Спорттың денсаулыққа пайдасы!


Спорт — салауатты өмір салтының ажырамас бөлігі. Ғалымдардың айтуынша, күніне 30-40 минут уақытыңды спортқа арнасаң, ауруға шалдығу қаупі 30 пайызға азаяды. Қазіргі уақытта әр күнін тиімді пайдаланып, спортпен айналысатындар үшін арнайы алаңдарда барлық жағдай жасалған. Тек табандылық пен төзімділік болғаны жеткілікті.

    «Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Сол үшін, денсаулығымызға аса мән беріп, спортпен айналысу қажет. Қай спорт түрі болмасын  денсаулыққа  пайдасы мол. Мысалға, тоғызқұмалақ, шахмат ойындары адамның мидағы алмасу процесіне оң ықпал етіп, мидың жақсы жұмыс жасауын жақсартады.  

   Спортпен дұрыс шұғылдану – адамның иммунитетін күшейтіп, дерттерге қарсы тұруға көмегін тигізеді және есте сақтау қабілетін жақсартып, ұйықтай алмау қиындығынан құтқарады. Ағзаның иммунитетін көтеріп, жүрек-тамыр жүйесінің қызметінің жақсаруына айрықша септігін тигізеді. Кейбір спорттың түрі адамдарға кері әсерін тигізуі мүмкін. Мұндай жағдайда бір мезгіл жаяу жүру керек. Сонда ғана қаныңыздағы қант мөлшерін реттей аласыз және жүрек аурулардың  алдын алып, қатерлі ісіктің кейбір түрінен сақтана аласыз. Шындығына келгенде, әрбір адам өз денсаулығының кепілі. Ұзақ өмір сүрем десеңіз, спортпен шұғылданыңыз.

 

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметі


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу