Поиск по сайту

По Вашему запросу найдено 8 ответов (Результаты запроса 1 - 8) :

Жайлау әуендері (Музыка, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақ тақырыбы: Жайлау әуендері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2.1.1.1 түрлі мәдениет пен жанрдағы қарапайым музыкалық материалдарды, ырғақ пен екпінін сақтай отырып жатқа ойнап ән айту
2.1.2.1 ұжымдық музыкалық орындауға әрбір орындаушының жеке үлесін ескере отырып, басқа қатысушылардың орындауының маңыздылығын түсінуді көрсету
2.4.1.1 өз жұмысын жақсарту мақсатында пікір айту және ұсыныстар енгізу
Сабақ мақсаттары:
• домбырауда орындаудың шертпе стилімен танысады;
• табиғат суреттемесін музыка арқылы қомпозитордың қалай жеткізгенін түсінеді;
• жайлау музыкасын музыкалық шулы аспаптар арқылы шығарады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

25 Мамыр - Соңғы қоңырау (Бастауышпен қоштасу)

Сценарий тақырыбы: Бастауышпен қоштасу
Сценарий мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Тәттімбет Қазанғапұлы

Өнерде өзіндік қолтаңбасымен жарқырай көрініп, ол қолтаңбасы ұлттың рухани әлеміне құнарлы арна болып қосылған тұлғалар қай елде де, қай заманда да некен-саяқ.
Тәттімбет ұлттық музыка өнері аспанында жарық жұлдыздай жарқырап өткен сегіз қырлы, бір сырлы талантымен, өнерпаздығымен танылған суреткер – күйші-композитор.
Ол күй құдіретін, домбыра сырын ерекше сезіне біліп, жанымен сүйсінген, күй жанрының табиғи болмысын шынайы ұққан өнер адамы екендігін байқатады. Өйткені Тәттімбеттің күйлері ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, халықтың классикалық музыка қорына жатады.
Қазанғапұлы Тәттімбет-қазақ халқының аспапты музыкасында қоңыр күйлердің дәстүрлерін қалыптастырып, тұтас бір мектептің орнығуына мұрындық болған ұлы күйші.
Ол ән мен күйдің жылжыған жорғасы мен жүйріктері Жанақ, Шөже, Кемпірбай, Біржан сал, Жаяу Мұса, Жанай, Орынбай сияқты әнші-ақындармен, Тоқа, Ықылас, Итаяқ, Шашақ сияқты күйшілерімен, Құнанбай, Алшынбай, Ерден, Шыңғыс, Шорманның Мұсасы сияқты ел басыларымен қадірлес - сыйлас болған.
Қазанғапұлы Тәттімбет 1815 жылы Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданына қарасты Дастар тауының етегінде туған. Бұл жер қазіргі Абай атындағы совхоздың №4 Мыржық бөлімшесіне қарасты Қызылжал деп аталатын қыстау. Қызылжал қыстауын Мөшеке деп те атайды. Мөшеке Тәттімбеттің үлкен әкесі. Тәттімбет небары 45 жас ғұмыр кешіп, 1860 жылы дүние салды. Қазанғапұлы Тәттімбеттің шыққан тегі Орта жүз, Арғын, оның ішінде Мейрамнан тарайды. Шежіре бойынша Мейрамнан Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Шұбартпалы, Қаракесек (Болатқожа) деген аталар өрбіген. Осылардың ішінде Тәттімбет Қаракесегі болып келеді. Тәттімбеттің мінезі байсалды, жеңіл-желпі сөзге көтеріле қоймайтын салмақты кісі болса керек. Мұндай адам бойындағы адамгершілік қасиетті оның көптеген күйлерінен де аңғаруға болады. Себебі, жаны сергек, пейілі адал, халық мүддесі десеішкен асын жерге қоятын, аса әділеткер, адамгершілігі мол болғанын көз көрген қарт-қариялар да әңгімелеп айтып отырады екен. ....
Рефераттар
Толық

Тілендіұлы Нұрғиса

Тілендіұлы Нұрғиса (1925-1998) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Туып өскен жері - Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырқ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі. Москваның П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н.П. Аносовың класы бойынша) бітірді. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (1953-1961), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды. Сондай ақ, 1968 жылдың «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО ның халық әртісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н.Тілендіұлына 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам муызкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет т.б. Сүйікті шығармаларынан «Достық жолымен» (1958), «Менің Қазақстаным» контатасын (1959), Қ.Қожамяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961), «Ата толғауы» және оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962), «Халық қуанышы» (1963), «Қайрат» (1964), «Жеңіс солдаты» (1975) сияқты увертюраларын атауға болады. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасын айналған. Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған. ....
Рефераттар
Толық

Ғабиден Мұстафин (1902 - 1984)

Қазақ әдебиетінің классик жазушысы, көркем сөздің хас шебері атанған Ғабиден Мұстафин 1902 жылы 29 қарашада Қарағанды облысындағы осы күнгі Теміртау қаласына жақын Жауыртау – Нұра өзені бойындағы Сартөбе деген ауылында кедей отбасында туған. Болашақ жазушының әкесі мал бағумен айналысқан, сондықтан да оның балалық шағы қарасаң, көз жетпейтін кең далада, Сарыжайлауда өтті. Ол бұл кездерде әкесіне көмектесіп, мал бағумен қатар, ауыл модасынан арапша сауатын да ашты. Ал орыс тіліне оны сол кезде Спасск мыс балқыту заутында табельші болып жұмыс істейтін Жүсіп Мауқымов деген азамат үйретті, үлкен қамқорлық жасады. Соған орай Ғабиден осы зауыт жанындағы орысша-қазақ екі жылдық мектепті бітіріп шықты. Бұдан әрі оқуға мүмкіндігі болмай, туған ауылына.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қазанғапұлы Тәтімбет (1815 - 1860)

Адам баласының тағдыры әрқалай. Табиғат берген өнер бойына қанша күш-қуат құйса да, Сегіз серінің, Құрманғазының, Біржан салдың, Ақан серінің, Жаяу Мұсаның өмірлерінің оншама бақытты болмағанын білеміз. Олар өз ортасына сыймай, азуларымен, қиянатшыл адамдармен алысып өтті. Ал қазақ халқының күй өнерінде айрықша орын алатын Дәулеткерей мен Тәттімбет тағдыры мүлде бөлек. Екеуі де ауқатты отбасында тәрбиленген, ешкімнен.......
Рефераттар
Толық

Қалқаман Сарин (Күй)

Күйге толы дүние-ай, дүбірлеген,
«Қайран шешем», «Кішкентай» күнім деген.
«Көбік шашқан», «Сары өзен» жағасында,
«Ерке сылқым», «Айжан қыз» күлімдеген.

«Дайрабай», «Байжұманың» өзін көрдім.
«Адаймын», «Жекпе-жекке» төзімді ермін.
Толғанып «Төремұрат»....
Өлеңдер
Толық