Мамандықты қалай таңдау керек?


Ата анам таңдаған мамандықты оқығым келмейді?

Көптеген Болашақ Түлектің проблемасы:
1. Ата-анам таңдаған мамандық па?
2.Өзім таңдаған мамандық па?

Қай жағдайда қай тарапты тыңдау керек❓

Егер сен:
▪️ Өзіңе не ұнайтынын білмесең
▪️ Отбасылық үрдіске айналған белгілі бір мамандық болса(мысалы атаң да, анаң, әкең, әжең мұғалім болса, бұл қабілет сенде де болуы мүмкін)
▪️ Болашақта қабілетіңді ашып, сені табысқа жеткізетін мамандық болса - ата ананың ақыл кеңесін тыңдаған өте дұрыс✔️

Ал егер:
▫️ Өзің таңдаған сала сен рахаттанатындай, болашақта сол салаға мол сенім болса
▫️ Қабілетіңмен қоса махаббатың да болса
▫️ Саған махаббатпен жасайтын жұмыс қана емес табыс әкелетін болса
▫️ 4 жыл емес өмір бойы ізденіп, білім ала алатындай болсаң - өзіңнің ақылың мен жүрегіңді тыңда?

Мамандық таңдау - өмір бойы бірге болғың келетін саланы таңдау.

Сен таңдайтын мамандық:
? Сен жақсы көретін
? Сенің қолыңнан келетін
? Адамзатқа қажет
? Саған табыс әкелетін - сала болуы тиіс✅

Есіңде болсын ата - ана саған бағыт бағдар беруші жанашыр ғана. Ал өзіңе не керек екенін сен ғана білесің. Өміріңді өз қолыңа алда алғашқы таңдауыңды жаса?


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу