Кеңестер


Тіс пастасын қалай таңдаған дұрыс

Тіс пастасының бағасы қымбат болса, сапасы да мықты бола ма? Әлде дұрыс таңдау оған байланысты емес пе? Зиянды өнімді зиянсыздан қалай ажыратуға болады?

Осыдан бірнеше жыл бұрын қоғамда тіс пастасын штрих-кодтың түсіне қарап таңдаған дұрыс деген ақпарат пайда болған еді. Сосын оны базбіреулер жоққа шығарып, қатты сынға алған. Әрине, ешкім клиенттен айырылғысы келмейді. Бірақ клиенттің де шындықты білуге құқы бар екендігін ұмытпағаны абзал. Дүкенге барғанда пастаның қорабын ашып, пастаны шығарыңыз. Сөйтіп оның штрих-кодының түсіне мән беріңіз. ......
Кеңестер
Толық

ЖОЛ ПОЛИЦИЯСЫ ТОҚТАТҚАНДА ҰСТАНАТЫН ЕРЕЖЕЛЕР

✅ 1. Автокөліктен түспеңіз. ГАИ қызметкерінің мұны талап етуге еш қақысы жоқ. Ол — Қазақстан Республикасының “Полиция туралы“ заңын сізге көлденең тартып, полицияның заңды талабын орындау міндетіңiз екенін еске түсіруі мүмкін. Сіз “заңды“ сөзіне жабысыңыз. Атап айтқанда, оның талабы заңсыз. ҚР “Жол жүрісi туралы“ заңына сәйкес, жүргізуші көліктен шығуға болмайды.Қорытынды: машинадан шықпай, сәл төмен түсірілген терезе арқылы сөйлесу керек.

✅ 2. Бiз жол инспекторының нағыз қызметкер екеніне көз жеткізуге құқығымыз бар(құжаттарды оған тапсырмас бұрын). Сізді тоқтатқан кісінің полиция формасын киіп, қолына таяқ ұстаған алаяқ боп шықпасына кім кепіл? Сондықтан, ҚР “Полиция туралы“ заңын негізге алып, құжатын көрсетуін талап етеміз. Мүмкіндік болса, толық аты-жөнін, құжат нөмірін бір параққа жазып алуға тырысыңыз. Бұл қарама-қайшылықтарға кез болғанда, керек болады. Бұдан басқа, құжаттағы суреттің инспектормен сәйкес екендігін тексеру қажет. Олар біздің көлік жүргізу куәлігін тексергенде, біздің бетімізге үңіле қарайтыны жасырын емес қой? Біз де солай жасаймыз. ......
Кеңестер
Толық

Жеті шелпек шарапаты

Баяғыда бір жолаушы келе жатып, жолдан сандық тауып алады. Ашып қараса алтын тас жатыр. «Құдайым жоқ жерден берді ғой» деп шаттанған бейбақ алтынға қолын соза бергенде, ол үлкен жыланға айналып, өзіне тап береді.
– Ей, бейшара не тапсаң да, өз сорыңнан көр. Сандықта жатып мың жыл бойына: «Біреу мені босатса, алтынмен аптап, күміспен қаптаймын» деп тіледім. Ешкім құтқармады. Бүгін: «Кім де кім енді құтқаратын болса, соны жұтып өлтіремін», – деп серт бердім. Сен кезіктің. Енді сертімді орындаймын, – дейді. Жолаушы шыр-пыр болып, «сені құтқардым, жібере гөр» деп қанша жалынса да жылан көнбейді. Кенет жолаушы алыста келе жатқан отыз адамды көзі шалып қалады.
Қуанған жолаушы олардан араша сұрайды. Олар жыланнан қорқып:
– Бұл жылан алып екен. Бұған шамамыз жетпес, – деп қолды бір сілтеп кетіп қалады.
Жылан жолаушыға жақындай түседі. Бейбақ:
– Өлген жерім осы болды ғой, – дей бергенде тағы да бес кісінің сұлбасы көреді.
Жолаушы құтқар деп оларға жалынады.
– Отыздың шамасы жетпегенде, бізден не күтесің? – деп олар да кетіп қалады.
Жылан төне түседі. Бейбақ иманын үйіреді. Сол кезде бір кішкентай бала келе қалады. ......
Кеңестер
Толық

Бөдене жұмыртқасының пайдасы туралы

✅ Биологиялық құндылығы жөнінен бө­дене жұмыртқалары тауықтың жұмыртқа­ларын ба­сып­ озады. Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың біржұмыртқасының­ салмағымен тең бол­са, оның құрамындағы ка­лий мен фосфор­ тауық жұмыртқасын­да­ғы­дан бес есе көп, ал темір 4, 5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп.

✅ Сондай-ақ олардың құрамындағы ка­льций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан гөрі әл­де қайда жоғары.­ Құ­рамы ос­­ын­дай аз­ық­ пен жү­йелі қоректенген адамның әр түрлі ау­ру-сыр­қауға қарсы тұрар дәр­ме­ні артып, жү­рек-қантамырлар жүйесімен асқорыту мү­шелерінің жұ­мысы жақсарады. Сон­дай-ақ бөдене еті мен жұ­мырт­­қалары адам ағзасынан радиацияны да шығарады екен. Ал жұ­мыртқа құ­рамындағы лейцитин қан­дағы холесте­ринді төмен­де­тетін көрінеді. Егер тәулігіне бөдененің 4-5 жұмыртқасын тұ­рақ­ты тұтынса, ер адамның жыныстық қуаты ар­тады. ......
Кеңестер
Толық

Күйікті емдеуге қарапайым кеңес

Тұрмыс барысында әртүрлі себептерден дене зақымдалып отырады. Күйік солардың бірі. Төменде күйікті емдеудің қарапайым әрі өнімді әдістеріне тоқталамыз.

✅ 1. Алдымен суық сумен күйген жерді тазалап жуамыз. Сосын жара аузын суық суда жарты сағаттай тұрғызу керек. Әдетте судың температурасы қаншалықты төмен болған сайын, соншалықты өнімді болмақ (бірақ, 5С төмен болмауы керек). Бірақ әдетте қайнаған су болса бұл әдісті қолдануға болмайды.

✅ 2. Аз мөлшердегі тұзды суды жара орнына тамызып қойсаңыз қабынудың алдын алады. ......
Кеңестер
Толық

Киімге жабысқан сағызды қалай тазалауға болады

Мұндай қолайсыз жағдайға тап болған жан араларыңыздан міндетті түрде табыларына еш күмәнім жоқ. Әсіресе, қоғамдық орындарда киіміне сағыз жабыстырып алып, одан қалай «құтылудың» жолын таппай жататындар көп кездеседі. Ендеше, киімге жабысқан сағызды тазалаудың жолдарын қарастырып көрелік.
Жалпы, сағызды киімнен тазалау үшін ол киімнің материалына, түр-түсіне, сапасына аса мән берген жөн. Мысалы, түсі оңып кететін маталарға сағыз жабысқан жағдайда ацетон немесе спирт, сондай-ақ ыстық суды да қолданбаған жөн.
Тоңазытқышқа салу
Ең оңай, әрі тиімді тәсіл сағыз жабысқан киімді полиэтилен қапқа (пакет) салып, тоңазытқышқа 1 сағатқа қою. Осы уақыт ішінде сағыз қатып, өзі түсіп қалады. ......
Кеңестер
Толық

Ағзағаның дабылына құлақ түріңіз

Ағзамызда тоқтаусыз түрлі процестердің жүріп жататынын білесіз бе? Ал онда қандай да бір «ақау» бола қалса, оны дереу ретке келтіру үшін ағзамыз бізге хабар беріп, көмек сұрайды. Егер де сол көмекті уақытылы көрсете алсаңыз, денсаулығыңыз да мықты, көңіл күйіңіз де көтеріңкі болмақ.
Терінің құрғақтығы
Бұл ағзада Е дәруменінің жетіспеушілігін білдіреді. Оның орнын толтыру үшін күнделікті ас мәзіріне жаңғақ, майлы балық пен өсімдік майын қосыңыз.

Шаш пен тырнақтың сынғыштығы
Бұл ағзада В дәрумендер тобы мен кальцийдің аздығынан хабар береді. Ал олар дәнді дақылдар мен ботқалардың құрамында молынан бар. .....
Кеңестер
Толық

Астың бетін ашық тастама

Ертеде бір кейуана болыпты. Ол аяғы ауыр әйелдердің босануына жәрдемдеседі екен. Әйелдер «қолы жеңіл» деп, оның алдына жиі келіпті.
Бір күні түн ортасында есігін біреу қағады. Кейуана есікті ашса, ешкім жоқ. Кемпір «қағыс естіген шығармын» деп, төсегіне қайтып келіп жатады. Бірақ оқиға дәл осылай екі рет қайталанады. Үшінші ретте есік алдында тұрған ақбоз атты кісіні көреді. Түр-тұрпаты бөлек, өзгеше екен. Жақын маңайдың кісілеріне ұқсамайды.
– Бір жас келініміз босана алмай жатыр, соған жәрдем берсеңіз, – дейді ол. Кемпір келісіп, жолға шығады. ......
Кеңестер
Толық

Тұзбен емделіңіз

Күнделікті тұрмыста қолданатын тұздың қаншалықты пайдалы екенін білесіз бе? Оның адам денсаулығына тиімді тұстары өте көп. Әсіресе салқын тигеннен пайда болатын аурулардың алдын алуға көмектеседі.

✅ 1. Ангина

1 стақан жылы суға 1 шай қасық тұз салып, күніне бірнеше рет тамағыңызды шайыңыз. Сонымен қатар, 1 стақан жылы суды ½ шай қасық қайнатпа тұзбен араластырып, оған 4-5 тамшы йод қосыңыз. Дайын болған тұнбаны мұрныңызға тамызып, жұтқыншағыңызды жуыңыз. ......
Кеңестер
Толық

Жапон кеңестері

1. Ұялы телефонмен сөйлескенде, телефонды сол құлақ жақта ұстаңыз.

2. Кофені тәулігіне 1 рет қана ішіңіз.

3. Дәріні суық сумен ішуге болмайды.

4. Кешкі сағат 5 тен кейін тамақ ішпеуге тырысыңыз.

5. Ауыр, майлы тамақтан бас тартқаныңыз жөн.

6. Ұялы телефонды қуаттайтын құрылғылардан (зарядка) алыс жүріңіз.

8. Ұйықтайтын ең жақсы уақыт кешкі 10 нан таңғы 6 дейін.

9. Дәрі ішсеңіз: арқаме......
Кеңестер
Толық