Мағынасы бар мақал-мәтелдер

Халқымыздың асыл мұрасы мақал-мәтелдерді сақтау, кейінгі ұрпаққа аманаттау – ұстаздың ғана емес, барша қауымның ата-бабалар алдындағы парызы. Автор бұл еңбегінде өзі дәріс беретін студенттерге, атап айтқанда, қазақ тілінен практикалық сабақта қолданып жүрген мақал-мәтелдерін және ол мақал-мәтелдерді өмірде қолдануға септігін тигізетін сұрақтапсырмаларды ұсынған.
Еңбек мектеп оқушыларына, студенттерге, ұстаздар мен ата-аналарға, жалпы оқырман қауымға арналады.

Ұрпақ тәрбиесi – ұлттың тағдыры. Өз ұрпағының тәрбиесiн өз жолына қоя алған ұлт қана өз тағдырын өзi ойдағыдай қамдай алмақ.

Пiрiң көп болғанша, Бiлiмiң көп болсын.

«Пірің» деп отырғаны қолдаушы, сүйеуші деген мағынаны білдіріп тұрса керек. Қалай ойлайсыз, біліміңіз бар, бірақ қолдаушыңыз жоқ. 
Пікірталас ұйымдастырыңыздар.
Білім туралы білген мақал-мәтел, қанатты сөздеріңізді жазып көріңіз.
«Білімді адамның алдынан қайда барса да алтын тартылады» деп Сайф Сараи бабамыз неге айтты екен?

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Жер ­ қазына, су ­ алтын.

Дүниежүзінде ауызсу мәселесінен үлкен мәселе жоқ. Кейбір елдер ауызсуды басқа елден сатып алып ішіп отыр. Ал біздің ауыз суды қалай болса солай қолданғанымыз, шын мәнінде, қылмыс емес пе? Осыған сіз не дейсіз?

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Арық қазбасаң - атызға су келмейдi.

Кейде біз қызық ойлаймыз. Ешқандай әрекет жасағымыз келмейді, еңбек еткіміз келмейді, бірақ бай болғымыз келеді. Жақындарымызды өзіміз іздемейміз, егер олар келмесе өкпелейміз. Адам өзі әрекет жасамайынша, Алла да оның аузына су тамызбайды. «Арық қазбасаң – атызға су келмейді» деген сол емес пе?

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Жеті атасын білмеген – ұл жетесіз, Жеті ғасыр тарихын білмеген – ел жетесіз

Жеті саны қазақ үшін киелі сандардың бірі. Жеті атасын ұрпағына үйретуді бабаларымыз өздеріне парыз санаған. Жеті атадан аспағанша  жастардың бір-біріне үйленуіне тиым салған. Ал енді жеті ғасыр тарихын білмеген елдің жетесіз болатыны неліктен? Сіздер қалай ойлайсыздар?

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Абыройың артқан сайын арқалар жүгiң де ауырлайды

Жалпы адамдардың қызметі, лауазымы өскен сайын адам мінезі өзгереді. Кейбіреулер үшін мансап билігін жүргізіп, байып қалудың жолы болса, ал енді біреулерге ол үлкен жауапкершілік жүктейді. Елдің қамын көбірек ойлайтын болады, бұрынғыдан да көбірек жұмыс жасайды. Ондай жанның абыройы өседі.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық