Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото)


Қазақстан президентінің баспасөз қызметі "Борт №1" Telegram-каналында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті суреттерін жариялады. Фотолар отыз жыл бұрын түсірілген.


"1992 жылы 22 мамырда ЮНЕСКО-ға мүше болу туралы актіге қол қойылғаннан кейінгі Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Федерико Майордыңбірге түскен суреті. Париж", - делінген хабарламада.


Айта кетейік, Бүгін Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл.


ЮНЕСКО тізіміне енген еліміздің алғашқы нысаны Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.


Бүгінде еліміздегі бірқатар нысан ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген. Олардың қатарында Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен бөлек, Тамғалы археологиялық ландшафының петроглифтері, Жібек жолы: Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің желісі және тағы басқалары бар.


 


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу