Умрада көбісі жасайтын қателіктер!
Бұл қателіктерді жасамаңыз!!!
Негізі кез-келген құлшылық пайғамбарымыз (с.а.у.) айтқандай, жасағандай болу керек. Ешнәрсе қосып, алуға болмайды. “Әрбір жаңарту(бидағат) - тозақта” деген пайғамбарымыз (с.а.у.). Сондықтан умра жасағанда да тек сүннет бойынша жасау шарт.
Умра шарттары:
1) Ихрам
2) Тауаф
3) Сағи
4) Шаш қысқарту.
1) Болды. Сіз ғұсыл құйынып, тырнақ алып, әурет жердегі шашты, қолтықтағы шашты қырып, миқатта ихрамға кіресіз, сол мешітте 2 ракат намаз оқисыз. Содан кейін Ниет етесіз: “Ләббәйкә Аллахумма ‘умратан”,- деп. Сол кезден бастап сіз ихрам халдесіз. Сізге тырнақ алуға иіс су, сабын, шампунь дегендерді қолдануға болмайды. Жәндіктерді өлтіруге, тіптім шөп жұлуға, ихрамға кіргендегі киімді басқа киімге ауыстыруға болмайды. Жол бойы қағбаны көргенше тальбийя айтасыз.
2) Тауаф ету: енді осы құлшылыққа келгенде бидағаттың көкесі басталады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Қағбаны көргенде бірден тауафқа кірісетін‼️Көзін жұмып алдына барғанда бірақ ашу, одан кейін дұға жасап алайын деп тұрған жоқ. Қазір көөөп адам көзін төмен түсіріп, жақындағанда бірақ ашыңдар, эффектно болады дейді. Пайғамбар солай істе деді ме? Жоқ пайғамбар қағбаны көргенде бірден тальбийяны тоқтатып, тауаф жасауға кіріскен. Тауаф жасап жүргенде дұға сұраған❗️ Қазір бірінші дұға жасайын, сосын тауаф деген жоқ. Тауаф жасап жүргендегі дұға қабыл инщааАлаһ.
Қара тас тұрған бұрышта Пайғамбар (с.а.у.) айтқандай жай оң қолыңды көтеріп “ БисмиЛляһ Аллаху Әкбәр” деу керек. Ал, қазір қара тастың бұрышына келгенде көп жасалатын сүннетте жоқ амал: адамдар қолын қайта қайта сүйіп сосын барып қара тасқа қарай көтереді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) жай ғана оң қолын көтерді, сүйген жоқ!!! Осыны да ұмытпайық!
Тағы бір бидағат тауаф жасап жүргенде: Қағбаны жан жағынан сипалап, сүю. Сүннет бойынша: қара тасты сүю, Йемен бұрышына қолыңды тигізу. Болды. Ал, қазір ше?! Қағбаны сипалап, бақырып жылап, шыңғырып мұсылманға жат қылық жасауда. Қара тасты сүю - сүннет амал. Егер адам көп болса, сүю парыз емес. Сүймесеңіз де умра қабыл. Сүннет амалды істеймін деп көбісі бір-бірін итеріп, еркектер мен әйелдер қатты жақындасып кетіп жатыр. Сүннет амалды істейміз деп жүріп, күнәға батып кетпейік.
Жалғасы керек пе?
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру