Құстарға бақылау


Құстарға бақылау № 1
Мақсаты: Балаларға құстар туралы білімдерін бекіту. Құстардың дене пішіндерін айта білуге үйрету. Құстарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Құстарға қамқор бола білуге баулу.
Көркем сөз
Құстар бейне жастардай
Тұра алмайды ән салмай.
Боз ала таңда боз торғай
Қоя алмайды қарсы алмай.
Мысал сұрақтар:
- Қандай құстарды білесіңдер?
- Құстарды біз қандай досымыз дейміз?
- Неге күзде кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетеді?
- Қыстап қалған құстарға қандай қамқорлық жасауымыз керек?
- Құстардың адамға пайдасы бар ма?
- Егер құстар болмаса не болады?
- Құстар қалай жуынады?

Күзгі ағаштарға бақылау. № 2
Мақсаты: Балалардың ағаш туралы білімдерін бекіту. Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Адамгершілік сезімге тәрбиелеу.
Көркем сөз
Отырғыз ағаш көктемде,
Жөн болар еңбек еткенің.
Келмесе шамаң еккенге,
Сындырма жұрттың еккенін
Мысал сұрақтар:
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Ағаштардың жапырақтарының түсі қандай?
-Неге күзді Алтын күз деп атайды?
-Неге күзде жапырақтар жерге түседі?
-Жерде жатқан жапырақтар неге ұқсайды?

Аула тазалаушының еңбегіне бақылау. № 3
Мақсаты: Балаларға аула тазалаушы еңбегі жөнінде мағлұмат беру. Үлкендер еңбегін бағалай білуге. Қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында азда болса өз үлестерін қосуға шақыру.
Көркем сөз
Қамымызды ойлайды
Тазалайды, жинайды
Құрметтейміз бәріміз
Тазалықшы ағайды
Мысал сұрақтар:
-Аула тазалаушы қандай еңбек етеді.
-Ол кісінің қолында қандай құралдар бар.
-Біз өз ауламызды, тұратын жерімізді ластауымыз керек пе?
-Үлкендер еңбегін қалай бағалауымыз керек?

Күзгі табиғатқа бақылау. № 4
Мақсаты: Балаларды табиғат құбылысымен таныстыру. Күзгі табиғат әсемдігінен ләззат ала білуге баулу. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көркем сөз
Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шатырлап
Тамшы жерге секірді
Мысал сұрақтар
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Күзде неше ай бар?
- Қазір қай ай?
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Неге алтын күз, жомарт күз, қара күз деп атайды?

Жерде жатқан жапырақтарға бақылау. № 5
Мақсаты: Балалардың жапырақтар туралы білімдерін бекіту. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын молайту. Ойлау, қиялдау қабілеттерін арттыру. Табиғат әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу.
Жұмбақ
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе сары (жапырақ)
Мысал сұрақтар
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Жерде нелер жатыр?
- Жапырақтың түсі неге ұқсайды?
- Жапырақтар неліктен көктемде шығып, күзде түседі?
- Жапырақтан не жасауға болады?

Қарға құсқа бақылау. № 6
Мақсаты: Балалардың қарға туралы білімдерін бекіту. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын молайту. Құстарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көркем сөз
Қарға, қарға, қарғалар
Қар үстінде жорғалар
Боран соқса қор болар
Бұтаға келіп қорғалар
Қысып кетсе сары аяз
Мысал сұрақтар
- Балалар сендер қандай құстарды білесіңдер?
- Қарға қандай құс?
- Оның түсі қандай?
- Ол неге жылы жаққа ұшып кетпейді?
- Қарға қайда өмір сүреді?
- Ертегі кейіпкерінде қандай рол ойнайды?

Қарға бақылау № 7
Мақсаты: Балаларға қыс көркі қар туралы білімдерін бекіту, табиғат әсемдігін сезіне білуге баулу. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көркем сөз
Бейне ақ бұлт қоныпты
Аулаға қар толыпты
Атам аңға шығатын
Нағыз сонар болыпты
Мысал сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір қай ай?
- Бұл қыстың қай кезеңіне жатады?
- Жерде нелер жатыр?
- Қардың түсі қандай?
- Қар неге ұқсайды?
- Қардан не жасаймыз?
- Жазда қар жауа ма? Неліктен

Қысқы ағаштарға бақылау № 8
Мақсаты: Балалардың ағаштар туралы білімдерін бекіту. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрістерін дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Жұмбақ
Өсіп тұрған бұл не?
Жаз болса жайнап
Саясында ән салып,
Құстар жүрген сайрап.
Салқын түссе шешіліп,
Қалады өзі жайрап. (ағаш)
Мысал сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгін ауа –райы қандай?
- Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?
- Ағаштардың бұтағынан не көріп тұрсыңдар?
- Ағаштың пайдасы бар ма?
- Ағаштан не жасайды?
- Ағаштарды орынсыз шауып тастауға бола ма?

Желге бақылау № 9
Мақсаты: Балалардың жел туралы білімдерін бекіту, табиғат құбылыстарын бақылай білуге үйрету, сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту.
Көркем сөз
Желдет, желдет.
Жетіқара дауылдат,
Өрісін құлат,
Баласын жылат,
Тай терісін қалтырат.
Науа-астауын жалтырат.
Мысал сұрақтар
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Бүгін ауа-райы қандай?
- Жел бар ма?
- Жел қай жақтан соғып тұр?
- Жылы жел ме, әлде салқын жел ме?
- Желдің пайдасы бар ма?

Аязға бақылау № 10
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін бекіту. Табиғат құбылыстарын бақылай білуге баулу. Сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көркем сөз
Шашқандай түнде күміс,
Аспан, жер екі арасы,
Сияқты бұл көрініс,
Аяздың шекарасы.
Мысал сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыстың қай айы?
- Бүгін ауа-райы қандай?
- Аяз терезелерге не салып қояды?
- Аяз екенін қайдан білдіңдер?
- Неге аяз болғанда күміс шашқандай дейді?

Мұзға бақылау № 11
Мақсаты: Балаларға мұз туралы білімдерін бекіту. Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрістерін дамыту.
Жұмбақ
Отқа жанбайды,
Суға батпайды. /мұз/
Мысал сұрақтар
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Мұз қалай пайда болады?
- Мұздың түсі қандай?
- Неге мұз отқа жанбайды?
- Ол неге суға батпайды?

Қысқы табиғатқа бақылау № 12
Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарымен таныстыру. Қысқы табиғат әсемдігінен ләззат ала білуге тәрбиелеу. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыста неше ай бар?
- Қазір қай ай?
- Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Қыста қандай ойындармен ойнайсыңдар?
- Қыста даланың түсі қандай болады?
- Қыста ауа –райы қандай болады?

Торғайға бақылау № 13
Мақсаты: Балалардың торғай туралы білімдерін бекіту. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын молайту. Құстарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көркем сөз
Торғай, торғай тоқтаған
Торғайды торғай мақтаған
Бір торғай ұшса боранда
Бәрі жабылып жоқтаған
Мысал сұрақтар
- Балалар сендер қандай құстарды білесіңдер?
- Торғай қандай құс?
- Торғайлар неге жылы жаққа ұшып кетпейді?
- Торғай адам қолынан тамақ жейді ме?
- Біз қыстап қалған құстарға қандай қамқорлық жасаймыз?

Ағып жатқан суға бақылау №14
Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарымен таныстыру. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көркем сөз
Алақай –ау, алақай
Көктем келді балақай
Құстар келіп ән салып
Жылғалардан су ақты
Мысал сұрақтар
-Балалар қазір қай жыл мезгілі?
-Көктемде неше ай бар?
-Қазір қай ай?
-Далада қандай өзгерістер болып жатыр?
-Қар еріп неге айналды?
-Жылғалардан нелер ағып жатыр?

Көктемгі табиғатқа бақылау № 15
Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарымен таныстыру. Көктемгі табиғат әсемдігінен ләззат ала білуге баулу. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көркем сөз
Жайраңдасып кәрі жас
Құстар келе бастады
Қыс киген ақ шапанды
Көктем сөгіп тастады.
Мысал сұрақтар
-Қазір қай жыл мезгілі?
-Көктемде неше ай бар?
-Қазір қай ай?
-Көктемнің хабаршысы деп қай құсты атайды?
-Көктем сендерге несімен ұнайды?

Суға бақылау № 16
Мақсаты: Балалардың су туралы білімдерін бекіту. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын, ой -өрісін дамыту.
Жұмбақ
Жылт –жылт еткен
Жылғадан өткен (су)
Мысал сұрақтар
-Балалар далада не ағып жатыр?
-Су неден пайда болады?
-Бүгін ауа –райы қандай?
-Судың түсі қандай
-Сусыз адам өмір сүре ала ма?
-Неге су тіршілік нәрі деп атайды?
-Егер су болмаса не болады?

Ұшаққа бақылау № 17
Мақсаты: Балалардың ұшақ туралы білімдерін молайту. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын, ой -өрісін дамыту.
Жұмбақ
Аспанда ұшар қалықтап
Құс қанаты секілді (ұшақ)
Мысал сұрақтар
-Аспанда не ұшады?
-Ұшақты неменеге ұқсатады?
-Балалар сендер қандай ұшақ түрлерін білесіңдер?
-Ұшақ не үшін керек?
-Ұшақ күнделікті көлік жүретін жолмен жүре ала ма?
-Ұшақты кімдер жүргізеді?


Құстың ұясына бақылау № 18
Мақсаты: Балаларға құстың ұясы тупалы мағлұмат беру. Ұяны құстар неден және қалай жасайтыны туралы мағлұмат беру. Құстарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Жұмбақ
Тал басында түндіксіз отау (ұя)
Мысал сұрақтар
-Балалар біз ағаштың басынан не көріп тұрмыз?
-Құстар ұяны не үшін жасайды?
-Қай құс ұясын балшықтан жасайды?
-Құстың ұясын бұзуға бола ма?
-Қандай құс ұя салмайды?
-Біз құстарға ұя жасауымыз керек пе?

Көктемгі еріп жатқан суға бақылау № 19
Мақсаты: Балалардың қар туралы білімдерін тиянақтау. Қоршаған ортаға деген Қамқорлық сезімін ояту.
Көркем сөз
Аппақ-аппақ қарымыз,
Кірлене олар бастады.
Күндіз-түні ол еріп
Жоғала олар бастады.
Мысал сұрақтар
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктемде неше ай бар?
-Қазір қай ай?
-Далада қандай өзгерістер болып жатыр?
-Неге көктемде қар ери бастайды?
-Қазір жерде жатқан қардың түсі қандай?

Табиғатқа бақылау № 20
Мақсаты: Балалардың айналадағы табиғатты бақылай білуге баулу. Сұрақ –жауап арқылы, ой -өрісін дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көркем сөз
Күннің көзі алтын түске боялып
Бар тіршілік кетіпті ғой оянып
Тиін өрлеп, торғай қонып ағашқа
Балалардың жетпейтіндей бойы анық
Мысал сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгін ауа –райы қандай?
- Қазір қай ай?
- Айналамызда қандай өзгерістерді көріп тұрсыңдар?

Қысқы ауаны бақылау № 21 
Мақсаты: Балаларға қыс туралы түсінік беру, қыстың өзгешелігіне, сұлулыққа сүйсінуге тәрбиелеу. Ақыл –ойын дамыту.
Қар жауып тұр, күн шығып тұр, жылы, салқын, аяз, сияқты жаңа сөздер қатарларының мазмұнын түсіндіру.
Мысал сұрақтар:
- Балалар қазір жылдың қандай маусымы?
- Оны қайдан білеміз?
- Балалар, біз қандай киім киіп жүреміз?
- Бүгін күн қандай?
- Балалар, қар қалай жауып тұр?
- Қардың ақ ұлпалары жерге қалай қонып жатыр?
Жұмбақ
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тонады (қар)
Қолы жоқ сурет салады
Тісі жоқ, тістеп алады (аяз)
Жалт –жұлт етеді
Ұстасаң еріп кетеді (қар)

Күнге бақылау № 22
Мақсаты: Күн туралы білімдерін бекіту, күннің көзінің шуағы не үшін керек екенін түсіндіру. Сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту.
Көркем сөз
Алақай, алақай
Күн шықты
Жер үстіне, нұр шықты
Мысал сұрақтар
- Күннің көзі қай мезгілде шығады?
- Күннің көзі бізге не береді?
- Күннің түсі қандай№
- Егер күннің көзі шықпаса не болады?
- Күннің көзінің адамға пайдасы бар ма?
- Күннің пішіні қандай?

Аспанға бақылау № 23
Мақсаты: Балалардың аспан туралы түсініктерін молайту. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын молайту.
Көркем сөз
Аспан, аспан арайлым
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шамалап
Мен ғарышкер боламын
Мысал сұрақтар
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Бүгін аспан қандай?
- Аспанда бұлт болса не болады?
- Аспанда қандай көлік түрлері ұшады?

Көп қабатты үйлерге бақылау № 24
Мақсаты: Балаларға көп қабатты үйлердің кімдер және неден жасайтыны туралы мағлұмат беру. Ой-өрісін дамыту.
Көркем сөз
Қалада көп биік үй
Соның бәрі біздің үй
Барады үйлер биіктеп
Төбесіне тиіп көк
Мысал сұрақтар
- Балалар біз қай қалада тұрамыз?
- Қалада қандай үйлер көп?
- Сендер тұратын үй қандай?
- Көп қабатты үйлерден басқа тағы да қандай үйлер болады?
- Үйлерді кімдер салады?
- Құрылысшылар неден үй салады?

Жаңбырға бақылау № 25
Мақсаты: Балалардың жаңбыр туралы білімдерін бекіту, сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көркем сөз
Жау, жау, жаңбыр
Жау жаңбыр
Жер көгерсін, көк өссін
Жау, жау, жаңбыр
Жау жаңбыр
Мысал сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір қай ай?
- Бүгін ауа –райы қандай?
- Далада не жауып тұр?
- Жаңбырдың қандай пайдасы бар?
- Егер жаңбыр жаумаса не болады?
- Жаңбыр қайдан жауады?

Жазғы табиғатқа бақылау № 26
Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарымен таныстыру. Жазғы табиғат әсемдігінен ләззат ала білуге баулу. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көркем сөз
Балақай, алақай
Жаз келді алақай
Жалаң аяқ жүреміз
Балақты да түреміз
Көлден балық сүземіз
Мысал сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Жазда неше ай бар?
- Қазір қай ай?
- Жазда табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Құрт –құмырсқалар не істеп жүр?
- Жаз сендерге несімен ұнайды?

Өрмекшіге бақылау № 27
Мақсаты: Балалардың өрмекші туралы білімдерін бекіту. Сұрақ –жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрімін дамыту.
Жұмбақ
Тоқыған ауы
Шыбынның жауы (өрмекші)
Мысал сұрақтар
- Балалар біз нені көріп тұрмыз?
- Өрмекші қайда жүреді?
- Ол не тоқып жүреді?
- Өрмекті не үшін тоқиды?
- Өрмекшінің адамға пайдасы бар ма?

Гүлге бақылау № 28
Мақсаты: Балалардың гүлдер туралы білімдерін бекіту. Гүлдерді ажырата білуге үйрету. Тірі табиғатқа деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.
Көркем сөз
Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір –бірден
Аналарға сыйлаймыз
Мысал сұрақтар
- Балалар алаңда не өсіп тұр?
- Сендер қандай гүлдерді білесіңдер?
- Гүлдерді жұлуға бола ма?
- Гүл неге керек?

Құмырсқаға бақылау № 29
Мақсаты: Балалардың құмырсқа туралы білімдерін кеңейту.Сұрақ қоя отырып ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Құмырсқа ерекше жәндік екенін балаларға айту.
Жұмбақ
Алға, артқа қарай жүреді
Еңбек сүйгіш
Оны бәрі біледі (құмырсқа)
Мысал сұрақтар
- Балалар жылдың қазір қай мезгілі?
- Біз нені көріп тұрмыз?
- Ол неге жүгіріп жүр?
- Құмырсқаның үйін не дейді?
- Ол илеуіне не тасып жүр?
- Ол не үшін керек?
- Құмырсқа қыста бола ма?
- Құмырсқаның илеуін бұзуға бола ма?

Көбелекке бақылау № 30
Мақсаты: Көбелек туралы білімдерін бекіту. Сөздік қорларын молайту. Тірі табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көркем сөз
Көк шалғында Төребек,
Қуып жүрді көбелек,
Қызыл-жасыл қанаты,
Қызғалдақтай керемет.
Мысал сұрақтар
- Қандай жәндіктерді білесіңдер?
- Көбелек қандай жәндік?
- Түр-түсі қандай?
- Көбелек қайда қонады?
- Көбелектің адамға пайдасы бар ма?

Мысыққа бақылау № 31
Мақсаты: Балалардың мысық туралы білімдерін бекіту. Жануарларға деген қамқорлық сезімін ояту.
Көркем сөз
Пеш қасында мысық отыр,
Екі көзін қысып отыр,
Тышқан етін жегісі келіп
Тісі оның қышып отыр.
Мысал сұрақтар
- Балалар мысық қандай жануар?
- Мысық неден қорқады?
- Мысық немен қоректенеді?
- Мысық қалай жуынады?
- Ол қандай жабайы аңға ұқсайды?

Итке бақылау № 32
Мақсаты: Балалардың ит туралы білімдерін бекіту. Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрістерін дамыту. Жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Жұмбақ
Адамға серік,
Күзетте берік. (ит)
Мысал сұрақтар
- Ит қандай жануар?
- Неге итті адамға серік дейді?
- Қандай иттерді білесіңдер?
- Иттен қандай жануар қорқады?
- Иттің адамға пайдасы бар ма?

Шыбынға бақылау № 33
Мақсаты: Балаларға шыбын туралы білім беру. Сұрақ-жауап қоя отырып сөздік қорларын молайту.
Жұмбақ
Ызыңдап ән салады,
Лас жерге қонады. (шыбын)
Мысал сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Далада не ұшып жүр?
- Шыбын қандай жәндік?
- Ол қандай жерлерге қонады?
- Шыбынның адамға пайдасы бар ма?

Араға бақылау № 34
Мақсаты: Балалардың ара туралы білімдерін бекіту. Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.
Жұмбақ
Ұшады, қонады
Гүлдерді бағады.
Түр-түсі сары-ала
Бұл не? (ара)
Мысал сұрақтар
- Далада не ұшып жүр?
- Оның түр-түсі қандай?
- Ара немен қоректенеді?
- Араның тұмсығы қандай?
- Араның адамға пайдасы бар ма?

Инелікке бақылау № 35
Мақсаты: Балалардың инелік туралы білімдерін бекіту. Жәндіктерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сөздік қорларын молайту.
Жұмбақ
Өзі төрт қанатты
Және алты аяқты.
Сонда да тік ұшақ
Моделі секілді. (инелік)
Мысал сұрақтар
- Балалар инелік қандай жәндік?
- Оның неше қанаты, неше аяғы бар?
- Инелік неге ұқсайды?
- Инелік қайда өмір сүреді?

Қоңызға бақылау № 36
Мақсаты: Балалардың қоңыз туралы білімдерін бекіту. Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрісін дамыту.
Жұмбақ
Ұшқанда өлең айтады,
Қонғанда жер қазады,
Мұны ойлап көріңіз
Шешімін кім табады? (Қоңыз)
Мысал сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қоңыз қандай жәндік?
- Олар не үшін жер қазады?
- Ұшқанда қандай өлең айтады?

Тасбақаға бақылау № 37
Мақсаты: Балалардың тасбақа туралы білімдерін бекіту. Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорларын дамыту. Тірі табиғатқа деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.
Жұмбақ
Асты тас, үсті тас
Ортасында шындыр бас. (тасбақа)
Мысал сұрақтар
- Балалар тасбақа қайда өмір сүреді?
- Ол немен қоректенеді?
- Тасбақа өз жауларынан қалай қорғанады?
- Ол суда өмір сүреді

Қарағанды қаласының
№ 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы
Сакенова Калкен Сериковна


Источник: bilimdiler.kz
Қарап көріңіз 👇
---


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу