Кеңестер


ЖҮКТІ ЖӘНЕ ЕМІЗУЛІ ӘЙЕЛДЕРГЕ ОРАЗА ҰСТАУҒА БОЛА МА

Әнастан (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланады: «Ұлы әрі Құдіретті Алла сапардағыларды оразаның ауыртпалығынан және намаздың жартысынан, ал жүкті және емізулі әйелдерді оразаның ауыртпалығынан босатты». (Тирмизи, Әбу Дауд)

Ғалымдар: «Егер жүкті және емізулі әйелдер жатырындағы нәресте және баласы үшін қауіптенсе, онда олар ораза ұстамаулары керек, ал егер қауіптенбесе, онда оларға ораза ұстамауға тыйым салынады!» дейді.
Демек, жүкті және емізулі әйелдер өзі немесе баласы үшін қауіп сезінсе ғана оразасын тоқтата алады. Алайда, егер олар ораза ұстай алса, онда оларға оразаны қалдыруға тыйым салынады, өйткені Алла Тағала: «... ал сендер үшін ораза ұстау жақсырақ, сендер білсеңдер еді!» деген. («Бақара» сүресі, 183-аят)......
Кеңестер
Толық

Цистит

1 пакет тұзды ыстық табаға салып, қуырып алады. Мақта матасынан тігілген дорбаға оны салып, қызған тұздың үстіне ол суығанша жалаң аяқ тұрады. Осындай процедураны 6 рет жасаса, адам циститтен жазылады. Тұздың қасиеті тез ысып, өте баяу суиды. Мұндайда табаннан өткен жылу бүкіл денеге тарап, түрлі аурулардың алдын алады.

Қуық қабынғанда піскен жүгерінің шашағын күніне бірнеше рет шай орнына қайнатып ішеді. Қуық қабынуына шиенің жемісі түбіндегі сабақтың да септігі мол. Оны шай орнына ішіп, емделеді. Оларды жиып алып кептіріп, керек кезінде дәрі ретінде пайдалану қажет.......
Кеңестер
Толық

Күйеуіңізді бақытты қылатын он жеті әдіс

1. Оны сұлу кейіпте қарсы алыңыз

Ол жұмыстан, оқудан, сапардан немесе сізден алыс әлдебір жерден оралған кезде көтеріңкі көңіл күймен сәлемдесіңіз.

- Оны жадырап қарсы алыңыз;

- Әщекейленіңіз, денеңізге әтір себіңіз;

- Жағымды хабарлардан бастап, жағымсыз хабарларды кейінге қалдырыңыз;

- Оны қаншалықты жақсы көретініңізді, қаншалықты сағынғаныңызды айтыңыз;

- Пісірген асыңыздың дәмді болуы үшін күш жігеріңізді салыңыз.

2. Әдемі дауыспен сөйлеңіз......
Кеңестер
Толық

Безеуге қарсы аспирин маскасы

✅ Аспирин маскасы – бет терісін оңай және жылдам жақсартуға таптырмас, арзан маска. Кез келген дәріханадан табылатын аспириннен пайдалы маска жасауға болатынын көпшілік біле бермейді.

✅ Аспирин майлы бет терісін құрғатып, безеудің алдын алады. Егер бет терісі құрғақ болса, аспириннің өзінен ғана жасалған масканы қолданбаған дұрыс. Эпидермисті нәрлендіру үшін аспирин маскасына ара балын қосқан жөн. Мұндай маска ерекше күтімді қажет ететін проблемалы тері үшін өте пайдалы, сонымен қатар, бет терісін безеулерден арылтып, теріні тегістейді, әрі ондағы ұсақ тесіктерді тазалайды. Масканы бетке жақпас бұрын одан қандай да бір аллергия болмайтынына көз жеткізу керек. Ол үшін дайын маска қоймалжыңын аздап қолдың сыртына жағып көріңіз.......
Кеңестер
Толық

ПРАКТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР

• Сарымсақты қабықтары аршылған соң бір банкаға салып, бетіне зәйтүн майын құйып сақтауға болады.
• Пиязды қуырар кезде бетіне біраз ұн себілсе қараймайды.
• Бәлішті пісіргенде бетінің қызарып пісуін қаласаңыз, қамырдың үстіне жұмыртқа немесе айран жағылады.
• Пеште тауық пісірген кезде бір лимон екіге бөлініп, жартысы бетіне жағылады, ал жартысы тауықтың ішіне қойылады.
• Баклажанның ашысын кетіру үшін, қабығын ашып немесе турап біршама уақытқа тұзды суға салып қою керек.
• Кесілген және ашық ауада қалған пияз зиянды болады. Артылып қалған пияздар стретч пленкаға (ас үйлік жұмсақ рулон кленкаға) оралады.
• Буға жылытылған тауық еті дәмін жоғалтпайды.
• Айранның бүкіл дәрумендері мен минералдары суында.
• Жеңіл күйіктер салқын су немесе мұзбен суытылады. Жеңіл күйген жерге шикі жұмыртқаның ағы жағылып, 5-6 сағат жуылмайды.
• Киімге тиген сияны кетіру үшін, сияның тиген жеріне тіс пастасын жағып, кепкен соң жуылады.......
Кеңестер
Толық

Есіңізде болсын

Барлық тағамдарды қалыпты, ғылми түрде тұтыныу денсаулыққа пайдалы, ал кейбір тағамдарды бірге тұтыну денсаулыққа зиян жеткізетінін көп адам біле бермейді.

✅ 1 - Жылқының етімен балық етін қосып жесе жүректің соғуын жеделдетеді, өттің қышқыл теңшеу қызыметін қалыпсыздандырады да ауыр болғандар уланып өміріне қауіп төнуі мүмкін.

✅ 2 - Сүт ішкенде балық жемеу керек, қосып тұтынған жағдайда теріні қабындырып, дақ, алапес ауруы сияқты әртүрлі тері ауруларын келтіріп шығарады.......
Кеңестер
Толық

Тамаша өмір сүрудің 10 кілті

Әрбір халықтың данышпандары бар. Олардың ұлағатты сөздері бүкіл адамзаттың асыл қазынасы. Филипп Хумберт деген атақты психиатр олардың арасынан онының айтқандарын іріктеп алып, бақытқа жетудің жолы деп қарастырған:

1. Өзіңді таны (Сократ).

2. Қалай болсаң сол қалпыңда көрін не сырттай қалай болсаң сол
қалыбыңды сақта ( Мәулана) .

Шыншыл, әділ бол да дұрыс ойла. Жүрегіңе құлақ сал да оны қорға. Өмірде бір нәрселерді қорғау үшін атсалыспасаң, мәртебең түседі.......
Кеңестер
Толық

Әйел бақыты

"Әйел бақыты" – сүюді сүйетін сүйкімді гүл. "Әйел бақыты" – құмыраның сиқырлы да сыры мол тұрғыны. Сиқырлы деуіміз бекер емес. Өйткені, бұл гүл ерте замандардан бері әйелдерді жалғыздықтан арылтып, бақытты отбасылы өмірге жетелейтін болған екен. Және мұндай оқиғалар тарихта аз болмаған көрінеді. Мыңдаған әйелдер өздерінің үйлеріне "Әйел бақыты" гүлін қойғаннан кейін, өз жартыларын, көп жылдар бойы күткен махаббатын кезіктірген. Сондай-ақ, бұл гүл сөнген сезімдер мен махаббатты оятуда да едәуір еңбек сіңіре алады. Гүлдің көмегімен ерлі-зайыптылар татуласып, бақыт құшағына енеді. Мамандар, жоғарыда аталған мәселелер өміріңізге көлеңке түсіріп жүрсе, әйел бақытын аңсасаңыз, "Әйел бақытымен" дос болыңыз, деп кеңес береді. Айтпақшы, сиқырлы гүлдің тосын сыйлары мұнымен бітпейді. Оның ең күшті құдіреті – әйел затына "ана" атануға себепкер бола алатындығы дер едік.......
Кеңестер
Толық

Қолға күтім керек

Үнемі аптасына 1-2 рет қол күтіміне уақыт бөліп, қолға түрлі маскалар жасаған жөн. Маска жасау да көп уақытты алмайды ғой. Ендеше, мұны тәртібіңізге енгізіп, әдетіңізге айналдырыңыз. Есесіне, қолыңыз нағыз ханшаның қолындай нәзік болмақ.

Жұмыртқа маскасы
Қол терісі әжімденіп кетсе, көп көмек болатын маска. Ол үшін 1 жұмыртқаның сарысы, 1 ас қасық бал мен 1 шай қасық сұлы жармасын араластырып, кешке жатар алдында қолыңызға жағыңыз. Сыртынан шүберек қолғап киіп жатыңыз. Таңертең қолыңыз жұп-жұмсақ болып оянасыз.......
Кеңестер
Толық

Әжем айтып еді

1. Жар қылып алар қызыңның шешесіне қарарсың. Шеше көргенді ал. Алма ағашынан алысқа түспейді.

2. Сонан соң әкесіне қара. Әке қатал, әрі мейірімді болуы керек. Билігі еркекте болған үй береке. Осыны ұмытпа.

3. Еркек балалары мен қоса әйелін де тәрбиелейді. Олардың санасына исламды құй. Дін жолын үйрет, оқыт. Аллаға жақынның адасқанын көргенім жоқ. Сондықтан осы іске жақсы көңіл бөл.

4. Алғаның басқаны емес, әуелі сені сыйласын. Күйеуін ЕРІМ, БАЛАЛАРЫМНЫҢ ӘКЕСІ, БОЛАШАҒЫМ деп сыйлаған әйел сенімен қоса бүкіл әулетіңді құрметтейді. Оның құрметі саған әулетіңнің алдында абырой сыйлайды.......
Кеңестер
Толық