Рамазан айы. Ораза. Тәһәжжүд намазы, сәре уақыты және сәре тағамы
Жауап: Сәре уақыты шариғи түннің, яғни күн батуынан имсак уақытына дейінгі уақыт аралығының, соңғы алтыдан бір бөлігі. Бұл уақыт жаз бен қыста көбейіп азаяды. Тәһәжжүд намазының уақыты болса, түннің соңғы үштен бір бөлігі.
Түннің жарымынан кейінгі оқылған тәһәжжүд намазы, күндіз оқылған мың рәкаттан да құнды болады. Музәммил сүресінің екінші аятында «Түннің жарымында түнгі намазды оқы!» делінген. (Ислам ахлақы)
Тәһәжжүд намазын түннің жарымынан кейін оқуға болатыны.....