Адамгершілік туралы мақал мәтелдер жинағы
Алдыңа келсе атаңның құнын кешір.
«Сіз» деген әдеп,
«Біз» деген көмек.
Өзіңді өзің сыйламасаң,
Өзгеден сый күтпе.
Пышақты өзіңе сұқ
Ауырмаса өзгеге сұқ.
Ана алдында - құрмет,
Ата алдында қызмет.
Кішіпейілділік - кісінің көркі.
Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
Жақсы ниет - жарым ырыс.
Асыңа тойғызбасаң да,
Ақ ниетіңе тойғыз.
Су бермегенге, сүт бер,
Ақ ниетіңді білсін.
Ақылың болса, арыңды сақта,
Ар ұят керек әр уақытта.
Адам болып туған соң,
Адам болып өлу лазым.
Ынсап, ұят, терең ой -
Асыл зейнет ойлап қой.
Ұлық болсаң, кішік бол.
Мал сақтама, ар сақта.
Еңкейгенге еңкей,
Атаңның қара құлы емес.
Шалқайғанға шалқай,
Пайғамбардың ұлы емес.
Кішіпейілділіктен - кішіреймессің.
Таспен ұрғанды, аспен ұр.
Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер.
Түріне қарама, қасиетіне қара.
Өз қадірің - өз байлығың.
Жақсы атың «мәңгіге қалсын» десең,
Сүрінгенді сүйеп қой.
Азаматтық жасай алмаған адам –
Бұл өмірге келмеген адаммен бірдей.
Көпке күл шашпа.
Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без,
Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без.
Ана сүтін ақтамағанды, ешкім жақтамайды.
Жақсылық еткен, алғыс алады.
Саудың асын жеп
Жындының ісін істеме.
Аз сөз алтын, көп сөз көмір.
Анығын айту адалдық,
Ала сөйлеу арамдық.
Кедейге қарыз бер де,
Амандығын тіле.
Күлме досыңа, келер басыңа.
Айырылмастай досыңа,
Қайырылмастай сөз айтпа.
Есіктен орын тапсаң, төрге озба.
Тойсаң тоба қыл.
Көкшіл болма, епшіл бол.
Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені.
Жасы кішінің, ақылы асса, аға тұт.
Сыйласаң, сыйлы боласың.
Көпті сыйлағаның, өзіңді сыйлағаның.
Ары таза, нар жүгін көтереді.
«Кел» демек бар, «кет» демек жоқ.
Кең болсаң, кем болмайсың.
Қолы ашықтың, жолы ашық.
Игіліктің ерте, кеші жоқ.
Жүзігің алтын болғанша,
Жүзің жарқын болсын.
Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің.
Иілген басты қылыш кеспес.
Кешірерсің кешерсің,
Жетілерсің жетерсің.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: адам, адамгершілік, мақал-мәтелдер