Инклюзивті білім беру: мәселелері мен болашағы


Инклюзивті білім беру: мәселелері мен болашағы
2020 жылдың 28 мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми - педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты «Инклюзивті білім беру: мәселелері мен болашағы» тақырыбында оn - line режимінде республикалық дөңгелек үстел өткізілді.
Республикалық дөңгелек үстел мақсаты: өзекті мәселелерді талқылау және республика аймақтарында инклюзивті білім беруді дамыту мәселелерін шешу, мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру, ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасаудың тәжірибесімен алмасу.
Модераторлар ретінде Рсалдинова А. К п. ғ. к., «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ «Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасының меңгерушісі, Сабиханова А. К. «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ «Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы қатысты.
Құттықтау сөзімен п. ғ. к., директордың оқу - әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары А. Д. Танатова сөз сөйледі.
Баяндамалармен Исмагулова С. К., Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының инклюзивті білім беруді дамыту орталығының директоры, Мовкебаева З. А., п. ғ. д, профессор, ҚР жоғарғы оқу орындары үшін инклюзивті білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығы директоры, Бутабаева Л. А., PhD, Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеті Арнайы білім беру кафедрасының аға оқытушысы, Саякова А. М., "Өрлеу" БАҰОФ ББЖ ҚБАРИ Педагогика және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы, Васько Т. В., Қазақ бас сәулет - құрылыс академиясының оқытушысы, Кузембаева Е. А., «Асыл Мирас» аутизм орталығының басшысы, Алматы қаласы, Кривицкая С. К., ШҚО білім басқармасы "Ақ ниет" мектеп - интеранты" КММ директоры, Бисерова Е. Я., әлеуметтік педагог, "№ 19 қосымша білім беру мектеп - орталығы» КММ, Өскемен қаласы, Бірманова Қ. И., педагогикалық білімдер магистрі, «Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп - гимназиясы» директоры, Рудный қаласы, Қостанай облысы, Вострикова А. А., "ШҚО Семей қаласы білім басқармасы"ММ "№20 дамыта оқыту жалпы білім беретін орта мектеп", Латыпова Н. Н., логопед, №34 «Балбұлақ» бөбекжайы, Орал қаласы, Кудайбергенова Г. К., логопед - зерттеуі - мұғалім, "Ақтөбе облыстық білім басқармасы", "Ақтөбе облыстық психологиялық - медициналық - педагогикалық кеңес беру" КММ, Елубаева Г. Е., Нұр - Сұлтан қаласы әкімдігінің "Құрылыс - техникалық колледжі" МКМ арнайы пәндер оқытушысы, Смагулова Г. Г., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебі» қатысты.
Онлайн режимінде өткен дөңгелек үстел жұмысына 97 аса адам қатысты, олардың ішінде білім беру жүйесінің біліктілігін арттыру институттарының оқытушылары, жоғары оқу орындарының, колледждердің, жалпы білім беретін және арнайы (коррекциялық) мектептердің педагогтері, психологтар.
Дистанциялық диалогтық алаң ісшараға қатысушыларға инклюзивті білім берудің жаңа аспектілерімен онлайн режимінде танысуға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық - педагогикалық сүйемелдеу бойынша тиімді практикалық тәжірибемен бөлісуге мүмкіндік берді.
Ісшара қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.


Источник: bilimdiler.kz
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу