Келінге өсиет
Отбасының ұйытқысы,
Қайын атаң мен қайын енең.
Сыйлап жүрсең оларды,
Кем болмайсың ешкімнен.
Қайын енеңді күт келін,
Бағады ол балаңды.
Енеңнің күші өлшеусіз,
Демеушің ғой табанды.
Қайраты кетсе бойынан,
Түртпектей берме панаңды.
Мендетеді кәрілік,
Қайтсе-дағы адамды.
Тату бол кайын анаңмен,
Ойлан, қара санаңмен.
Жасы ұлғайған кіріңді,
Сыйла барлық балаңмен.
Қайын атаң мен енеңді,
Болма келін сөгетін.
Еңкейіп кетті демесе,
Жәрдемі бар беретін.
Шақырма ашу қарттарға,
Өзің де сондай боласың.
Ойла келін артыңды,
Сөз ұғатын баласың,
Сіздерге бұл өсиет,
Қожаберген бабаңнан.
Өнеге алма тірлікте,
Шайпау менен наданнан.
Қожаберген жырау
Қажетті сілтемелер:
- Келін түскенде бата беру
- Келінге айтылатын бата
- Келініме туған күнге тілектер, құттықтаулар
- Келінге арналған тағыда тілектер
- Тойда бата беру, үйлену той батасы
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: келін, бата, өсиет, жас келін