Кеңестер


“Болашақ” бағдарламасына қалай тапсыруға болады?

Жақында “Болашақ” бағдарламасына құжат тапсырудың шарттары өзгерді. Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов бағдарламаға енген 10 өзгеріс туралы айтты. Baribar.kz осы ақпарат негізінде бағдарламаға қалай тапсыруға болатынын түсіндіреді.

Кеңестер
Толық

Құрбандық қалай шалынады?

Құрбан айтта құрбан шалудың үкімі қандай? Құрбан шалу кімдерге уәжіп? Құрбан қай уақыттан бастап шалынуы тиіс? Құрбандыққа қандай малдар шалуға болады? Бірігіп құрбан шалуға бола ма? Құрбандыққа қандай малдар жарамайды? Құрбан шалуда басқа біреуге өкілдік беруге бола ма? Құрбан малы қалай шалынады? Құрбандыққа шалынған малдың қандай ағзалары желінбейді? Құрбандыққа шалынған малдың еті мен терісі қалай үлестіріледі? Құрбандыққа арнайы мал алып соймай, орнына сол құрбанның құнын ақшалай садақа ретінде кедейлерге беруге бола ма? Көз жұмған кісі үшін құрбан шалуға бола ма? Ақиқа құрбаны деп қандай құрбанға айтылады? Нәзір құрбаны деген не?
Кеңестер
Толық

Өз-өзіңді бағалаудың керемет тәсілдері

Көпшілігіміз бойымыздағы асыл қасиеттерді байқамай, өмірден баз кешіп жатамыз. Сынақтарды сабырмен жеңу үшін де, биіктерді бағындыру жолында тер төгу үшін - өзімізді шексіз сүюге тиістіміз.
Кеңестер
Толық

Әсемдікке ұмтылыс

Бұл сабақ оқушыларға адамның сұлулығы туралы түсініктерін кеңейтуге мақсатталған. Сабақ 6 сынып оқушылармен өткізіледі. Оқушыларды ішкі жан дүниелерін сезінуге, өз-өзін бағалауға, өзін түсінуге және өзінің бойындағы, мінезіндегі жағымды қасиеттерді көруге үйрету бағытталған.
Кеңестер
Толық

Қаза намаз - қаза болмасын

Өткізіп алған парыз намаздардың қазасы еске түскен мезетте өтеледі. Ал намаз оқымайтын үш уақытқа тура келіп қалса, өткізіп барып өтейді. Анас ибн Малик Алла елшісінің ﷺ: «Кім намазды ұмытып не ұйықтап қалса, оның кәфараты - есіне түсіргенде оқумен жүзеге асады»,- деген.

Ұйықтап қалу, ұмыту, немесе себепсіз өткізіп...

Кеңестер
Толық

Ішік деген не?

Ішік -  сәнді әрі жылы киім. Мұның сыртын берік матадан, ішін аң, мал терілерінен тігеді. Сәндік үшін жағасынан бастап өңірі, етегіне дейін теріден жұрындайды. Ішік ұзын әрі мол пішіліп тігіледі, жағасы тік болады. Ішіне салынған терісіне қарай ол күзен ішік, қасқыр ішік, бұлғын ішік, түлкі ішік, қарсақ ішік, зорман ішік, пұшпақ ішік, суыр ішік, сеңсең ішік, жанат ішік деп аталады. Бота терісінен жүні ішіне қаратылып тігілетін ішік сирек кездеседі. Басқа ішікке қарағанда ол жылы болады.


Ішікті еркектер де, әйелдер де киген. Әйелдерге, жастарға арналған ішіктер әшекейленіп, түрлі ою, кестелер салынып тігіледі.

Қазақтың әдет-ғұрпында ішіктің алатын өзіндік орны бар. Мысалы, қасқыр ішікті жиырма беске толмаған жастарға киюге болмайды, себебі жастық жалыны мен тері қызуы жігіттің күшін қайтарады немесе ауруға ұшыратады. Сл сияқты екі адам боранды күнде адасып, қасқыр ішікті адамның жанындағы кісі үсіп өлсе, онда өлген кісінің туыстары қасқыр ішікті кісіден құн даулауға хақысы бар, өйткені бір қасқыр ішік екі адамды суыққа бермейді. Дала заңы осылай.

Кеңестер
Толық

Дұха (сәске) намазы

Бұл намаздың сауабы мол. Дұха қазақ тіліндегі сәске сөзімен мағыналас. Яғни сәске уақытында оқылатын намаз дегенді білдіреді. Сахих кітаптарында Әбу Һурайрадан (р.а.) мынадай хабар жеткен: «Сүйікті досым (Расулалла (с.а.с.) үш нәрсені өсиет етті: әрбір айда үш күннен ораза тұту, дұханын екі рәкаты, ұйықтауға үтірді оқып....
Кеңестер
Толық