Коронавирустан қорғану
ДДСҰ мен дәрігерлердің COVID-19 коронавирусынан қорғану жөніндегі кеңестері:
Қолды жиі жуу
Қолды кем дегенде 20 секунд сабынмен жуыңыз. Сабын мен су болмаған жағдайда антисептик қолданыңыз.Әсіресе сырттан үйге немесе жұмыс орнына келгенде міндетті түрде бірінші кезекте қолды жуыңыз. Егер қолға вирус іліккен жағдайда оны сабынмен жуу арқылы немесе антисептик арқылы оны залалсыздандырған боламыз.
Жөтелгенде, түшкіргенде ауызды жабу
Жөтелгенде немесе түшкіргенде бір реттік қағаз сүрткімен ауыз бен мұрынды жабыңыз, сүрткі болмаған жағдайда қолдың шынтақ бөлігі арқылы жабыңыз. Сүрткіні дереу қоқыс контейнеріне тастаңыз.Жөтелгенде немесе түшкіргенде ауызды жабу арқылы вирустар мен өзге де микроағзалардың ауаға таралымының алдын алған боламыз. Егер ашық алақанмен жабылса, микробтар сіздің қолыңызға, сосын қолыңыз арқылы өзге заттарға немесе адамдарға өтуі мүмкін.
Көз, мұрын және ауызды қолмен ұстамау
Жуылмаған қолмен көз, мұрын, ауызды ұстамаған жөн. Қолмен көп нәрселерді ұстаймыз, оның кейбірінде вирус болуы да мүмкін. Вирус іліккен қолмен көзді, мұрынды немесе ауызды ұстау арқылы вирустың ағзаға өтуіне жағдай жасаған боламыз.Қоғамдық жерлерден ұзақ болу және маска тағу
Мүмкіндігінше қоғамдық орындардан, адамдар көп шоғарланған жерлерден ұзақ тұрған жөн. Сыртқа шыққанда медициналық маска тағып шығыңыз.Физикалық контакттан шектелу
Вирустық жағдайға байланысты мүмкіндігінше қол алысып амандасудан, бет сүю, құшақтасудан тыйылған жөн. Яғни ауызша сәлемдесумен шектелген абзал. Өйткені вирустар қолмен беріледі.Қоғамдық жерлерде ара қашықтық сақтау
Қоғамдық жерлерде адамдармен кем дегенде 1 метрлік қашықтықты сақтаған жөн. Егер жаныңдағы адам дертке шалдыққан болса, түшкіргенде немесе жөтелгенде айналасына ауа-тамшылы жолмен вирус тарауы ықтимал.Бұйымдарды антисептиктермен сүрту
Қоғамдық орында қолданылған әмиян, телефон, сөмке сыңда заттарды үйге кіргенде міндетті түрде антисептикалық майлықтармен сүртіңіз. Сыртта да, үйде де ең көп қолданылатын құрал ұялы телефон болғандықтан, үйге кіргенде әсіресе телефонды сүртіп залалсыздандыруды ұмытпаңыз.Салауатты өмір салтын ұстану
Салауатты өмір салты ағзаның инфекцияға қарсы төзімділігін арттырады. Салауатты қоректенуге, ақуыз, дәрумендер мен минералдарға қанық азықтарды тұтынуға және физикалық тұрғыда белсенді болуға тырысыңыз.Коронавирустық инфекцияның белгілері: тыныс тарылуы, демігу, жөтел, тамақ ауруы, дене қызуының көтерілуі (38 градус және одан жоғары). Егер өзіңізде осы белгілерді байқасаңыз үйде болыңыз және 103 немесе 1406 номерлеріне хабарласыңыз.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру