Ауылда туған бір бөлек
Ауылда тудық,
Ауылда өсіп жетілдік.
Тірлікті қамдап,
Шаруаның істеп ретін нық.
Ер жетсем екен,
Тары емес,таудай өссем деп,
Осылайша біз,
Балалықты да кетірдік.
Ауылда туған,
Ауылда өскен бір бөлек,
Көңілдемін жоқ,
Киімің ғана кірлемек.
Топрағына аунап,
Тоңбалшық,шаңдарын кешіп көп,
Қайтушы ек үйге,
Шаршап, шалдығып, түнделеп.
Есек мінген біз,
Тау таудың кезіп арасын,
Күліп жүріп те,
Боздап жылап та аласың.
Аңырайтып аузын,
Аяқ киімнің доп теуіп,
Гол салсаң соған,
Мәз боласың да қаласың.
Той болған үйдің,
Төңірегін торлап ашқарын,
Өзіміз қожа,
Шаруасы да жоқ басқаның.
Сырғанақ теуіп,
Көк қыста қармен алысып,
Өтіпті рахат,
Балалығымыз қасқағым.
Қаладан келген,
Баланы досқып жаныңа,
Ұрады оны,
Ауыл балалары жабыла.
Апама айтам деп,
Ойбайды салып ол деген,
Талай таяқ жеп,
Сұм қатындардан зарыға.
Айтып береді деп,
Сол баланың, жоламаушы едік маңына.
Базарға барса,
Үйдегілерің келшілдей,
Тәттіні ұстап ап,
Жүресің елді менсінбей.
Алаңсыз кешкен,
Балалық деген осындай
Өмірден алған,
Аз уақытқа на еншіңдей.
Айына біржеп,
Балмұздақты да аңсадық,
Жылына бір рет,
Қаланы көріп шаршадық.
Көлікке мінсек,
Мәз болып,түскің келмейді,
Көшеден ескен,
Бауырсақ исін етамсанып.
Кейде бар кейде,
Жоқ болып қалар бәрінде,
Өмірдің мәні,
Балалық күннің мәнінде.
Ауылдан шыққан,
Әр бала аптал азамат,
Ауылдан шықтым,
Шүкірлік айтам Тәңірге.
Дулатбек Кенжебек
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: туған жер, ауыл, өлең, бір, бөлек