Намаз оқу үлгісі: ер адам, еркек, ұл бала


ЕРЛЕРДІҢ НАМАЗ ОҚУ ҮЛГІСІ (сурет, текст)

Намаз оқудың дұрыс үлгісі (таң намазының парызы).

«Ниет еттім Алла разылығы үшін бүгінгі таң намазының парызын оқуға, жүзімді қараттым құбылаға».

Ниет шын жүректен айтылуы тиіс. Ниеттің тек тілмен ғана айтылып, жүрекпен бекітілмесе намаз қабыл болмайды.


Қамат парыз намаздарының алдында айтылады.

Аллаху акбар, Аллаху акбар
Аллаху акбар, Аллаху акбар 

Ашхаду алля иляха илля Ллах
Ашхаду алля иляха илля Ллах 

Ашхаду анна Мухаммадар расулю Ллах
Ашхаду анна Мухаммадар расулю Ллах 

Хаййа аля ссалях
Хаййа аля ссалях 

Хаййа аляль фалях
Хаййа аляль фалях 

Кад камати ссалях
Кад камати ссалях 

Аллаху акбар
Аллаху акбар 

Ля иляха илля Ллах

Намаз оқудың дұрыс үлгісі (таң намазының парызы)


«Ниет еттім Алла разылығы үшін бүгінгі таң намазының парызын оқуға, жүзімді қараттым құбылаға».

Ниет шын жүректен айтылуы тиіс. Ниеттің тек тілмен ғана айтылып, жүрекпен бекітілмесе намаз қабыл болмайды.

намаз оқу ер адам

1. «Аллаһу әкбәр» деп ифтитаһ тәкбірі алынады. Ифтитаһ тәкбірін алып, Аллаға құлшық ету кезінде ештеңе адамның ойын бөлмеуі керек. Ер адамдар тәкбір алғанда қолдарының іші құбылаға қарап, саусақтары жәй ғана ашық қалпында және бас бармағы құлағының жұмсақ ұшының артқы тұсына келетіндей түрде қолдарын жоғары көтереді

намаз оқып үйрену еркек


2.Тәкбір алғаннан кейін қол байлайды. Түрегеліп тұрғанда сәжде жасайтын жерге қарап тұрады. Оң қолының алақанын сол қолының үстіне қойып, оң қолының басбармақ, кішкене саусақтарымен білегін қысып ұстайды. Қолдарын кіндіктің астына ұстап, «Субханака» дұғасын айтады: «Субханака Аллаһумма уа бихамдика уә тәбәрәкә-смукә уә тәғала жәддукә уә лә иләһә ғайрук».

Мағынасы: «Я,Алла! Сен кемшілік сипаттардан пәк және ұзақсың. Сен әр уақыт мақтауға лайықсың. Сенің атың мүбарак. Сипатың өте жоғары. Мақтауға лайық. Сенен өзге Тәңір жоқ»

Содан кейін: «Әғузу биллаһи минаш-шайтанир-ражим. Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» айтылады.

Мағынасы: «Лағынеті шайтанның азғыруынан бір Өзіңе сыйынамын».

Содан кейін, Құрандағы «Фатиха» сүресі оқылады:«Әлхамду лилләһи раббил-аләмин, әр-рахмаанир-рахиим, мәәлики иәумид-дин, йиәкә нағбуду уа ийәәкә нәстаиин, иһдинас-сираатал-мустақиим, сираатал-ләзинә әнғамтә аләйһим, ғайрил-мағдууби аләйһим уәладдааал-лиин. Амин».

Мағынасы: «Барлық мақтау бүкіл әлемдердің Раббы, Рахман, Рахим және қиямет күнінің Иесі Аллаға тән. Тек Саған ғана құлщылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз. Бізді тура жолға сала көр. Нығметке бөлендіргендеріңнің жолына. Ашуға ұшырағандарың және адасқандардың жолына емес».

намаз ұл бала

 

намаз ер адамға намаз оқып


«Фатиха» сүресінен кейін қосымша тағы қысқа бір сүре оқылады. Қысқа сүрелер әр бірінші және екінші рәкатта қайталанып тұрады. «Кәусар» сүресі: «Иннәә әғтайнакәл кәусәр, фасалли лираббика уәнхар, инна шәниәкә һуәл әбтәр».

Мағынасы: «(Я,Мұхаммед), Біз саған кәусарды бердік. Сондықтан Раббың үшін намаз оқы, құрбан шал. Расында ұрпақсыз қалған, Сені жамандаған дұшпанның өзі».

3. «Аллаһу әкбар» деп рукуғқа барады. Рукуғта 3 рет«Субхана раббиял азим» (мағынасы: «Аса Үлкен Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») деп айтады. Рукуғта сәжде жасайтын жерге қарайды. Ерлер рукуғта саусақтарын ашық ұстап қолдарын, тізелерінің үстіне қойып, арқасын түп-түзу тегіс ұстайды. Тізелері мен шынтақтары да түзу болу керек.

намаз еркек жігіт оқу


4. «Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» (мағынасы: «Аллаһ Өзін мадақтаған жанның мадағын естиді») деп айтып, рукуғтан тұрады. Және тік тұрғаннан кейін «Раббәнә уә ләкәл-хамд» (мағынасы: «Ей, Раббымыз Аллаһ! Хамд мен мадақ Саған ғана лайық») дейді.

намаз оқу оку


5. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп сәждеге барады. Сәждеге жығылғанда алдымен тізелер, содан кейін қолдар және маңдай мен мұрын жерге тиеді. Сәждеде бас екі қолдың арасында болады. Сәждеде 3 рет

ер адам намаз
«Субхана раббиял ағләә» (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемістік атаулыдан пәк») деп айтады. Ерлер сәждеде шынтақтарын қабырғасынан ұзақ және білектерін жерге тигізбей ұстайды. Аяқтары саусақтарымен жерге тіреліп тік ұсталады. Саусақтарының ұштары құбылаға қараған түрде келеді. 

6. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп басын сәждеден көтеріп, тізерлеп отырады. Отырғанда қол саусақтардың ұшы тізеге тиіп, қолдар санның үстіне қойылады. Екі сәжде арасында «Субхан Аллаһ» дейтіндей бір қысқа уақыт отырады.

еркек намаз ұл

Ер адамдар сол аяғын жерге төсеп оның үстіне отырады. Оң аяғының саусақтары құбылаға қарап, аяқ тік ұсталады.

намаз оку калай оқу


7.«Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп екінші сәждеге барады. 3 қайтара «Субхана раббиял ағләә»(мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») дейді.

намаз оқып үйрену


8.«Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп екінші рәкатқа тұрып қолдары байланады. Сәждеден тұрғанда: алдымен бас, одан кейін қолдар, соңында қолдар мен тізені таянып, тік тұрады. Осымен бір рәкат орындалады.

намаз окып уйрену

 

намаз оку еркек

Екінші рәкат

Түрегеп тұрып, оң қолын сол қолының үстіне қойып,«Бисмилләһ рахманир рахим» деп айтады. Сосын «Фатиха»сүресін оқиды:

«Әлхамду лилләһи раббил-аләмин, әр-рахмаанир-рахиим, мәәлики иәумид-дин, йиәкә нағбуду уа ийәәкә нәстаиин, иһдинас-сираатал-мустақиим, сираатал-ләзинә әнғамтә аләйһим, ғайрил-мағдууби аләйһим уәладдааал-лиин. Амин».

Мағынасы: «Барлық мақтау бүкіл әлемдердің Раббы, Рахман, Рахим және қиямет күнінің Иесі Аллаға тән. Тек Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз. Бізді тура жолға сала көр. Нығметке бөлендіргендеріңнің жолына. Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес».

«Фатиха» сүресінен кейін Құрандағы қысқа бір сүре оқылады.«Ықылас» сүресі:

«Қул һуаллаһу ахад, Аллаһус-самад, ләм иәлид уә ләм иуләд, уә ләм иәкул-ләһу куфуан ахад».

Мағынасы: «Айт: Ол Алла біреу ғана. Алла самад (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Еш бір барлық Оған тең емес».

намаз окып уйрену калай окиды


2. Бірінші рәкаттағыдай «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық») деп рүкүғқа барып, 3 рет қайталап «Субхана раббиял азим» (мағынасы: «Аса Үлкен Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») деп айтады.

намаз оку ер адам

3. «Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» (мағынасы: «Аллаһ Өзін мадақтаған жанның мадағын естиді») деп айтып, рукуғтан тұрады. Және тік тұрғаннан кейін «Раббәнә уә ләкәл-хамд» (мағынасы: «Ей, Раббымыз Аллаһ! Хамд мен мадақ Саған ғана лайық») дейді.

Ер адамның бес 5 уақыт намаз оқу үлгісі (сурет, видео)


4. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп сәждеге барады. Сәждеге жығылғанда алдымен тізелер, содан кейін қолдар және маңдай мен мұрын жерге тиеді. Сәждеде бас екі қолдың арасында болады. Сәждеде 3 рет «Субхана раббиял ағләә» (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») деп айтады. Ерлер сәждеде шынтақтарын қабырғасынан ұзақ және білектерін жерге тигізбей ұстайды. Аяқтары саусақтарымен жерге тіреліп тік ұсталады. Саусақтарының ұштары құбылаға қараған түрде келеді. 

намаз оку намаз оқу үлгі


5. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп басын сәждеден көтеріп, тізерлеп отырады. Отырғанда қол саусақтардың ұшы тізеге тиіп, қолдар санның үстіне қойылады. Екі сәжде арасында «Субхан Аллаһ» дейтіндей бір қысқа уақыт отырылады.

намаз


Ер адамдар сол аяғын жерге төсеп оның үстіне отырады. Оң аяғының саусақтары құбылаға қарап, аяқ тік ұсталады.

намаз


6. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп екінші сәждеге барады. 3 қайтара «Субхана раббиял ағләә» (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемістік атаулыдан пәк») дейді.

намаз оку


7. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық») деп сәждеден басын көтеріліп тізерлеп отырады. Отырғанда саусақтарының ұшы тізеге тиіп, қолдары санның үстіне қойылады. Отырғанда «Әт-тәхият» дұғасын айтады: «Әт-тәхияту лилләһи уас-салауату уа-таййбәәт, әс-сәләәму аләйка әйюһән-нәбию уә рахматуллааһи уә бәракәтуһ, әс-сәләму аләйнә уа алә ибәдилләһис-саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә иллАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу уә расуулуһ».

Мағынасы: «Тілмен, денемен және мал-мүлікпен орындалатын ғибадаттардың бәрі Аллаға ғана тән. Я Жоғарғы мәртебелі Пайғамбар! Алланың сәлемі, рахметі және берекеті саған болсын! Сәлем және сәлеметтік бізге және Алланың игі құлдарына болсын. Шаһадат айтамын, Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ екеніне. Және де шаһадат айтамын Мұхаммед (ғ.с.) Алланың құлы әрі елшісі».

еркектер намаз


Содан кейін «Аллаһумма салли» дұғасы айтылады: «Аллаһумма салли алә Мухаммәдин уа алә әәли Мухаммәд, кәмәә саллайтә алә Ибраһимә алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжиид ».

Мағынасы: «Я, Алла! Ибраһимге және ұрпақтарына рахмет еткеніңдей Мұхаммедке және Мұхаммедтің ұрпақтарына да рахмет ет. Шын мәнінде Сен аса мақтаулы, әрі жоғарысың».

Сосын «Аллаһумма барик» дұғасын айтады: « Аллаһумма бәрик алә Мухаммәдин уа алә әәли Мухаммәд, кәмәә бәәрактә алә Ибраһимә алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжиид ».

Мағынасы: «Я, Алла! Ибраһимді және ұрпақтарын мүбәрәк еткеніңдей Мұхаммедті және Мұхаммедтің ұрпақтарын да мүбарак қыл. Шын мәнінде Сен аса мақтаулы, әрі жоғарысың».

Содан кейін «Раббәнә әтинә» дұғасы айтылады: «Раббәнә әәтинә фид-дүния хасанатән, уа фил-аахирати хасанатән, уа қинәә азәбән-нәр».

Мағынасы: «Я, Алла! Бізге дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер. Және тозақ отынан сақтай көр».

намаз калай оқиды


8. Соңында бірінші оң иыққа қарап «Әс-сәләәму аләйкум уа рахматуллаһ» деп сәлем береді.

намаз оқып үйрену


9. Сосын сол иыққа қарап «Әс-сәләәму аләйкум уа рахматуллаһ» деп сәлем береді.

аумин намаз


10. Намаз аяқталған соң, екі қолды кеуде деңгейіне қойып мына дұғаларды оқиды: Әстағфируллах! Әстағфируллах! Әстағфируллах! (мағынасы: «Аллаһтан кешірім сұраймын!»). 

Содан кейін «Аллаһумма әнтәс-сәләәм уә минкәс-сәләәм тәбәәрактә иәә зәл-жәләәли уәл-икрәәм» (мағынасы:«Аллаһым! Сен - сәлемсің. Сәлем сенен. Сен күллі нұқсандық атаулыдан пәксің. Дүние мен ақырет сәлеметі мен бейбітшілігі сенің көмегіңмен ғана болады. Нағыз қасиетті - Сенсің. Ей, құдірет пен жомарт иесі Раббым»).


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Оқырман Zhanibek
    Оқырман Zhanibek 27.03.2023 09:21
    0 + 0 -
    Жақсы болды АЛЛА разы болсын!!!