Цитоплазма органоидтары: пластидтер, митохондриялар, олардың жасушадағы атқаратын қызметі


Химия-биология апталығы: «Жаратылыс ғажайыптары – ғылымдар әлемінде»

    Ашық сабақ тақырыбы: Цитоплазма органоидтері: пластидтер, митохондриялар, олардың жасушадағы атқаратын қызметі

 Пәні: Биология

Пән мұғалімі: Оспанова Ұ

Сыныбы: 10 «А»

2018/2019 оқу жылы


 

Күні: 18.Х.2018 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Ұ.Оспанова

Сынып: 10 «А»

Қатысқандар саны: 12

Қатыспағандар саны:0

Сабақ тақырыбы

Цитоплазма органоидтары: пластидтер, митохондриялар, олардың жасушадағы атқаратын қызметі

Осы сабақта  қол жеткізілетін  оқу  мақсаттары

Цитоплазма органоидтері: пластидтер мен митохондрияның жасуша тіршілігіндегі атқаратын қызметін білу

 

Сабақ  мақсаттары

Барлық оқушылар Пластидтің түрлерін, олардың атқаратын қызметіндегі айырмашылықтарын біледі;

Митохондрия-жасушаның энергия сақтайтын органоиды екенін біледі.

Көпшілік оқушылар: Митохондрия мен пластидтің құрылысын, зерттелу тарихын біледі;

Кейбір оқушылар:АТФ – барлық тірі организмдердің митохондриясында синтезделетін тіршілік үшін маңызы зор энергия көзі екендігін біледі;

Бағалау  критерийлері

1.Митохондрия мен пластидтің атқаратын қызметін түсіндіре алады;

2.Олардың құрылысын, химиялық құрамын анықтай алады;

3. Білімді қосымша ақпараттармен толықтыра алады;

Тілдік  мақсаттар

 

 Митохондрия мен пластидтің қос мембраналы органоид екенін, митохондрия-энергетикалық станция, пластидтердің органикалық заттарды синтездеуде, әр түрлі түс беруде, қоректік заттарды жинақтаудағы ролін білу (оқылым дағдылары);

- Қосымша ақпараттарды  қолдана отырып, анықтамалар, ережелерді жазу  (жазылым дағдылары)

- Сабақтың негізгі идеясын түсіндіре білу (айтылым)

Пәнге тән лексика мен терминология:

Митохондрия, саркосома, биобласт, ДНҚ, РНҚ, рибосома, АТФ, хлоропластар, хромопластар, лейкопластар

Диалог жүру үшін қолданылатын сұрақ түрлері:

Түрткі сұрақтар, сынақтан өткізу сұрақтары, қайта бағыттау сұрақтары, жетелеу және жетекші сұрақтар

 

Құндылықтарды  дарыту

 

 

Ынтымақтастық:

Мұғалім  сыныпта  жағымды   психологиялық атмосфера орнатады;

Оқушылар   мұғаліммен   бірге  сабақтың  тақырыбын, мақсатын анықтайды;

Академиялық  әділдік:

Оқушылар мұғаліммен  бір бағалау  критерийлерін  қалыптастырады;

Оқушылар  сабақ  барысында  өзара  тең  дәрежеде  әрекеттеседі;

Ашықтық:

Оқушылар  бір-бірін бағалағанда, жұмыс барысында өз ойларын еркін білдіреді, өзара пікір алмасады;

Мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы арасында диалог жүреді;

Өмір бойыоқу:

Алған білімін өмірде қолдана алады;

Сабақта оқушылармен  керібайланыс  орнатылады;

Сыйластық:

Топтың алтын ережесін  сақтайды, бір-бірінің  пікірін  құрметтейді;

Пәнаралық  байланыстар

Қазақ тілі, химиия

АКТ қолдану дағдылары

 Осы сабақта  оқушылар  ғаламтор  желісімен, компьютермен, интербелсенді  тақтамен  жұмыс  жасайды

Бастапқы білім

 

Оқушылар жасушаның ашылу тархын, жасуша теориясының негізгі қағидаларын біледі. Жасуша органоидтері: жасуша мембранасы, цитоплазма ЭПТ, лизосома, гольджи жиынтығының құрылысын, атқаратын қызметін біледі

Сабақ  барысы

Сабақтың  жоспар-ланған  кезеңдері

Сабақтағы  жоспарланған  іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин 

1.Ұйымдастыру:

2. «Мозаика» әдісі арқылы топтасады

 

Сабақтың ортасы

3 мин

 

 

 

 

Миға шабуыл:

Жетелеу сұрақтары арқылы жаңа тақырыпты айқындау:

-Жасушаға қандай тіршілік әрекеттері тән?

-Осы тіршілік әрекеттеріне тән энергияны қайдан алады?

-Ал, энергия қайдан бөлінеді?                

-Органикалық заттар қалай синтезделеді?

-Осы тіршілік әрекеттерінің жүруі цитоплазмадағы қандай органоидтарға байланысты екен?

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

 

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны ашу, топтық тапсырма

І топ: Митохондрия органоидының зерттелу тарихын, құрылысын, атқаратын қызметін оқып, постерге түсіру, АТФ молекуласын модельдеу және түсіндіру;

ІІ топ: Пластид органоидының құрылысы, түрлері және олардың атқаратын қызметін постерге түсіру, фотосинтез процесін модельдеу

«Галерея» әдісі арқылы топтар бір-бірімен ақпарат алмасады

 

Өзара бағалау

І топты бағалау критерийі:

1.Митохондрия органоидының зерттелу тарихын түсіндіре алды;

2.Митохондрияның құрылысын талдай алды;

3.Атқаратын қызметін түсіндіріп, АТФ молекуласын модельдей алды.

 

ІІ топты бағалау критерийі:

1.Пластидтің тек қана өсімдік жасушасына тән органоид екенін түсіндіре алды;

2.Пластид түрлерінің бір-бірінен айырмашылығына нақты дәлелдемелер келтіре алды;

3.Хлоропластың хлорофиль дәндерінде жүретін фотосинтез процесін сипаттап, модельдей алды

 

Әр топ өз жұмыстарын ортаға салып, талқылайды. Қалған топтар бағалау критерийлері бойынша бағалайды.

Митохондрия, пластид, ғалымдардың суреттері, химиялық формулалар жазылған қағаз қиындыларын тарату.

Плакат, маркер, клей үлестіру

Сабақтың соңы

 

5 мин

«Эстафета»  әдісі арқылы кілт сөздерді пайдаланып,  мәтін  құрастырып жаңа сабақты

пысықтау

 

 

Нөмірленген жауап карталарын тарату

Әр жеке оқушыны және барлық оқушының жаңа сабақ бойынша алған білімін саралау

 

 

5 мин

 

 

Рефлексия:«Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ: Не ұнады?

Сұқ саусақ: Не білдіңіз?

Ортан терек: Нені білгіңіз келеді?

Шылдыр шүмек: Сіз үшін жаңалық болды?

Кішкентай бөбек: Ұсынысыңыз?

 

 

 

 

  

І топты бағалау критерийі:

1.Митохондрия органоидының зерттелу тарихын түсіндіре алды;

2.Митохондрияның құрылысын талдай алды;

3.Атқаратын қызметін түсіндіріп, АТФ молекуласын модельдей алды.

 

ІІ топты бағалау критерийі:

1.Пластидтің тек қана өсімдік жасушасына тән органоид екенін түсіндіре алды;

2.Пластид түрлерінің бір-бірінен айырмашылығына нақты дәлелдемелер келтіре алды;

3.Хлоропластың хлорофиль дәндерінде жүретін фотосинтез процесін сипаттап, модельдей алды


 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу