп-гимназиясы түлектерінің орындауында «Енді қоңырау соғылмайды бізге» әні әуелеп, шәкірттер вальс биледі. Сондай-ақ, еліміз бен өңірімізге белгілі өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен мәресіне жетті.
      ***
      Еңбекшіқазақ ауданы. Биыл аудан бойынша 1646 оқушы мектеп қабырғасынан түлеп ұшты. Солардың ішіндегі 74 түлек «Алтын белгі» иегері атанды. Ал, 55-і үздік аттестатқа қол жеткізді. Бұл, әрине, үлкен қуаныш.
      «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан ұл-қыздарының осынау қуанышына аудан жұртшылығы да ортақтасты. Бейсенбі күні Есіктегі Жамбыл атындағы жастар саябағында өткен әсерлі кеш соның дәлелі.
      Саябаққа жиналған жастардың жүздерінен қуанышпен қатар мектебіне, ұстаздарына және сыныптас достарына деген қимастық сезімдері байқалады.
      Аудан әкімі Бинәлі Ысқақ дара шыққан жастарды шын жүректен құттықтап, үлкен өмірге аттағалы отырған қадамдарына ақ жол тіледі. Білімдерін одан әрі шыңдап, бір-бір мамандық иесі атанып, ел дамуына үлес қосатын ұлтжанды азамат атануларына тілектестігін білдірді.
      – Бүгінгі таңда Қазақстан әлем алдында беделі зор мемлекетке айналды. Осының бәрі білімге деген құштарлықтың, елге деген сүйіспеншіліктің арқасы. Біз сіздерден, жас түлектер, үлкен үміт күтеміз. Жоғары білім алып, Отанымыздың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосады деген сенімдеміз, – деді Бинәлі Әбдіқапасұлы.
      Саябақтың аспанында саз болып қалықтаған әсем әуен мереке шырайын одан сайын аша түскендей. Ата-аналардың да, ұстаздардың да жүздері қуаныштан бал-бұл жайнап тұрды.
      – Бізді білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымызға мың алғыс. Осындай жетістіктерге жеткеніміз сол кісілердің арқасы. Алдымызда үлкен сынақ күтіп тұр. Содан сүрінбей өтіп, армандаған жоғары оқу орнына түсіп кетсек деген жалғыз ғана тілегіміз бар. Студент атанып жатсақ, бұл тек біздің ғана жеңісіміз емес, ұстаздарымыздың да жеңісі, – дейді Рахымжан Тоқатаев атындағы мектептің «Алтын белгі» иегері Әсел Талдыбаева.
      ***
      Талдықорған қаласындағы №14 орта мектеп-гимназиясында мектеп түлектеріне арналған «Алтын арман» салтанатты кеші өтті. 50 шәкіртті үлкен өмірге аттандырған жиынға Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев пен облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлова қатысты.
      Алдымен ханзада мен ханшайымдай кейіптегі қыз-жігіттер көптің қошеметімен ортаға шықты. Олардың ішінде мектеп мақтанышы «Алтын белгі» иегерлері – физикадан халықаралық олимпиада жүлдегері Мирас Мадиқасымов, облыстық Кіші Ғылым академиясының жеңімпазы Бауыржан Мұхамеджанов, халықаралық «Флекс» жеңімпазы Маржан Төлегенова, облыстық пән олимпиадасының жүлдегерлері Аяжан Төлепбергенова және Райымбек Тұраров менмұндалап тұрды. Құттықтау сөз алған Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Әбілмәжінұлы:
      – Айналайын мектеп бітіруші түлектер, бүгінгі үлкен мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Біз сіздермен мақтанамыз. Дәл осы қара шаңырақтан ғарышкер, Халық қаһарманы Айдын Айымбетов, әлем чемпионы Карина Горичева түлеп ұшқан болатын. Оның барлығы аяулы ұстаздардың арқасы деп білемін. Сіздер де биік белестерден көрініңіздер, жолдарыңыз ақ болсын, – деп «Алтын белгі» иегерлері мен мектепті «Үздік аттестатпен» бітірген түлектерді марапаттады.
      Мінбеге көтерілген мектеп директоры Гүлжанар Еспанова тебірене сөйлеп, туған балаларындай болып кеткен шәкірттеріне тілектестік танытты. Ата-аналар атынан сөз сөйлеген Гүлжан Саңқайбаева да ұстаздарға алғыс жаудырды. 11- сынып жетекшілері Минуар Баймолданова, Айнур Ахмедиева және Дидар Ақжолов оқушыларына қимастықпен ақ тілектерін ақтарды.
      Ал түлектер ән-жырдан шашу шашып, мың бұрала биледі, естен кетпес концерттік бағдарлама ұсынды. Талмай білім нәрімен сусындатқан ұстаздар мен алтын ұя мектебімен қимай қоштасты.
      ***
      Қаратал ауданы. Маусым айының 15-і күні Үштөбе қаласының орталық алаңында «Алтын арман – 2017» атты мектеп бітірушілердің салтанатты кеші өтті.
      Иә, мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, таудай болып шыққан түлектердің жүзіндегі алтын ұя мектебін қимастық сезімі мен сағыныш реңін аңғару қиын емес. Жүректері лүпіл қаққан түлектердің әрбір қоңыраудың үнімен сабаққа асығып, партасына жайғасып, аяулы ұстаздарынан білім алғаны қас қағым сәт секілді. Қимастық сезімі мен алдағы болашаққа деген асқақ арманы шарықтап, алабұртқан көңіл сағынған көздің моншағын мөлт еткізді. Жиналған барша қауым білім ордаларын үздік тамамдаған озат түлектерді ортаға шақырып, құрмет көрсетті.
      Қаратал жұртшылығына облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар игі лебізін арнады.
      – Қайырлы кеш, қымбатты қараталдық ағайын! Құрметті жас түлектер! Ата-аналар, ұстаздар, жиналған қауым! Бүгін барлығыңыз үшін мереке, үлкен кезең. Өйткені, облысымыздың барлық аудандарында, елді мекендерінде дәл осы жердегідей үлкен салтанатты шарада жас түлектерімізді өмір баспалдағына шығарып тұрмыз. Биыл Алматы облысы бойынша 14 мыңнан астам жас түлек мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, соның 590-ы «Алтын белгі» иегері атанды. Бұл көрсеткіштің барлығы мемлекеттің қолдауының арқасында, Елбасымыздың көреген реформаларының арқасында болып жатқанын біз әрқашан түсінуіміз керек, білуіміз керек. Сондай-ақ, Қаратал ауданында 362 түлек, біздің ұл-қыздарымыз мектептің қабырғасынан түлеп ұшып, өмірдің келесі кезеңіне жол тартып бара жатыр. 362 түлек – 362 алаулаған от, жарқылдаған жүрек. Біз 362 түлегімізді құттықтауға арнайы келіп отырмыз, – деді Жақсылық Омар.
      Ақ тілекті жалғаған аудан әкімі Қайрат Бисембаев барша қараталдық түлектерді жаңа өмірге қадам басуымен құттықтап, биыл ауданымыздан 11 түлек «Алтын белгі», 15 түлек ерекше үлгідегі аттестат иегері атанып, ұстаздар мен ата-аналардың еңбегін ақтап, мерейін тасытқанын айтты.
      Осыдан соң облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мен аудан әкімі Қайрат Бисембаев озат түлектерді марапаттады. Аспанға отшашулар атылып, ақ тілектер жазылған шарлар ұшырылды. Мектеп бітірушілер қуаныш пен шаттық тойын алтын ұя мектебінде жалғастырып, әрбір сәтті еске қаларлықтай қылып өткізді.
      Осындай шаралар облысымыздың барлық елді мекендерінде өткізілді.
      Өз тілшілеріміз