К ден басталатын жаңылтпаштар
К ден басталатын жаңылтпаштар
Кәпңаз — «қап» тауы ма?«Қап» тауы - Кәпқаз емес. Ойдан орғытып біреудің тапқаны ма?!
Кендірден кенеп шығар,
Кенептен елек шығар.
Електен кебек шығар,
Кебек те керек шығар.
Көбелек бедеде,
Бөдене көдеде,
Беде не? Көде не?
Бедені беде де,
Көдені көде де!
Көк аспанда жұлдыз бар,
Мөлдір суда құндыз бар.
Жұлдыз түнде жылтырар,
Құндыз түнде жылтырар.
Көше бүгін көктайғақ!
Көктайғақта тоқтай қап,
Көкбай бала
Көктайғақты боқтайды - ақ!
Көпбай көк атын айдап келеді,
Көк ат шөбін шайнап келеді.
Көк ат көк өзеннің бойын бойлап келеді
Көпбай көк атын ойына ап келеді.
Көп - көп көк жеп,
Келді көжек
Көпті көп,
Азды аз дейміз.
Қысты қыс,
Жазды жаз дейміз.
Күлегеш
Тілеулес
Бұл емес!
Кіл егес
Шығарғыш
Бұл — Елеш.
Күн күнді көктен.
Күткенбіз көптен.
Көкүйек көктем,
Келіпті көшіп
Көгал, көлшімекпен.
Күш, күш, күшігім,
Қарда жатсаң үсідің.
Кір, кір, үйге, күшігім,
Ки көкемнің ішігін!
Кінә бар,
Күнә бар,
Күмән бар.
Кінә не,
Күнә не?
Күмән не?
Кінәні артады,
Күнәге батады.
Күмән боп жатады.
Кінәлі, күнәлі,
Күнәлі күмәнді,
Күмәнді кінәлі.
Кітапты
Қанапия мен Құныпия,
Аса құпия
Ара - тұра, шала - пұла оқыды.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру