Жүсіп пайғамбардың түс жоруы


 

Құдықта, яғни зынданда жатқанда екі адам түс көріпті. Бірі айтты:

—Бір түс көрдім, ұмытып қалдым,—дейді.

Биқауыл деген адам еді. Жүсіп пайғамбар ұмытқан түсті һәм білер еді. Сонда Жүсіп пайғамбар айтты:

—Биқауыл, мен білермін де деді. Сен түсіңде көрдің, алды- ңа бір себет жүзім келді. Сол жүзімді адамдарға үлестіріп бер- дің,—деді. Әлгі Биқауыл:

—Осы түсім рас,—деді,—Енді бұл түсім қандай болады?— деді. Жүсіп пайғамбар айтты:

—Түсіңде көрген жүзім нығмет, уа сен нығметті адамдарға үлестіріп берсең, сен мәртебелі боласың, тұһмат істен құтылып, сөзің расқа шығып, бұрынғы уәзірлік орынға отырасың,—деді. Және бірі Сақы деген:

—Ай, тақсыр, мен бір түс көрдім, басымда бір себет нан қойып жүр екенмін. Әлгі нанды аспандағы қарға бір нан, бір нан алып кетті,—деді. Бұл Сақы жалған түс айтып еді. Жүсіп пайғамбар:

—Мен сенің түсіңді айтпаймын,—деді.

—Ай, тақсыр, айт,—деді, Жүсіп пайғамбар айтты:

—Сенің түсіңді айтсам, сен патшаның алдына бара тұһмат жалған ісің әшкере болып, дарға асыларсың, миыңды қарғалар ойып жейді,—деді.


 

—Ай, тақсыр, жалған айттым түсті,—деді.

—Жалған айтсаң да, осы болады.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу