Ашық сабақ: Әлемнің ең үздік музейлері: Лувр, Эрмитаж 6 класс


 Сыныбы: 6

 Сабақтың тақырыбы: Әлемнің ең үздік музейлері: Лувр, Эрмитаж

 Сабақтың мақсаты:

 Білімділік: Білімді қалыптастыру, оқушыларды біліммен хабардар етіп қана қоймай, олардың денсаулығын нығайту. Туризм саласы бойынша білімдерін қалыптастыру. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін бағалау.

 Оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздерімен бірге талдап, өздік бағалау әдістерін ұйымдастыру.

 Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, оқу материалының ең бастысын, мазмұнын ажырату, классификациялау.

 Тәрбиелік: Жан-жақты, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру

 Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

 Сабақ әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, картамен жұмыс

 Сабақтың көрнекілігі: слайд, видео

 Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

    • Оқушылармен амандасу
    • Түгендеу
    • Сергіту сәті «Атом, Молекула»
    • Топқа бөлу («Лувр» тобы, «Эрмитаж» тобы)
    • «Бұлт үстіндегі саяхат» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру

Оқушылардың зейінін сабаққа бейімдеу: «Атом, Молекула» (оқушылар айтылған терминнің санына баланысты топтасады, осы сергіту сәті арқылы топқа бөлеміз)

ІІ.Негізгі бөлім

Мұғалім сөзі (жаңа сабақ)

"Өткенді айтпай, болашақ жоқ" демекші, адамзаттың өткені мен өшкенін жаңғырту, тарихын ұлықтау, өскелең ұрпаққа таныстыру мақсатында ұйымдастырылатын мәдениет пен тарихтың негізгі орталарының бірі - мұражайлар. Осы орайда назарларыңызға әлемнің ең үздік әрі ең үлкен екі музейі туралы айтатын боламыз.

Лувр (Париж, Франция)

Лувр – қайталанбас өнер туындыларын тамашалу үшін халық ең көп жиналатын Францияның ұлттық мұражайы. Лувр – әлемдегі ең әйгілі және Еуропадағы  тұңғыш мұражай. Ол тек қана тарихи ескерткіш ретінде ғана емес, сонымен қатар ең танымал музей ретінде де әйгілі.  Объект бұрын 12 ғасырда бекініс ретінде салынған және корольдік резиденция болған. Музейде 350 мыңнан астам тарихи жәдігерлер сақтаулы. Бұл тарихи жәдігерлер 60 мың гектар аумаққа орналастырылған. Мұражай әлемдегі ең кең және әсерлі өнер жинақтарының біріне айналғанға дейін, ерте ортағасырлық Парижді басқыншылардан қорғаған король сарайы және бекіністердің маңызды бөлігі болды. Француз тілінен аударғанда «Лувр» сөзінің мағынасы - қасқыр орманы. Себебі бұл құрылым аң аулауға болатын жерде салынған.

Лувр пирамидасы сәулетші Йо Минг Пей жобасы негізінде салынған. Әйнек құрылыс материалдарынан салынған. Музейдің биіктігі 21метр, ұзындығы 35 мерт. Пирамида әйнек роибиг, үшбұрыш формасындағы үлгі ретінде жасалған. Музейде Леонардо да Винчи, Рембрантд, Рубенс, Жан Мануель, Веласкес секілді әлемге әйгілі қылқалам шеберлерінің суреттері сақтаулы.

Напольеон Бонапарт тұсында суретшілер Персье Пантеннің басшылығымен Лувр көлемі ұлғайып, Мазарини және Банкир Ябахтың коллекцияларының сатып алынуы музей қорын байытты. XX ғ 90 ж кескіндеме мен мүсіндеме коталогы бойынша Лувр қоры отыз мыңдай болған. 1989 жылы қытайлық сәулетші И.И.Пейдің салынған Лувр шыны пирамидасы ашылып, жаңа басты кіреберіс ретінде қызмет еткен.

 Еуропаның атақты мұражайы Лувр 2012 жылы ең көп қонақ келген орын болып тіркелді. Жыл басынан бастап Лувр кассаларында 10 миллион билет сатылған. Бұл дегеніміз бұрынғы көрсеткіштен мөлшермен  1 миллион көп деген сөз. Адамдар аңызға айналған мұражайдың қонағы болуға  әлемнің әр түпкірінен ағылыпты. 2018 жылы Лувр келушілерінің саны 10 млн-нан асты. Лувр-Францияның көркем және тарихи жәдігерлерін коллекциялаудың бай тарихы бар көне мұражайлардың бірі.

Енді Лувр мұражайы туралы 7 фактіні атайық.

  • Лувр әлемнің ең үлкен және танымал мұражайларының бірі, Париждің Норт-Дам немесе Эйфель мұнарасы сияқты салынған.
  • Лувр жыл сайын 10 000 000 дейін өз ой-өрісін кеңейтуге ниет білдірушілерді қабылдай отырып, Париждің ең көрікті орындарының бірі болып табылады.
  • Луврдың осындай танымалдылығына VI ғасырдан бастап қазіргі уақытқа дейін 380 000 қайталанбас жауhарлар мен антиквариат жиынтығынтары  себеп болды. Коллекциялардың байлығы бойынша онымен ештеңе салыстырылмайды.
  • Луврдың ауданы 160 106 шаршы метр. Бұл мұражайды аралап өту үшін 3 ай уақыт қажет!
  • Француз тілінен аударғанда «Лувр» атауы «Қасқыр орманы» дегенді білдіреді. Сарай бұрынғы аңшылық алқаптарының орнына салынған.
  • Луврдың ең танымал экспонаттары: Леонардо да Винчи және Венера Милосскаяның мүсіні.
  • Луврдың мұражай ретінде ресми ашылуы 1793 жылдың 10 тамызында өтті.

Эрмитаж (Санкт-Петербург, Ресей)

Мемлекеттік Эрмитаж – әлемнің ең үлкен мұражайларының бірі әрі бірегейі. Мұражайға әлем мәдениетінің үш миллионға жуық өнер туындылары мен ескерткіштері қойылған. Мұражай 1764 жылы құрылған. Эрмитаждың негізін қалаушы ІІ Екатерина болып саналады. Эрмитаж коллекциясының құрамында: көркем сурет, графика, мүсін және қолданбалы өнер бұйымдары, археологиялық ескерткіштер, нумизматикалық заттар, асыл тастар жетерлік. Эрмитаж – Ресейдегі және дүние жүзіндегі ең ірі көркемсурет және тарихи-мәдени мұражай. Санкт-Петербург қаласында 1764 жылы Екатерина ІІ-нің (көптеген көркем шығармаларды сатып алған) жеке қоры негізінде ұйымдастырылған. 1852 жылы Эрлифтды көпшіліктің көруіне рұқсат берілді. 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары мұражай қайта жинақталып, экспонат саны арта түсті. Эрмитажда алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі және ежелгі шығыс (Ежелгі Мысыр мен Урарту өнерінің туындылары), көне, орта ғасыр өнері (Орт. Азия, Иран, Қытай мен Үндістанның өнер шығармалары) ескерткіштері молынан жинақталған. Эрмитажтдағы ежелгі скиф және Солтүстік Қара т. жағалауынан табылған көне ескерткіштер аса құнды бағаланады. Коллекция қатарында Батыс Еуропа өнері туындыларынан Рафаэль, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Джорджоне, Тициан, Веласкес шығармалары, Рембрандт пен Рубенстің ең үздік полотнолары, 17 – 18 ғасырлардағы француз және 18 ғасырдағы ағылшын кескіндемелері, т.б. бар. Мұнда нумизматикалық коллекциялар, сән және қолданбалы өнер туындылары, суреттер (40 мыңға тарта парақ) мен гравюралардың (500 мыңға жуық парақ) бай қоры жинақталған. 1941 жылдан орыс мәдениетінің тарихы бөлімі жұмыс істейді. Эрмитажда 2 млн. 400 мың шамасында зат сақталған. Мұражай ғыл. және мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Реставрация шеберханасы, лекция залдары, рентген бөлмесі, кітапхана, фототека, т.б. жұмыс істейді. Эрмитаж ғимараты әйгілі архит. ансамбль құрамын (Қысқы сарай, т.б.) толықтырады. 1939 жылдан Эрмитажда Түркістандағы алып қазан сақталып келді; ол 1989 ж. қайтарылып, Қожа Ахмет Иасауи мешіт-кесенесіндегі бұрынғы өз орнына қайта қойылды. 1964 ж. Эрмитаж Ленин орденімен марапатталды., 17 – 18 ғасырлардағы француз және 18 ғасырдағы ағылшын кескіндемелері, т.б. бар. Мұнда нумизматикалық коллекциялар, сән және қолданбалы өнер туындылары, суреттер (40 мыңға тарта парақ) мен гравюралардың (500 мыңға жуық парақ) бай қоры жинақталған.

(Жаңа сабақ барысы бойынша аталған атақты екі музейдің 3d бейнеролигі көрсетіледі)

Тапсырма – 1: «TWO POCKETS»

(Оқушыларға карточка арқылы суреттер, термин сөздер, жыл даталары таратылып беріледі. Оқушылар берілген карточкаларды қандай мағына берілетіндігін, оның қай музейге қатысы бар екендігін анықтап айтып, тақтада қойылған екі қалташаға сала отырып, өздеріне ұпай жинайды)

Тапсырма – 2: «NUMBERS SPEAK» (Сандар сөйлейді)

  • 3500006000017931989

350 000 Лувр музейінде 350 000-нан астам жәдігер сақтаулы

60 000 Лувр музейіндегі жәдігерлер 60 000га жерге орналастырылған

1793 – Лувр музейі ашылған жыл

1989 – Лувр шыны пирамидасы ашылған жыл

  • 2018160106176419641939

2018 – 2018 жылы Лувр музейіне келушілер 10млн-нан асты

160106 Лувр музейінің ауданы

1764 Эрмитаж музейі ашылған жыл

1964 бұл жылы Эрмитаж Ленин орденімен марапатталды.

1939 осы жылдан бастап Түкістандағы алып тайқазан Эрмитаж музейінде сақталған

Тапсырма – 3: «МУЗЕЙ ЗАЛЫ»

(Оқушыларға экранда музей залы атауларымен ұяшықтар беріледі. Сол ұяшықтарды таңдай отырып, берілген сұрақтар мен тапсырмаларға жылдам жауап берулері қажет)

«Фельдмаршал» залы Эрмитаж музейінің негізін қалаушы кім?

«Ұлы тақ бөлмесі» залы Эрмитаж музейіде шамамен қанша жәдігер сақталған?

«Павильон» залы Әлемдік деңгейде келушілер саны жөнінен рекорд қойған музей? Келушілер саны қанша болды?

«Бахчисарай» залы берілген қиындылардан мозайка құрастыру, және шыққан мозайканы атауымен айтып, қай музейге тиесілі екендігін айту

«Рыцарь» залы Эрмитаж музейінде сақталып келген алып тайқазан елімізге 1989 жылы елімізге қайтарылды, ол қай қалаға,қай кесенеге орналастырылды?

«Юпитер» залы Лувр музейін аралау үшін қанша уақыт қажет?

«Ежелгі Египет» залы берілген қиындылардан мозайка құрастыру, және шыққан мозайканы атауымен айту, қай музейге тиесілі екендігін айту

«Қысқы сарай» залы Лувр музейінің ең танымал экспонаты?

Үй тапсырмасы: «Эрмитаж» және «Лувр» сөздеріне сөзжұмбақ құрастыру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу