Кім тапқыр?
А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейі
сайысы
Қатысушылар: 6-8 сынып оқушылары
Әлмұратова С.
2020-2021 оқу жылы
Сыныбы: 6-8
Тақырыбы: «Көшбасшы» сайысыСабақтың мақсаты:
Оқушылардың білімділік, шешендік, интеллектуалдық қабілеттерін дамыта түсу, шапшаң шешім қабылдауға машықтандыру.Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд Барысы:
І.Ұйымдастыру.Жүргізуші:Армандарым көп менің,Атқарамын деп келдім.Оқып білім,ғылымдыӨнер табам деп келдім
Үйренген соң білімдіСайысамыз деп келдік,-дей отырып, бүгінгі «Көшбасшы» сайысына қош келдіңіздер!
Ақ көңілмен,ниетпен,Әділ баға берсін депШаршамай,еш жалықпайАйтқаныңызға көндік депӘділқазы алқасынСайлап алсақ жөн боларЕленбей еш қалмасынАдалдықпен сөз айтар.(Әділқазыларды сайлау)
І. Таныстыру
ІІ – кезең.«Кім жылдам?». Әріптер таратылады. Сол әріптерге
байланысты сұрақтарға жауап беру қажет.
1.Ертегі оқисың ба?
2.Сумкаңда не бар?
3.Бөлме қандай?
4.Досың кім?
5.Анаңа еркелейсің бе?
6.Сабағың жақсы ма?
7.Аспанда не бар?8. Бүгін қандай күн?9.Жарыстан соң не істейсің?10.Апайың ұрыса ма?11.Ұйықтағанда не көресің?12. Қандай тамақты ұнатасың?13. Кемпірқосақты қашан көруге болады?14. Қар жана ма?15. Сабақтан қиналғанда не істейсің?16. Аспанда құс ұша ма?
ІІІ-кезең: Ойлан,тап!Қатыссаңдар көтерілер көңіл-күйің,Ойынның ойнайсыздар неше түрін.Сөздерден көп жаңа сөз құрап шықсаМақсатқа жетеміз-ау біз де бүгін.(Алтыбақан сөзінен көбірек сөздер құрау қажет)
ІҮ кезең. «Кім көп біледі?» (сұрақтар қойылды)
1. Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан).
2. Сөз таптарын ата. (зат есім, сын есім, етістік, т.б.).
3. Көктем айларын ата. (наурыз, сәуір, мамыр).
4. Көкжиектің неше тұсы бар? (төрт).
5. Ы.Алтынсарин кім? (Қазақ мектебін ашқан).
6. Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең).
7. Тірі табиғатқа не жатады? (адам).
8. Сөйлем мүшелерін ата. (тұрлаулы, тұрлаусыз).
9. Өлі табиғатқа не жатады? (тау, тас, т.б.).
10. Абай Құнанбаев кім? (ақын).
11. Әнді кім салады? (әнші)
Ү кезең « Жалғасын тап» 1.Ырыс алды ... (ынтымақ)2. Дос жылатып айтады, ... (Дұшпан күлдіріп айтады)3. Жеті жұрттың тілін біл ,... ( Жеті түрлі ілім біл)4. Талапты ерге.. ( нұр жауар)5. Ағасы бардың - ..... (жағасы бар), Інісі бардың - .... ( тынысы бар).6. Ұрлық түбі - ... (қорлық)7. Атың шықпаса, ... (жер өрте)8. Ер қанаты - ... (ат)9. Сабыр түбі - .... (сары алтын)
10. Өнер алды - ... (қызыл тіл)11. Досы көпті .... ( жау алмайды), Ақылы көпті.... (дау алмайды).12. Бірлік болмай, ... (тірлік болмас)13.Отан үшін отқа түс - .... (күймейсің)14. Ерік білекте емес,... (жүректе)ҮІ-кезең: Сен білесің бе?Таңғалдыр біліміңмен көрерменді,Әрқайсысы бақтарынан көрер енді.Қанекей,өрендерім бастайықшы«Сен білесің бе?» деген бөлімді.1-сұрақ. «Менің атым Қожаның» авторын ата.2-сұрақ. Елтаңбаның авторларын ата.3-сұрақ. Оқу-білім туралы мақал айт.4-сұрақ. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?5-сұрақ. Оқу жылының алғашқы айын ата.ҮІІ.Қорытынды.Білімнің мініп алып тұлпарына,Қиналмай шықтық бүгін шыңдарына.«Көшбасшы» сайысы аяқталды,Сөз кезегі әділқазы алқасында.(Әділқазыларды тыңдау)
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.