"Махаббат қызық мол жылдар" романы


Қазақтың сүйікті қаламгері Әзілхан Нұршайықов туралы және де "Махаббат қызық мол жылдар" романы туралы қысқаша ақпарат

«Махаббат қызық мол жылдар» романы

Қазақ халқы қашанда өте өнерлі халық. Оған дәлел қазақ тарихының қай ғасырын алып қарасақ та түрлі дана тұлғаларды, яғни ақындар мен жазушыларды көреміз. Мысалға, қазақ әдебиетінің інжу-маржандары Ғабит Мүсірепов, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова және бұл мақаланың басты кейіпкері Әзілхан Нұршайықов.

Әзілхан Нұршайықов 1922-2011 жылдар аралығында өмір сүрген қазақтың сүйікті қаламгерлерінің бірі. Атақты жазушы 1941-45 жылдары болған Ұлы Отан соғысының майдангері. Найман тайпасы Бура руынан шыққан Нұршайықовтың шығармалы аудандық, облыстық сонымен қатар Республикалық газеттерде басылып шығарылған-ды. Ал, енді ең атақты туындысына тоқталайық!

«Махаббат қызық мол жылдар» романы! Жазушы аталмыш романды Абай Құнанбаевтың «Қудай-ау қайда сол жылдар,

Махаббат, қызық мол жылдар.

Ақырын-ақырын шегініп,

Алыстап кетті-ау құрғырлар» деген өлең жолдарына сүйене отырып бастаған. Романның басты кейіпкеры Ербол және Меңтай.

Ербол- 4 жылға сосызған алапат соғыстан 12 мүшесі сау келген аздаған жауынгердің қатарында. Әлбетте, Ербол қайтпас қайсар рухы бар нағыз ержүрек батыр, алайда сол қайсарлықтың астында қазақтың қой аузынан жөп алмайтын момындығы жатыр.

Меңтай- әкесінен бала күнінде, ағасынан сұм соғыстың, ал, анасынан қайғы-қасіреттің кесірінен айырылған тағдыры ауыр қазақ қызы. Алайда бұл тағдыр анасының ақыл, өсиеттерін жанына тоқыған нәзік жанның адами қасиеттеріне дақ түсірген емес!

Нағыз махаббат символына айналған бұл туындыны бүгінде ұқымаған қазақ жоқ шығар.Аталмыш романның халық арасында танымалдығы сонша осыдан 2-3 жыл бұрын Қазақстан Ұлттық арнасында кітапқа негізделіп телехикая түсірілді. Сонымен қатар, «Махаббат қызық мол жылдар» романы отандық театрлардың сүйікті қойылымына айналды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу