Баарин тайпасынан Хорчи Усун қарияның түсі
Хорчи келіп бүй дейді:
—Біз Бондончар богданың әкелген әйелінен туғандықтан, Жамұқамен кіндіктес әрі үндес, тілдес адамбыз. Сондықтан да Жамұқадан іргені аулақ сала алмаймыз. Бірақ құдіретті Тәңір келіп, маған аян берді: «Қырдың қызыл сиыры келіп, Жамұқаны сәл айналсоқтап жүрді де, үйімен қоса сүзгіледі. Сөйтіп бір мүйізін опырып алып, сыңар мүйізді боп қалған соң, «мүйізімді бер» деп, Жамұқаға қарай мөңіреп тарпы- ланды. Тағы мұқыр кер сиыр үлкен үйдің арбасына жегілген екен деймін. Ол Темүжіннің соңынан үлкен арбасын сүйрете ұмтылып:
Тілге көнсе жер мен көк, Темүжінді ел иесі болдырғай,
Тасып бара жатырмын,—деп мөңіреді. Жасаған Тәңір менің көзіме осылай көрсетті. Егер, Темүжін, сен менің алдын ала болжап айтқанымдай, ел қожайыны болсаң, маған қандай жақсылық істер едің?—дейді. Сонда Темүжін: «Шы- нында мен мұқым елді билесем, сізді түменнің нояны болдырар едім»,—дейді.
Хорчи Усун қарияның түсі кейіннен оның өңінде шындыққа айналды.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Баарин тайпасы, Хорчи Усун, қария, түс жору