Бекет атаның түс жоруы
Бекет Атаның әулиелігі қалың елге кеңінен жайылған кез болса керек. Маңғыстауға аты танылып үлгірген дом- бырашы сері жігіт ел аралап жүріп, жұмаға қараған күні түс көреді. Түсінде астындағы аты омақаса құлап мертігіп, домбырасы ортасынан омырылып, өзі белінен шойырылып жүре алмай қалғанын сол ауылдағы көпті көрген қарияға жорытады да, ақсақал тұшымды ештеңе айтпаған соң, жос- парлап қойған жолынан бас тартпай, кете береді. Жолда дәл түсіндегідей атының аяғы інге кіріп кетіп, омақаса құлайды,
өзі омыртқасын зақымдап жүруден қалады. Баласының азап шегіп жатқанын көрген әкесі арнайы ат арытып келіп, Бекет Атаға баласының жағдайын баян қылады. Бекет Ата жігіттің жұмаға қараған күнге түс көргенін, сол түсті жорытқаннан болғанын айтып, келе алмай үйінде қалған жігітке сыртынан бірнеше айға шарттап, ем жасайды. Атаның емі қонып, дом- бырашы жігіт жазылып, бұрынғыша серілігін жалғастырған екен.
* * *
Маңғыстауды мекен еткен арабша да, орысша да сауатты, байлығы басынан асатын Сарыбай атты жігіт ағасы Бекет Ата- ға барып, сәлемдесіп, оның батасын алмаққа ниеттенеді. Бірақ пендешілікпен әне шығам, міне шығам деп жүріп, екі-үш жыл- ды өткізіп алады.
Сондай күндердің бірінде құдасының аулында жатып, тү- сінде айдалада қонып отырған алып құсты көреді. Қандай ға- ламат екенін білмекке атын сол жерде қалдырып, жақында- ған сайын құс үлкейе береді. Ақыры киіз үйдің көлеміндей болғанда қанатының астыңғы жағынан есік ашылып, оқалы көк түсті киім киген әдемі қыз төмен қарай баспалдақ түсіріп, ішке шақырады. Сарыбай ішке кіріп, айналасына қараса, аппақ отырғышта жайғасқан сақалды адамдарды көреді. Қыз меңзеген қатардан орын алып, терезеден қараса, бұлттың ара- сында ұшып келеді екен. Қанша мезгіл өткені белгісіз, Сары- байды діттеген жеріне әкеліп түсірген алып құс қанатынан дау- ыл тұрғызып, қайтадан ұшып кетеді…
Сарыбай түсін бір балгер кемпірге жорытқан екен, ол:
—Құспен ұшқан жақсы, бірақ сенің түсіңе енген құс тіптен басқа екен. Жоруға тым қиын соғып отыр, дұрысы Бекет Ата- ға тез жеткенің. Кешіксең, бір бәлеге ұшырап қалуың ғажап емес,—деген соң жұмаға қарсы жолға шығады. Келсе Бекет Ата жолаушылап кеткен екен, Атаны күтіп жатып, Сарыбай түсінде басын қар шалған таудың үстімен әлгі алып құспен та- ғы да ұшады.
Сарыбай Ата келген соң көрген түсін тағы айтады. Ата сәл ойланып отырады да, түстің жоруын келесі күнге қалдырады. Ертесінде таңғы ас үстінде:
—Сарыбай інім, менің болжамым алдамаса, күндердің кү- нінде Құдайдың қолдауымен өте ақылды адамдар өзің көрген алып құсты жасап шығарып, қалаған жағына ұшып барып ке- летін болады,—дегенде сенер-сенбесін білмей Сарыбай аң-таң болады.
Қаншалықты шындық бар екенін бір Алланың өзі біледі, әңгімені айтушылар мұндай жайды анықтау үшін ауылдас- тары Атаға жүгінгенін айтады. Ата оларға жұма күнгі таңда көрген түстің көпшілігі дәл келетінін, сондықтан шама келгенше жорытпаған дұрыс екенін, жорытса түс жоруға қабілеті бар адамға ғана айтуға болатынын айтыпты. Осы- ны жадында сақтаған кейбіреулердің жұма күнгі көрген түсін жорытпайтыны, ешкімге айтпайтыны осы күнге дейін кездесіп қалады.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Бекет ата, түс жору