Дамытушы ойындарды өткізудегі әдістемелік ұсыныстар
Дамытушы ойындарды өткізудегі әдістемелік ұсыныстар.
Ойынды қызықты да тартымды өткізу үшін бірнеше қағидалар ойын барысында ескерілуі керек.
1. Бала жетістігіне қуана біліңіз, бірақ асыра мақтамаңыз!
Баланың қызығушылығымен ойналған ойынның ғана өз жетістігі болады. Сол сияқты шығармашылық ойындар әрдайым қызықты, көңілді өтетіндігі белгілі. Ол үшін бала қиялын дамытуға, қызығушылығын арттыруға көмектесуіміз керек. Баламен жұмыс жасағанда ересек пен бала арасында жақсы қарым - қатынас орнау керек. Бала жұмысына қуану - шаттану, мадақтау бала шығармашылығының дами түсуіне әсер етеді. Бірақ, асыра мақтау да балаға зиянын тигізетінін естен шығармауымыз керек, әсіресе үлкен ересек топтарда ескертілуі тиіс. Әр уақытта бала мүмкіндігін көрсетіп, бұдан да жақсырақ жасай алатынына сендіріп отыру керек. Сабақ соңында бала көңіліне күш беру үшін
- Бүгін сен қай жұмысты жақсы қиналмай жасадың?
- Ал қай жұмыста қиналдың?- деген сияқты сұрақ бере отырып, бала қызығушылығын артырып, алға ұмтылуға көмек береміз.
2. Бала ықтиярынсыз күштемеңіз!
Бала қызығушылығын бірсарынды ойындармен жалықтырмаңыз. Сабақ барысында бір ойынды қайталатып ойнату бала қызығушылығын жояды және жалықтырады.
3. Бала үшін жұмыс жасамаңыз, өз бетімен жұмыс жасауға бейімдеңіз!
Жаттығу кезінде ересек адамдар бала үшін жасап отырудан абай болғаны жөн. Баламен жұмыс кезінде ескерту сөздерді көп қолданбай («жоқ - жоқ!»,»Дұрыс!»,»Осылай!») бірте - бірте арылған дұрыс. Алғашқы жұмыс кезінде бұл сөздердің көмегі болары сөзсіз, баланы аша түседі, қанаттандырады, ұқыптылыққа, зейінді болуға көмегі тиеді. Бірақ жаймен бұл сөздерден бас тартқан жөн. Себебі баланың өз бетімен жұмыс жасау қабілетін жойып аламыз. Айналасына жалтақ етіп тәрбиелеу қаупі бар.
4. Қандай ойыннан бастаған жөн.
Алғашқы кезде бала үшін қиындық тудыратын ойындардан аулақ болуымыз керек. Бұндай ойындар баланы қорқытып, қызығушылығын түсіруі мүмкін. Сол себептен баланың әліне қарай жеңіл ойындар таңдағанымыз жөн. Үлкен адам баланың мінезін, жұмыс жасау қабілетін, әр баланың ерекшелігін білуі керек. Алдын ала қосымша жаттығулар дайындаған жөн. Бала қиялын дамытуға арналған курсты бастамас бұрын алдын - ала дайындалған жоспарға сүйене отырып жасаған дұрыс.
5. Баланың еркіне қарай ойнату.
Балаға бірден жаңа ойын түрлерінен нешеуін ойнатқан дұрыс? Әрине ойын түрлері өте көп, дегенмен олар бір - бірімен байланысты болуы керек. Ойынды таңдамас бұрын шығармашылық жағына мән беріп, қиялының дамуына көңіл бөлу керек. Көптеген ойынды бірден ойнату баланы жалықтырып жіберуі мүмкін. Әрине, болады. Бірақ, оның екеуі балаға таныс ойын болуы шарт. Бұл шартты қатаң ұстауымыз керек. Егер, бір сабақта бірнеше ойын ойналатын болса, ойын шарттары да әр түрлі болуы тиіс. Бұл баланы шаршау мен жалығуға апармайды.
6. Ертегі көмегімен де қиялды дамытуға болады.
Көптеген дамытушы ойындарды қолданғанда ертегі көмегімен де бала қиялын дамытуға болады. Себебі, мектепке дейінгі балаларда ертегімен салыстыру арқылы қиялдауы басым. Сондықтан, дамытушы ойындарды ертегі кейіпкерлерімен байланыстыра отырып, өткізу бала қиялының дамуына, қызығушылығының артуына, ойлау қабілетінің дамуына үлкен септігін тигізеді.
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,
«Балдырған» балабақшасы» МКҚК психологы
Калиева Айсауле Максотовна
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру