Химия | ХХ ғасыр химиясына тән сипаттар

Периодтық заң ашылғаннан кейін де химиялық элемент туралы білімнің дамуында алуан түрлі қайшылықтар кездесті. Периодтық жүйенің сызықтық бейнесі де үздіксіз өзгеріске ұшырады. Мұның әр түрлі периодтылықты әр қырынан нақтылы көрсеткенімен, заңды тұтасынын сипаттай алмады. Периодтық жүйенің шегі туралы мәселе шешімін таппады. Элементтердің жалпы саны туралы болжам жасауға негіз табылмады. Кейде элемент қасиеті өзгеруінің атомдық массаға тәуелділігі (аргон және калий, теллур және иод, кобальт және никель) бұзылды. Атомдық массалардың бөлшек сандар түрінде кезесуі түсіндірілмеді. Пертожтық заңның физикалық мәні ашылмады. Химиялық элемент жалпы ұғым түрінде қалыптасып, оның атомымен арасындағы байланысы сараланбады.
Сонымен, ХІХ ғасырдан ХХ ғасырға өтетін кезеңінде ғалымдар алдына атом мен молекуланың табиғатта бар екенін тәжірибиеде дәлелдеу міндеті тұрды. Мұның өзі оңай шаруа емес. Ең күшті үлкейтетін микроскоп арқылы да көруге болмайтын майда бөлшектерді тікелей бақылау мүмкін емес еді. Олардың ақиқат барын жанама тәсілдермен ғана айқындауға болады. Ұсақ бөлшектердің Броун қозғалысына негізделген осындай бір тәсілін теориялық жакғынан А. Эйнштейн, франсуз ғалымы Ж. Перрен тәжірбиеде жүзеге асырды. Ж. Перрен заттың бір граммолекуласында 6х1023 бөлшек болатыны анықтады. Бұл теориялық есептелген және басқа әдістермен табылған бөлшек санына толық сәйкес келді. Молекуланың бар екенін айқындайтын осы шама Авогадро тұрақтысы атанды. В. Оствальдтың өзі молекуласы –кинетикалық теорияны мойындауға мәжбүр болды.
Ендігі жерде атомның қасиетін түсіну мәселесі күн тәртібінде қойылды. Олардың молекулаға бірігуіне қандай күш әсер етеді. Бір элементтің бірдей атомдары неліктен жақындасып молекула түзеді? Осыған ұқсас туындайтын сан алуан сауалдарды атомның бөлінбейтіні тұрғысынан түсіну мүмкін емес еді. Сондықтан атом құрлысының күрделілігі туралы жорамал пікір бірінен соң бірі туындай бастады. Ғалымдар Е. Рикке (1888), Д. Максвелл (1873), Г. Вебер (1871), Д. Стоуни (1881), Г. Гельмгольц (1881) атомдық және электрлік көзқарасты ұштастырып, валеттіліктің табиғатын және электролиз құбылысын түсіндіруге тырысты. Д. Стоуни ең қарапайым электр зарядының 0,3х10-10 абсолют элкирлік бірлікке тең екенін есептеп шығарды ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | ХХ ғасырда қазақ мәдениеті

Қазақтың ХХ ғасыр мәдениеті Абайдан басталған қазақ мадениетіндегі тың сарым ХХ ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты.Қазақ мадениеті ХХ ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық жане демократикалық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық жане реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қзақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | ХХ ғасырдың І-жартысындағы қазақ мәдениеті

Қазақтың ХХ ғасыр мәдениеті Абайдан басталған қазақ мадениетіндегі тың сарым ХХ ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты.Қазақ мадениеті ХХ ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық жане демократикалық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық жане реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қзақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді.....
Рефераттар
Толық

Педагогика | ХХІ ғасырдағы орта білім саласы ізденістер проблемелар даму көкжиектері

Жаңа адамды,болашақ қоғам адамын рухани, интелектуалдық жағынан дамыта тәрбиелеу ісі бүгінгі уақыттың күн тәртібіне айрықша қойылған мәселе.Н. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты ғылыми- теориялық еңбегінде жаңа қоғамды құрушылар қандай болуы керек, қандай азаматты тәрбиелеу керек деген мәселеге зор көңіл бөліп, оған ғылыми дәйекті жауап іздестірілген.
ХХІ ғасыр есігін ашты. Жас ұрпақ тәрбиесі жөнінде жаңа қадамдар басталды. Ұрпақ тәрбиесінде жіберілген кемшіліктер сараланды. Білім жөнінде жаңа заң қабылданды. Оқу жүйесі өзгерді. Жалпы білім беретін мектептердің басым көпшілігі тереңдетіп оқытылатын немесе орталау арнайы білім алуға даярлайтын гимназияларға, арнаулы және жеке мектептерге айналуда.
ХХІ ғасыр маманының салыстырмалы моделі мынадай болып шыққан:
- қоршаған ортаны, өмірді сақтау мақсатында оны өзгерту;
- бірнеше мүмкін шешімі болады;
- шығармашылық жаңарудың әдіснамасы мен қаруландыру;
- қызметтік іс- әрекет барысында қажетті және мүмкін ;
- ғылым мен техниканың кәсіптік қызметінің заңдылықтарын білу, олардың моральдік адамилық аспектлерін ескере отырып, тәжрибеде қолдана білу;
- ұжым мүшелерінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, «адам- адам» қатнастарын тудыра білу.
Білім беруді екі жақты құбылыс: нақты іс- әрекет және нәтиже ретінде қарастырған дұрыс, яғни мәдениеттің бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілу үрдісі мен жеке тұлғаның мәдениеті меңгеру нәтижесі ретінде. Дамыта оқытуда оқушы оқыту объектісінен субъектіге айналуы тиіс бұл үрдістің нәтижелілігі оқытушының кәсіби және мәдени құзырлылығына, ұйымдастыра білу шеберлігіне, біліктілігіне, берілетін білім мазмұнының өзектілігіне, оқыту мақсатының оқытушы ғана емес, оқушы үшін де анық, айқын, дәл болуына байланысты.
Жаңа формация мұғалімнің портреті.

Даналық білімнен нәр алады.
Даналыққа апаратын жол ұзақ әрі қиын.
Сондықтан да жастарға басты қиындықтарды көре білетін, әлеуметтік
Ақыл-ойға сәтті кіруге көмектесетін жолбасшы қажет.

Ғылымның ісі – Ғалымдағы заңдылықтарды ашып, оны сөз бен формулаларға айналдыру.
Әдіскердің міндеті – ғылымның ашқан жаңалығын білімге айналдырудың құралдарын табу.
Педагогтың міндеті- осы мақсатқа ғылымның да, әдіскердің де жетістіктерін кең көлемде қоса
отырып, оқушының біртұтас ойлау қабілетін қалыптастыру. Білім мен іскерліктің қосындысы-
педагогті өзгелерден ерекшелйтін қасиет міне осы.
Маслова Н.В Ноосферлік білім.
Біртұтас ойлау жөнінде білу үшін мұғалімнің оның не екендігін білуі керек және сол білімді сенімді таратушы болуы керек.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968)

Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик.
Ол Ақтөбе облысы Темір ауданында 1906 жылы 29 сәуірде өмірге келген.
Жасынан музыка өнеріне бейімділігін байқатып, домбыра, скрипка аспатарында ойнауды меңгереді. Жас кезінде ауылдасы Талым күйшіден, ауыл мұғалімі Қ. Ашғалиевтен, әкесі Қуаннан, ағасы Құдайбергеннен тәлім алып, музыка өнеріне ден қояды. Темірде орыс халық аспаптар әуесқойлары оркестріне жетекшілік ететін (П. Черняктан сольфеджио, скрипка, музыка теориясы бойынша) сабақ алады.
1929 жылы Ленинградтың М.И. Глинка атындағы техникумында (А.А .Этигонның скрипка класы бойынша), консерваторияда (профессор Ф.А. Ниманның гобой класы бойынша, кейіннен музыка тарихы мен теориясы факультетінде) оқыған.
1932 жылы Ленинградтағы Актер шеберлігі мектебінің аспинрантурасына түседі.
1933 жылы Алматыда ашылған музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке шақырылады.
1930 жылы Ленинградтағы «Рабочий и театр» журналында жарияланған мақаласынан бастап, өмірінің соңына дейін қазақ музыкасының тарихы мен теориясын зерттеумен айналысты. 1936 жылы «Музыка әліппесі» атты тырнақалды кітапшасы жарық көрген.
1934 жылы А. К. Жұбанов алғаш 11 адамнан құралған домбырашылар ансамблі негізінде Қазақ ұлттық халық оркестрін ұйымдастырды. Осы ұжымның тұңғыш дирижері ретінде көптеген халық композиторларының музыка туындыларын оркестрге лайықтап нотаға түсірген.
1945-1951 жылдары Алматы консерваториясының ректоры, 1954-1961 жылдары осы консерваториядағы өзі ашқан халық аспаптар кафедрасының меңгерушісі болып, қазақ халық музыкасының тарихынан, дирижерлік өнер менаспаптанудан сабақ берді.
Жұбановтың қазақ халқының ән-күй шығармаларының табиғаты мен ерекшелігі, ұлы күйшілер Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек, Тәттімбет, Қазанғап туралы монографиялық ғылыми -зерттеу еңбектері- қазақ музыкасының ғылыми тарихын жасауға қосылған қомақты үлес болды.
А. К. Жұбанов — қазақ халқының қазіргі заманғы кәсіби музыкасының негізін қалаған аға буын композиторлардың бірі. Ол халық күйлерін оркестрге лайықтап, нотаға түсірді және қазақ музыкасын күрделі аспаптық симфониялық шығармалармен байытты. Олар «Тәжік биі», «Қазақ билері», «Төлеген Тоқтаров», «Ария», «Вокальдік сюитасы», «Абай сюитасы», тағы басқалар.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Аңырақай Орбұлақ және өзге де шайқастар

Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан-ғайыр алқап- көшпенді қазақ жұртының бағзыдан бергі ірге тепкен ата қоныс, алтын бесігі. Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең даланы біздің ата-бабамыз ғасырлар бойы ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қорғап келді. Бәрінен бұрын жан- жағын жолбарыстай жайпаған Жонғар шапқыншылығы қазақ елі үшін үлкен нәубет болды. XV-XVII ғасырларда қазақ хандығы бірде өсіп- өркендеп, тұрақтылығы бекіп, берік болса, бірде бірлігі бұзылып, босаң тартқан, кейде жеке-жеке хандықтар болып ыдырап кеткен кездері болды. Көрші елдермен негізінен бейбіт қарым-қатынастар, шаруашылық және мәдени байланыстар жүргізіп отырды. Олармен кейде шағын шайқастар, шұбалаңқы соғыстар болып тұратын. Бұл жорықтар негізінен пайда табу, тонау, соның арқасында баю үшін жүргізілген тонаушылық шапқыншылықтар еді. Марқайып, мерей толтырарлық жеңістер де, көңіл күйзертерлік ащы жеңілістер де болатын. Солардың ішінде ең ауыры да, ең ұзағы да қалмақтармен соғыс еді. Орыс тарихшысы- шығыстанушы В.В. Вельяминов-Зерновтың жазуына қарағанда қазақ-ойрат қарым-қатынастары XVI ғасырдың бірінші ширегіне дейін бейбіт түрде болса керек. Осы ғасырдың 30 жылдарынан жағдай өзгеріп, күрес басталған.
XVI ғасырдың аяғында, XVII ғасырдың бас кезінде, әсіресе Есімханнның ел билеуі (1598-1628) кезінде Қазақ хандығы біршама күшті еді. Ол бытыраңқы ойрат тайпаларымен салыстырғанда басым түсетін. Есімхан билік құрған жылдарда ойраттардың бір бөлігі Жәңгір сұлтанға тәуелді болды. XVII ғасырдың екінші жартысында күштердің ара салмағы өзгеріп, жоңғар тайпалары басымдық ала бастайды. 1635 жылы бытыраңқы ойрат тайпалары қосылып, бірыңғай жауынгерлік - әскери сипаттағы Жоңғар мемлекетін құрды. Қазақтар сияқты, ойраттар да көшпелі, мал шаруашылығымен айналысты. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары

Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады. Бұрынғы ескі-ертегі, химия үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургтен бастырып шығарды.

Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан, қазақ тұрмысына ет-жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді.

Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн,
Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін,
Тартады аққу көкке, шаян кейін
Жұлқиды суға қарай шортан шіркін.

Аудармада мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай, есіліп-төгіліп тұр. Ендігі кезең оқырманына қатысты жаңа ой, соны пікір, толғаулы сөзді ақын өз жанынан қосады.

Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас.
Әуелі бірлік керек болса жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас, —
деп елді тұтастық, ынтымақ жалауының астына шақырады.

Елдің азып-тозуына байланысты сарындарды Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді, кейде ашық, дәл айтылатын ойлар да бар:

Қасқырдың зорлық болды еткен ісі.
Ойлаймын оны мақтар шықпас кісі
Нашарды талай адам талап жеп жүр
Бөріден артық дейміз оның ісін.

Алуан-алуан ойға жетелейтін “Қайырымды түлкі”, “Ала қойлар”, “Үлес”, “Қартайған арыстан”, “Өгіз бен бақа”, “Қайыршы мен қыдыр”, “Ат пен есек” мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды мегзейтін оқиғалар, адамдар психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алған. Аудармашы негізгі түпнұсқа тексіне орайластырып, көркем ойға ой, суретке сурет қосып, пікірді ұштап, жаңа сарын - әуез қосып отырады. “Қартайған арыстан” мысалына:

Бақ қонса, сыйлар алаш ағайын да,
Келе алмас жаман батып маңайыңа.
Басыңның бақыт құсы ұшқан күні
Құл-құтан басынады, малайың да, —

деген жалғасты түйін жасайды. Бірнеше кісі тіл таба алмай, берекесі кетіп, өртке шалдығып, үлестен құр қалады. Осы “Үлес” өлеңінің түйінінде ақын өз позициясын ашық көрсетіп:

Ойласақ оқиға емес болмайтұғын,
Ел қайда өзін жаудан қорғайтұғын.
Қазіргі пайдасына бәрі жетік,
Адам аз алдын қарап болжайтұғын.

Аңдыған бірін-бірі жаудан жаман
Байқасақ ел белгісі оңбайтұғын.
Бұл белгі табылып жүр біздің жұрттан
Таласып бір-бірінің жүзін жыртқан.

Алданып арқадағы дау-шарына
Кәтерден кәпері жоқ,
келер сырттан, —
деп терең маңызы бар әлеуметтік ой толғайды.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Д.А. Қонаев ірі мемлекет қайраткері

Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді. Ал қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен дараланған ұлы адам өмір сүрді. Ол – Дінмұхамед Қонаев. Бабалар аруағына шынайы берілген, халыққа сүйкімді., ұлтқа қадірлі, шынадай мөлдір, аса білікті адам. Егемендікті алғанда халқының алдына болаша қуанып шығып, адал ойын білдірген, «Ту жығылмасын, Туды ұстаған ұл жығылмасын», - деп тәңіріне сыйынып халықпен бірге егемендікке қуанып, келешекке сенген. «Болашақ жастардікі, ақиқаттан аттауға болмайды» деген ойын ашып айты.
Д.А. Қонаев 1912 ж 12 қаңтарда бұрынғы Верный, қазіргі алматыда дүниеге келді. Балдәурен балалық шағы, жастық дәуірі осы әсем қалада өтті. Сол тұста Қазан төңкерісінен кейін 1921 ж көрнекті партия және мемлекет қайраткері Ораз Жандосовтың ұсынысы бойынша Верный өзінің байырғы аты – Алматыға ие болады, 924 Жетісудың орталығы саналды. Астана Қызылордадан Алматыға көшіріледі.
Д.А. Қонаев ата-бабалары мал шаруашылығын кәсіп еткен жандар. Ауылы Құйған маңайындағы Күрті мен Іле өзені жағалауын менендеген. Бертінірек келгенде тау бөлтеріндегі Алматы өзенінің оң жағалауына тұрақты түрде қоныс тебеді.
Атасы Жұмабай жас кезінде мұсылман мектебінде оқып, оны үздік бітіргеннен кейін еңбек жолын осы аймақтағы қазақ татар балаларына дәріс беруден бастапты. Сөйтіп жүргенде Д.А. Қонаевтың әкесі Меңліахмет 1886 жылы өмірге келеді де, атасы оны 14 жасқа таласымен Верный көпесі И. Ғабдуәлиевтің шаруашылығына жұмысқа орналастырады. Ал өзі содан кейін көп ұзамай Түркия арқылы Сауд Аравиясына сапар шегіп, Мекке мен Мединеге қанылық етуге барған. Одан ол Үндістан мен Ауғаныстанды басып өтіп, 1905 жылы отбасына аман-есен оралады.
Д.А. Қонаевтың әкесі 1917 жалға дейін көпе И. Ғабдуәлиевке жалданып жұмыс істейді де ешқандай оқу орнын бітіре алмайды. Бірақ өз бетінше білімін көтерудің арқасында орысша-қазақшаға өте сауатты болды. Кеңес өкіметі тұсында от кісі Алматы облысының ауыл шаруашылық және сауда орындарында жұмыс істейді. Сонан соң зейнеткерлік бемалысқа шықаннан кейін көп уақыт өткен соң 1976 жылы 90 жасқа үш ай қалғанда дүние салды. Ал анасы Зайқовка (қазіргі Алматы облысының Шелек селосы) елді мекеніндегі кедей шаруаның қызы болады.
әкесі мен анасы жетпіс жылдан астам уақыт бірге баянды ғұмып кешкен. Анасы 86 жасында 1973 ж дүние салады.
Д.А. Қонаев Чернышевский атындағы №19 мектептің бірінші сатасында оқыған. Төртінші сыныпты бітірген соң №14 мектепке ауысып, сол жерде екінші сатасында оқиды. Алғашқы хат танытып, әліппені оқытып, орыс тілін үйреткен алғашқы мұғалімі – Анна Павловна, сонымен қатар математик С.И. Соколов, физик А.А. Астраханцев, И.П. Масленников, географ Тугарин, Е. Войцеховский т.б. Мекетптің бітіргеннен кейін, жоспарлау органдарында статист болып жұмыс істеп, кешкілік институттың дайындық курсында оқиды.
1931 ж Қазақстан өлкелік комсомол комитетеінің жолдамасымен Мәскеу түсті металдар институтына түсуге жолға шығады...
Мәскеуге келген соң, әпкесі Әлима мен жездесі А. Түркебаевтің үйіне тоқтайды.
Институтқа қабылданысымен Панкратов көшесіндегі Сретенкода жатақханасына ауысқан. Студенттік өмірдіңащысы мен тұщысын бірге көріп, қиын кезенді басынан өткерген. Оның Мәскеудегі оқуы республиканың, елдің өміріндегі аса ауыр кезеңге – күштеп коллективтендіру науақанымен тұста-тұс келді. Ауылындағы ауыр жағдайдан хабардар болып, оның анық- қанығына жету үшін жоғарғы өкімет орындарынан сұраныс жасайды. Сол жылдары студенттердің біразы оқуларын тастап, ауылдарына қайтып оралады.
Д.А.Қонаевтың алғашқы практикасы 1933 ж Оралдың Дегтярск кенішінде басталады.....
Рефераттар
Толық

Физика | А. С. Поповтың радионы ойлап табуы

Герц тәжірибелері 1888 ж. жарияланып шығысымен дүние жүзінің физиктерін қызықтырады. Ғылымдар электромагниттік толқындарды шығарушыны және қабылдағышты жетілдіру жолдарын іздей бастады.
Радиобайланыс принципі былай. Хабарлаушы антеннада жасалған жиілігі жоғары айнымалы электр тогы айналадағы кеңістікте тез өзгеретін электромагниттік өріс туғызады да, ол электромагниттік толқын түрінде тарайды. Қабылдауышы антеннаға жеткеннен кейін, электромагниттік толқын хабарлағыш қандай жиілікпен істейтін болса, жиілігі дәл сондай айнымалы ток туғызады.
Сендер модуляция мен детектирлеудің не екенің білесіңдер. Енді осы процестердің қалай іске асырылатындығын қарастырайық.
Ресейде ең алғашқылардың бірі болып электромагниттік толқындарды зерттеумен шұғылданған Кронштадтағы офицерлер курсының мұғалімі Александр Степанович Попов еді. Ол Герц тәжірибелерін жаңғыртып жасап көріп, содан кейін электромагтиттік толқындарды тіркеудің анағұрлым сенімді, әрі сезгіш тәсілін тапты.
Электромагниттік толқындарды тікелей «сезетін» тетік есебінде А.С.Попов когерерді қолданды. Бұл прибор - екі электроды бар шыны түтік. Түтік ішінде ұсақ металл үгінділері салынған. Бұл прибордың қызметі электр зарядтрының металл ұнтаққа тигізетін әсерінен негізделген. Кәдімгі жағдайда когерердің кедергісі үлкен болады, өйткені үгінділердің бір-біріне тиісі (контактісі) нашар. Келген электромагниттік толқын когерер ішінде жиілігі жоғары айнымалы ток туғызады. Үгінділер арасында ұсақ ұшқындар шығады да үгінділерді пісіріп тастайды. Нәтижесінде когерердің кедергісі күрт төмендейді (А.С.Поповтың тәжірибесінде 1000000Омнан 1000-500 Омға, яғни 100-200 есе төмендейді). Приборды сілкіп қалса, ол бұрынғы үлкен кедергісіне қайта ие болады. Сымсыз байланысты іске асыруда, автоматты қабылдауды іске асырып тұту үшін, А.С.Попов сигналды қабылданғаннан кейін когерерді сілкіп қалып тұратын қоңыраулы құрылғыны пайдаланды. Электромагнитті толқын келген кезде қоңырауының тізбегі когерер арқылы тұйықталады. Толқын қабылдау аяқталысымен, қоңырау жұмысы бірден тоқтатылады, өйткені қонңыраудың балғасы қоңыраудың табақшасын да, когерерді де соғады. Когерерді соңғы сілкінгенде аппарат жаңа толқынды қабылдауға дайын тұрады. А. С. Поповтың қабылдағышының схемасы келтірілген, ол оның «Орыстың физика-химия қоғамының журналындағы» мақаласынан алынған.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | А.Байтұрсынов қазақ әдебиеттану ғылымының атасы

Ахмет Байтұрсыновтың ғалым-теоретик, эстетик-сыншы тұлғасын айқындап беретін күрделі, толымды, жаңашыл туындысы Ташкентте 1926 жылы “Әдебиет танытқыш” (“Теория словестности”) деген атпен басылған. Араға екі-үш жыл салып, авторы ұсталып кеткен соң, бұл еңбек көпшілік арасына мол тарап үлгермеді. Бірақ қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған.

“Әдебиет танытқыштағы” қазақ әдебиетінің өзіне тән жанрлық формаларын топтап, жіктеп берудегі ғалым даналығына таң қаласың. Эпосты — әуезе, лириканы – толғау, драманы – айтыс деп бір қайтарып алып, сала-салаға жіктеп әкетеді; шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме, тарихи әңгіме, саясат шешен сөз, билік шешен сөз, қошемет шешен сөз, білімір шешен сөз, уағыз, көсемсөз (публицистика). Ауыз әдебиеті түрлері былай жіктеледі: ертегі, аңыз-әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш – бұлар бір топ. Батырлар жыры, тарихи жыр, айтыс өлең, үгіт өлең, толғау, терме – бұлар екінші топ. Мысал, ділмар сөз (афоризм), тақпақ, мақал, мәтел – бұлар үшінші топ. Тойбастар, жар-жар, неке қияр, беташар, жоқтау, жарапазан, бата – бұлар төртінші топ. Жын шақыру, құрт шақыру, дерт көшіру, бесік жыр – бұлар бесінші топ. Сан алуан фольклорлық шығармаларды топтап, саралауға мүмкіндік беретін сауықтама, зауықтама, сарындама, салттама, ғұрыптама, қалыптама деген терминдер қазіргі ұғымымызға өзі сұранып тұр.

Қазақ әдебиетін дәуірлерге бөлуде де толып жатқан жаңалық бар. Хисса, хикаят, насихат, мінажат, мақтау, даттау, шығармаларды діндар дәуір әдебиетіне жатқызса, сындар дәуір әдебиетіне ұлы әңгіме (роман), ұзақ әңгіме (повесть), әңгіме кірмек. Лирика түрлерін саф толғау, марқайыс толғау, налыс (мұңайыс) толғау, намыс-таныс толғау, сұқтаныс толғау, (даттау, қаралау, наз) деп жіктеу, мазақ, мысқыл, қулық, сықақ, әзіл деп саралау, тартыс түрлерін әлектеніс, әуреленіс, азаптаныс деп таратып әкетуге де қайран қаласыз.

Қысқасы, “Әдебиет танытқыш” кітабындағы бірқыдыру термин, ұғым, категория әдеби тілімізге, ғылыми оралымға кезінде кіргенін айта отырып, бұл еңбекте эстетикалық ойлау жүйемізді әлі де байыта түсетін тамаша қазына, ересен тапқырлықтар бар екенін көрсетуіміз қажет. Сонымен Ахмет Байтұрсынов қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш әдебиет теориясын жазған ғалым екендігін мойындамау шындық алдындағы қиянат болар еді....
Рефераттар
Толық