Ерекше мақал-мәтелдер жинағы
Қызықты ерекше мақал-мәтелдер жинағы
Қатын қысылса шағынады,
Ер қысылса сабылады.
Қатын ұшынса қағынады,
Ер ұшынса шабылады.
Бұқаны көрген бұзау оңа ма?!
Байлауы жоқ шешеннен,
Үндемеген есті артық.
Бәйге алмаған жүйріктен,
Белі жуан бесті артық.
Соқыр тауыққа бәрі бидай.
Арамза бұқа ұрғашы бұзаудың жанында ұйықтайды.
Қасқырдан хал кетсе, ешкіні апа дейді.
Құнажын көзін сүзбесе,
Бұқа бұйдасын үзбейді.
Бүркіттің сайрағаны өлгені.
Есенің де есесі, есектің де шешесі бар.
Сорлы тышқан соқыр мысық бар дегенге сенбейді.
Өмір көрген түлкінің үш-үштен іні болады.
Есек семірсе иесін тебеді.
Тауықтың түсіне тары кіреді.
Жақсыдан қалған сөз олжа, тоқтыдан туған қозы олжа, ойнастан туған ұл олжа.
Жығылып жатып қисайғанға күлме.
Бастық кеткенше, адам өлгенше ғана сыйлы.
Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айрылыпты.
Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді.
Бардың қатыны өлсе төсегі жаңғырар,
Жоқтың қатыны өлсе басы қаңғырар.
Еріншек қатынның етегі жыртық,
Ерке қатынның ерні тыртық.
Ерекше заманауи мақал-мәтелдер жинағы
1.Баланың көңілі анада,
Ананың көңілі Watssap-та.
2.Анансының көңілі қызында,
Қызының көңілі жігітте.
3.ҰБТ-деген үлкен сынақ,
Одан өтер білімді азамат.
4.Грантқа түспесең-қалтаңды қалындат.
5.Ананың сүті -бал,
Барнидың балы-бал.
6.Отан-Нұрдан басталады.
7.Әдемі боламын десң-салонға бар.
8.Арақ -адамды аздырар,
Темекі-өміріңді қысқартар.
9.Өлем,өлем дегенше
Өмірге келгеніңе тәубе ет.
10.Түңгі клубтың гүлі болғанша,
Бауырларыңа үлгілі бол.
11.Иманды боламын десең-жұманы қалдырма.
12ВК-да лайк жинағанша,үйіңді жина.
13.Қыз баланың сұлулығы-оның тәрбиесінде.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ерекше, қызықты, заманауи, мақал-мәтелдер