М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай балаларының бейнесі


КІРІСПЕ

«Абай жолы» Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы, қазақтың тұңғыш эпопеясы. «Абай жолының» бас кейіпкері - Абай. Біз ақын өмірінің елу жылына айғақ боламыз. Абайдың адам, азамат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасыр ішіндегі қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық ойы-қыры, қия-қалтарысымен өріле суреттеледі. Абай арқылы өткен ғасырдың екінші жартысындағы және осы ғасырдың басындағы бүкіл халық тіршілігін, оның көп бұралаң тағдырын, ой-арманын, мақсат-мүддесін, күрес-тартысын түгел шарлап өтеміз. «Халық» дегенде, бұл ұғымның негізінде ұлттың әдет-ғұрпы ғана емес, ұлттық рухы жататыны сөзсіз. Демек, «Абай жолында» кешегі қазақтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы ғана емес, күллі рухы сайрап білініп тұр.

Құнанбай бала Абай 5 жаста болғанда ӘйтекеШаншар елінің басты адамы, Қаз дауысты Қазыбектің шөбересі Алшынбай ауылына құда түсіп, баласын, Алшынбайдың немересіне, Ділдәға аттастырып қояды. 

Атастыру — қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салты, қыз бен жігіт ата-аналарының өз балаларын бір-біріне үйлендіру жайында ақ ниет, жарқын үмітпен күні бұрын уәделесуі, жігіт атын қызға, қыз атын жігітке естіртуі. Егер қыздың ата-анасы ұлдың ата-анасының тілегін қабылдап, өскенде қызын беруге келіссе, қыз бен жігіт атастырылған болып саналып, алдын ала қалың мал төленген. Атастырылған жастар есейе келе міндетті түрде қосылатын болған. 

Жасы 15-ке келгенде Абай 17 жасар Ділдәмен қосылады. Алыстан қарайлайтын қол жетпес арман секілді алғашқы махаббатты Тоғжанға ғашық болған Абай бірнеше күн қатты толғанып, жапа-жалғыз ойланып жүрді. Қалыңдық деген мұнда бар. Сол сияқты айттырған күйеу Тоғжанда да бар. Қайындамай, үйленбей қалу мүмкін емес. Ата мен ананың әмірінде. Бармаймын деп айтарлық сылтауы жоқ. Бар жүрсек, бар қиялы Тоғжанмен туысып тұрса да, мынау тұсауға көбеске шара жоқ. Осындай іші бір жақта, сырты бір күйде болған, аса бір қиын, енжар күйде Абай қайнына аттанды.

Ділдәдан Абай Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Мағауия, Гүлбәдән, Райхан есімді 6 бала көреді.

Абай досы Ерболмен бірге Бекей ауылына келгенде дауысы, келбеті Тоғжанға ұқсас Шүкіманді кездестіреді. Оның атын «Әйгерімге» ауыстырып, әні сәніне, әні әніне астасқан асыл, аяулы Әйгерімді жас жігіт нақ сүйер сұлу жар қып алады. Одан Тұрағұл, Мекәйіл, Ізқайыл, Кенжеқыз атты 4 бала сүйеді.

Әменгерлікпен үйленген үшінші әйелі Еркежаннан ұрпақ қалмаған.

Абай балаларының бейнесі

Ақылбай (1861-1904) Ділдә түскен жылдың келесі көктемінде, Абайдың үлкен баласы Ақылбай туды. Алықлбайды Ұлжан өзі бауырына салып, өз баласы қып алды. Тілі шығып қалған Ақылбай Абайды көп уақыт бойы әкем екен деп білмеді. Жай анда-санда ас басында көрініп кететін көп үлкеннің бірі, бөгде таныстай көреді. Абай да оны ыстық көріп, бой тартқан емес. Өйткені, ол бала мұның жастығына зорлық еткендей боп, тіпті, ерте туады.

Күлбадан(1863-1932) Абай 18 жаста болғанда екінші баласы Күлбадан деген қыз туады. Кішкене Күлбаданды да Абай ұзақ уақыт бойы таныған жоқ. Ол да күні бойы шешелер үйінде, соларды бауырында болады. Портреті: Ділдә бейнелес, ақ сары ,мазасыз қыз. Абайды әкелікке еріксіз көндіремін дегендей боп түні бойы ұйқы бермей жылайды. Сонысының өзімен де, ол жас әкемен екі арасын бітімсіз қып қойды. «Тыныш ұйқыдан кісіні шаяндай шағып оятады» деп, Абай оны «Сары шаян» дейтін. 

«Ділдә, жарық жақсаңшы! Тыйсаңшы мынау мазасызды! Болмаса, апарып тасташы анау үйге»,- деген сөздерінде Абайдың әлі күнге дейін әкелікке көнбегенін көруге болады.

Абай Әбдірахман, Мағауия туғаннан кейін Күлбаданға да ерекше қарайтын болған. Бетінен сүйіп, еркелеткен. 

Әкімбай(1866-1874)

Әбдірахман(1869-1895) Кішкентай, ақ сарылау келген Абайдың төртінші баласы. Еркелетіп «Әбіш» деп атаған. 24 жасар Абайдың ең алғаш бейіл бере бастаған баласы осы еді. Өзінің еті де, түсі де ақшыл келген. Бет бітімі дөңгелек емес, сопақтау және жұқалаң. Қасы, көзі қиылып тұр. Бар тұлғасында нәзік келген бекзадалық бар. Сүйкімді, туысты бала. Мұсылманша оқыды. Жидебайдағы ауылға келген бір орыс баладан орысша оқып жүрді.

Іс-әрекеті:

Абайға үй ішінің сақтап жүрген бір жаңалығын

Мағауия(1870-1904) Абай еркелетіп «Мағаш» деп атаған. Ділдәдан туған кенже ұлы. Сүйегі ұсақ, беті жұқалаң, аппақ сұр, қасы, көзі сонша сұлу қиылған, аса бір сүйкімді бала. Әкесін көптен көрмесе де жатырқамайды. Маржандай ұсақ аппақ тістерін ақситып күледі. Абайдың мөлдіреген моншақтай, соншалық таза, сондай сүйкімді, ең ыстық, ең сүйікті баласы. 

Өсе келе зейінді, ықыласты, ауылдың барлық үлкеніне сүйікті көрінетін қырлы мұрын шәкірт болды. 

Іс-әрекеті:

Әкесінің бетін оң қолымен аймалай беріп, құлдырай жабысып, қулана күліп: 

-Аға, сен мені Мағаш деймісің?..Бәлі, ұмытып қапсың ғой. Мен Мағаш емес, Әбішпін ғой!-деді. 

Мағашқа жаңағы сөзді үйреткен өзі. 

Баймағамбеттің әңгімесіне қатты ден қойып тыңдап отыр.

Байқошқарға әкесі келгенде Әбіш, Ақылбай, Күлбадан төртеулері қуанып, өз ауылынан айқайлап жүгірген. Абайдың тізесіне отырып, мойнынан құшақтап, сағына жабысып, даурыға күлісіп, шексіз қуанышпен қарсы алысты. 


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу