Балаларға арналған тақпақтар мен өлеңдер және балабақшада ойналатын ойындар


БАЛАБАҚШАҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР

Орамал тастау

Ойын шарты: ойынға қатысушылар екі топқа бөлініп, арақашықтығы 5-15 метрдей жерге барып, бір-біріне қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойынның әділ қазысы кез-келген жақтың ойыншысының біріне орамал (әлде сүлгі) ұсынады, Ол өз кезегінде екінші топтағы ойыншылар жаққа барып, орамалды елеусіздеу етіп, бір ойыншының аяғына тастауға тырысады.

Сөйтеді де өзі дереу орнына жетуге асығады. Аяқ астына орамал (сүлгі) тасталған кісі, сол бойда ананы қуып жетіп, орамалмен ұруға тырысады. Сүлгі тастаған ойыншыны ұрып үлгерсе, оны өз тобына әкеліп қосады. Үлгіре алмаса өзі сол жақта қалып қояды.

Доп кімде?

Ойнаушылар шеңбер жасап тұрады. Ойын бастаушы тағайындалады. Ол шеңбердің ортасында тұрады, қолдарын арқасына ұстап бір-бірімен тығыздалып тұрады.

Тәрбиеші допты (диаметрі 15 см-ден аспайтын) кімге болса да біреуіне береді, балалар оны арттарымен шеңбер жасай бір-біріне береді. Бастаушы доптың кімде екенін табуға тырысады. Ол:«Қолыңды» деп кімге айтса, сол екі қолын алға шығарып, алақанын жайып, жоғары көтеруге тиіс, онда ол оның қолында доптың жоқ екенін көрсетеді, Егер басқарушы добы бар екенін тапса, ол допты алады да шеңберге тұрады, ал доп табылған бала ойынды басқара бастайды.

Ойынға балалардың ықыласы болмағанға дейін ойын қайталана береді.

Тракторшылар

   Ойынға әр уақытта 5 адам қатысады. Төртеуі екі-екіден, бірінен соң бірі тұрады. Бірінші екеу бір-бірінің қолын ұстап тұрады да, бос қолын артында тұрған екеуге созады, екінші екеу де қолдарын сондай етіп ұстасады, ал бос қолдарын бірінші екеудің созған қолдарымен ұштастырылады.

Бесінші қатысушы — тракторшы. Ол екі-екіден тұрғандар арасындағы қолына картоннан жасалған руль ұстап тұрады. Бесеудің бәрі алаңда араласып, жайлап жүре бастайды. Әрбір жолға 8 қадымнан   келеді.

Тара-тара-тара-ра,

Біздің  бұл қораға.

Кіріп келді трактор:

«Бұл бос келді демеңіз,

Егінді жерге егеміз,

Нанға толып қырат-қыр,

Тойғызып біз балаларды

Береміз қалаш нандарды!»

Балалар ырғақпен басуды  үйренген кезде, өте күшті дауыспен «жер», «егін», «балалар» деген сөздерді ерекше айта алатындай болуы керек.

 

                             Кім заттарды көбірек жинайды?

Еденге немесе тегіс алаңға көлемі шағын заттарды шашып тастайды: бүршіктер, текшелер, кішкентай шарлар және басқалар.

Ойнаушылардың ішінен екі-үш бала таңдап алынады оларға кәрзеңке немесе кішкене шелек беріледі. «Бір, екі, үш» деген белгі бойынша олар бүршіктерді (кішкентай шарларды, текшелерді) жинай бастайды. Мұнда қолдарына тек бір ғана заттан ғана алуға рұқсат етіледі.

«Тоқта!» деген белгі бойынша заттарды жинау тоқтатылады да, кім көбірек жинағанын санайды. Содан соң қалған жұп балалар жарысады. Ойынға қатысқысы келгендердің саны қанша болса, сонша рет ойын қайталана беруіне болады.

Тез орындарыңа

  Балалар екі жағына қолдарын созып, бір-бірінен біраз қашықтап шеңберде тұрады. Әрбір ойнаушының орнын қандай болса да бір затпен белгілеп қояды, мысалы еденге қойылатын текшемен белгілеп қояды.

Тәрбиешінің «жүгіріңдер» деген сөзі немесе дабыл қағуы бойынша балалар шеңберден шығады да, жүреді, жүгіреді немесе бүкіл алаң (бөлме) бойынша секіреді. Осы кезде тәрбиеші заттың ішінен біреуін  алып қояды, сонда бір баланың орны болмай қалады. Дабыл қаққанда немесе «орындарыңа» деген сөзден кейін барлық  балалар шеңберге жүгіреді де, кез-келген орынды алады. Орынсыз қалған балалар хормен:

Орал, Орал, Айша,

Тез орын ал, тұр былай.-дейді.

Ойын соңғы рет жүргізілген кезде барлық баланың орны болуы үшін тәрбиеші текшені қайта орнына қояды.

 

Құрлар 

Ойнаушының екеуі құрды бейнелейді. Олар бөлме бұрыштарының бірінде тұрады. Балалардың қалғаны (6-8 адам) бөлменің ортасында, бірінің қолынан бірі ұстап шеңбер құрып тұрады. Бұл — шыны аяқтағы ірімшік. Мәтінді хормен дауыстап айтады, жаңылтпаш ырғағымен жүресінен аздап отырады.

Біздің жерде, көгалда,

Сүзбе тұрса тек алда.

Ұшып келді

Екі құр,

Шоқып кетті,

Қайта кетті.

Үшінші және төртінші шумақты айтқанда құрлар бұрыштан ұшып шығып, секіріп-секіріп шыны ірімшікке қарай жақындайды. Бесінші және алтыншы шумақты құрлар, шыны аяқтың қасына екі аяғымен секіреді, шеңбердің ішіне басын жайлап еңкейтеді (шоқиды).

Жаңылтпаштың соңында шыны аяқтар бейнелеуші балалар қолын жоғары көтеріп: «Шу-у» деп құрларды қорқытқан болып дауыстайды, құрлар да өз бұрыштарына ұшып кетеді, балалар оларды ұстайды. Құрлар өзін ұстаған баламен орындарын ауыстырады. Ойынды қайталап жүргізе береді.

Ойын бастаушылар (тура шын ойлану) 

     Балалар шеңберде тұрады. Тәрбиеші ойыншылардың біреуін ойын бастаушы етіп белгілейді. Ол шеңбердің ортасында тұрады. Балалар тәрбиешінің көрсетуі бойынша мына мәтін сөзін айтып, оңға немесе солға жүреді.

Әдемі шеңберде,

Билейік кең жерде.

Қолдармен ұстасып,

Бәріміз жұптасып.

Бірігіп достасып,

Бір орында ұстасып,

Осылай етіп істейік.

Мәтінді айтып бітер кезде балалар қол созым қашықтықта тұрады. Ойын бастаушы қандай да болмасын бір қимыл көрсетеді, шеңбер жасап тұрғандардың бәрі оны қайталайды. Содан соң тәрбиеші ойын бастаушыны ауыстырады немесе ойын бастаушы өзінің орнына біреуді таңдайды және ойынды жалғастыра береді.

Әрбір ойын бастаушы өз қимылдарын ойлауға тиіс және өзіне дейін көрсетілген қимылдарды қайталамауы керек.

 

 

Қалпақ және кішкене таяқша

   Ойнаушылар шеңбер жасай тұрады. Ойын бастаушы белгіленеді, ол кішкене таяқшаны алады да шеңбердің ортасында тұрады.

Тәрбиеші оның басына ашық түсті шашағы бар қалпақ кигізеді. Қалпақ баланың мұрнына дейін кигізіледі, көздеріне тимей-ақ, оның көзін жабады. Балалар қолдарын ұстасып, шеңбер бойымен жүгіреді де: «Бір, екі, үш, төрт бес — кішкене таяқша тықылдайтын болады» -дейді. Бұл уақытта ойын басқарушы жүресінен отырып кішкене таяқшамен еденді тақылдатады.

Балалар соңғы сөзбен тоқталады, ал ойын басқарушы кішкене таяқшасын балалар жаққа сілтейді. Кішкене таяқша кімді нұсқаса, сол кішкене таяқшаның ұшынан ұстайды да, ойын басқарушының атын атайды, ал ойын басқарушы кім оны атады, соны табуы керек. Жаңа ойын бастаушымен ойын қайталанады.

 

Айгөлек ойыны

Ойынға қатысушылардың саны 10-15 балаға дейін. Ойынды көгалда, аулада, алаңқайда ойнай беруге болады.

Ойын шарты:Қатысушылар саны бірдей екі топқа (А және Ә) бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Екі топтың арақашықтығы — 15-20 метрдей жер.

Ойынның мақсаты — қарсы жақтың құрсауын үзіп, өз жағына көбірек ойыншы алып қайту. Жеребе салудың нәтижесінде ойынды бірінші болып бастауға тиісті жақ (айталық А тобы) екінші (Ә тобына) жақтағы қарсыластарына қарап, хормен қосыла ән айтады:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Теміршіден дем шығар,

Үзеңгіден тер шығар.

Ақ терек пен көк терек,

Мұнда сізге кім керек?

Қарсы,,топ (Ә) жауап қатады:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Теміршіден дем шығар,

Үзеңгіден тер шығар.

Ақ терек пен көк терек,

Бізге тек Қамбар керек.

Немесе:

А тобы: — Құрсауды үзіңдер!

Ә тобы: — Кім керек?

А тобы қарсы жақтағы керек ойыншының атын атайды, Есімі аталған ойыншы қарсы жақтың тобына қарай екпіндей жүгіріп келіп, қарсыластардың құрсауын үзуге тиіс. Егер ол құрсауды үзсе, бір ойыншы алып өз тобына қайтады, Ал, егер үзе алмаса, сол жақта қалады. Ойын соңында кісіні көп жинаған топ жеңіске ие болады.

 

Ормандағы ақ тиіндер

Ойын гимнастикалық қабырғасы бар алаңда немесе бөлмеде өткізіледі. Оған өрмелеу үшін қосымша тасымалданатын аспаптар қойылады: қос саты, тіркемелі тақтай мен кішкене сатысы бар пирамида, скамейкалар, үлкен текшелер етіп қойылған тақтайлар және басқалар.

Басқарушы — аңшы таңдап алынады. Ол адамның немесе бөлменің қарама-қарсы бөлігінде сызылған дөңгелекте — үйде тұрады. Қалған ойнаушылар — ақ тиіндер, ағаштар — аспаптарға орналастырылады.

«Сақтан!» деген тәрбиешінің белгісі бойынша дабыл қағылғанда , барлық ақ тиіндер орындарын ауыстырады: орындарынан тездетіп түседі, аспаптардан ырғиды басқаларға барып орналасады. Аңшы осы кезде оларды ұстайды — оларға қолын тигізед.

Ақ тиіндер еденде жүргенде басқарушы қолымен сипаған олар ұсталған болып есептеледі, сондай-ақ бұрынғы орнында қалғандар да ұсталған болып есептеледі. Олар аңшының үйіне қарай кетеді де, бір ойынға қатыспайды.

Ойын 5-6 рет жүргізіледі. Жаңа аңшы 1-2 ойыннан кейін таңдалып алынады. Тәрбиеші ойын қорытындысында батыл да епті ақ тиіндерді атап көрсетеді. Тәрбиеші ойын барысында балалардың әртүрлі аспаптармен пайдалануын және олардың рұқсат етілмейтін биіктіктен секірмеулерін қадағалайды.

 

 Табан балық және шортан ойыны

Бір баланы шортан етіп белгілейді. Ойнаушылардың қалғаны екіге бөлінеді: олардың бір тобы — ұсақ тастар, олардан шеңбер жасалады, екінші тобы — табан балық олар шеңбердің ішінде жүзеді. Шортан шеңбердің сыртында жүреді.Тәрбиешінің «Шортан!» деген белгісі бойынша ол тездетіп, табан балықты ұстау үшін шеңберге жүгіреді.Ал, табан балық орын алуға, ойнаушылардың біреуінің артынан тұруға және отыруға асығады (табан, балық шортаннан қашып, ұсақ тастарға барып тығылады). Шортан әлі тығылып үлгермеген табан балықтарды ұстайды. Ұсталғандар шеңбердің сыртына кетеді.Ойын 3-4 рет жүргізіледі де, содан кейін ұсталғандардың саны есептеледі Кейін шортанды жаңадан белгілейді. Шеңбер жасап тұрған және шеңбердің ішінде жүрген балалар орындарын ауыстырады да, ойын қайталанады.

Секіріп жүріп доп ұстау

Балабақшада ересек балалар топтарында сюжетті, сондай-ақ сюжетсіз сақина кигізу ойындарын пайдалануға болады: әртүрлі формадағы тағандардың үстіне қазықша орнатылады. Балалар қашықтығы (1,5-2,5 м.) жерден сақина тастайды. Ойынды балалар  тобымен (4-6 адаммен) өткізуге болады. Балалар үш сақинадан алып, оны кезекпен лақырып кез-келген қазықшаға кигізуге тырысады.

Тәрбиеші балалардың ішінен кімнің сан жағынан сақинаны көбірек лақтырғанын белгілеп алады.

Ойын варианты: Балалар шартты түрде келіскен ұпайлар санына (6-10)ие болғанша, кезекпен екі-үш сақинадан лақтыра береді. Дәл кигізілгенін дауыстапсанауға немесе тастар, бүршіктер және басқа да заттар арқылы белгілеп қоюға болады.

Жүгіріп өту

Алаңның бір жағында үй сызықпен бөлінеді, қашықтығы 5-6 м сызылады,  оның ар жағында екінші үй тұрады. Бір жақты бойлай үйлерге перпендикуляртағы бір сызық жүргізіледі.

Ойнаушылар екі топқа — екі отрядқа (әрқайсысында 6-8 адамнан артық емес) бөлінеді. Бір отрядтың балалары кез-келген үйдің жанындағы сызыққа сапқатұрады. Екінші отряд жанындағы сызық бойына орналасады. Әрбір баланың аяғы аяғы жанында  екі-екіден қар кесегі жатады. Тәрбиешінің белгісі бойынша бірінші  отряд бір үйден екінші  үйге жүгіріп өтеді.

Екінші отряд балалары бір-бірден қар кесегін алып, оны  жүгірушілерге лақтырады.Кесек қар кімге тисе, сол шетке шығып тұрады. Жаңа белгі берілгенде, жүгіріп өтукері қарай болады: бүйір жақтағы сызықта тұрған балалар жүгіріп бара жатқандарға екінші рет қар кесегін лақтырады. Сондай-ақ, бұл ретте кесек қар тигендер бір жағына шығыптұрады.

Тәрбиеші бірінші және екінші отряд балаларының ішінен кім ептірек, батылдырақ  мерген екенін белгілеп алады. Бұдан кейін ойыннан уақытша  шығып қалғандар өзінің отрядына қайта оралады. Отрядтар орындарын ауыстырады да, ойын қайталанады.

Ескерту:

1.  Ойынға қажетті кесек қарды алдын ала даярлауға, оны бір жерге үйіп қоюға болады, осы жерден балалар оны алады, ал олардан ойын басталар алдында бірден  шиыршықтап алуға болады.

2.  Кезекпен қар лақтыруды тағайындау үшін отрядтар ( қай отрядқа бірінші жүгіру, ал қайсысына  кесек қарды лақтыру) санамақтарды пайдалана алады.

Қойшы мен табын ойыны

Алаңның бір жағында гимнастикалық орындықтың немесе текшеленген жіңішке тақтайшаның көмегімен қой қора қоршалады.

Ойнаушылардың ішінен қойшы таңдалып алынады. Қалғандары – қойлар. Қойшының көзін байлайды. Ол қой қорадан қашық емес жерде тұрады да: «Қойшы,қойшы, маған қанша қадам бересің?» деп сұрайды.

Қойшы әрқашан қандай болса да (10-ға дейін) бір санды айтады. Қой сондай санға сәйкес келетін қадамды санайды да тоқтайды.

Барлық қой тарап кеткен кезде қойшы: «Менің табыным қайда?» деп сұрайды Барлық қой: «Мә-мә-мә..,» деп дауыстайды. Содан соң үндемей қалады. Қойшы оларды іздей  бастайды. Олардың тек даусы шығады да, ал қойлар өз орындарында тұрады.Қойшы орнынан тұрып, біреуін түртіп: «Қойым, қойым, сен кімсің?» дейді. Ал қой «Мә мә мә» деп жауап қайтарады. Қойшы оның, кім екенін шешуі керек. Егер қойшы қателессе барлық қойлар маңырайды да, олардың біреуі қойшыны қой қораға қарай алып барады  ал өзі орнына қайта оралады.

Қойшы: «Менің табыным қайда?» деп қайтадан сұрайды, ұсталған қойды ол танығанша, ойын жүргізіле береді. Содан кейін ол байланған көзін шешеді де, қой болып шыға келеді, ал қой қойшы болады.

Балаларға арналған қу түлкі ойыны

Ойнаушылар бір-бірінен бір қадам қашықтықта шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші бәрінің көз жұмуларын сұрайды. Балалар көздерін жұмады, ал тәрбиеші шеңберді айналып (балалардың артымен) шығады да, ойнаушылардың біреуін түртіп қалады да,сол  балақу түлкі болып саналады. Тәрбиеші содан соң балаларға көздерін аштырады да, жан-жақтарына ұқыпты қарауды, кімнің осылардың ішінде қу түлкі екендігін білдіріп қояр дейді.

Ойнаушылар (аздаған саябыр дауыспен) үш рет дауыстап, алдымен жайлап, содан соң даусын көтеріп: «Қу түлкі, сен қайдасың?» деп сұрайды. Бұл кезде бәрі бір-біріне қарайды.

Ойнаушылардың бәрі (оның ішінде қу түлкі де) үшінші рет сұрайды. «Қу түлкі сен қайдасың?» деп сұрағанда қу түлкі шеңбердің ортасына тез шығып, қолын жоғары көтеріп: «Мен мұндамын!» деп дауыстайды.

Ойнаушылардың бәрі алаң бойына жүгіріп жүреді, ал түлкі оларды ұстайды ұсталған, яғни түлкі кімге қолын тигізсе, сол шетке шығады.

Мұнан кейін түлкі ек-үш баланы ұстаған соң, тәрбиеші «Шеңберге» деп дауыстайды. Балалар қайтадан шеңбер жасап тұрады да, ойын қайталанады.

Балабақшада топ болып ұйымдасып ойнайтын ойын түрлері:

Жүгіріп өтуге үлгер

    Тәрбиеші балалардың біреуімен жіптің екі ұшын (оның ұзындығы 3-4 м.) ұстап оны жүгіріп келе жатқан балалардың бағытына қарай жайлап айналдырады.Балалар бірінен соң бірі, жіп жоғары көтерілген кезде, жіптің астынан жүгіріп өтуге үлгеруі қажет.Тәрбиеші балалар қимылын реттеп отырады, ол әрбір жүргізушіге «Жүр» деген белгі береді.

Әрі қарай жіптің қимылын балалардың өздері бақылап, жіп жоғары көтерілгенде жүгіріп өтуге тырысулары керек.

Кімнің тобы тез жинақталады?

    Балалар ойнаушыларының саны бірдей 3-4 топқа бір қандай да болмасын түсті жалаушалар беріледі. Алаңның ең шетінен немесе бір жақ шетінен таған үстіне сондай түсті 3-4 жалаушалар қойылады. Әрбір топ өз түстеріне сай кішкене жалаушаның алдына барып колоннаға тұрады.

Ойнаушылар сапқа тұрған кезде, тәрбиеші дабыл қағады, содан соң балалар алаңмен әртүрлі бағытта жүреді, жүгіреді, секіреді. Тәрбиешінің берген ырғағына, темпіне байланысты қимыл өзгеріп отырады,

«Орныңа тұр!» деген белгі бойынша балалар өздерінің жалауына қарай жүгіреді де (бетін жалауға қаратып) тізбектеле тұрады. Тәрбиеші қай топтың бірінші болып тұрғанын белгілейді.

.. Ойынды 2-3 қайталаған соң, балалар жүгіріп, секіріп жүрген сәтте тәрбиеші «Тоқта!» дейді. Осы белгі бойынша барлық ойнаушылар тоқтайды да, көзін жұмады. Осы кезде тәрбиеші жалаулардың орнын өзгертеді де: «Орындарыңа тұрыңдар!»-дейді. Балалар көзін ашады да, өз жалауларының алдына тізбекте тұруға асығады. Қай колоннаның бірінші тұрғанын атап өтеді.

 

Кім тезірек жалаушаға жүгіреді?

Ойнаушылардың бәрі орындықта отырады. Алаңның шетінен 5-6 қадам қашықтықта 4-5 бала тұратын сызық жүргізіледі.

Алаңның қарама-қарсы жағында сызықтан 18-20 қадам қашықтықтағы әрқайсысының қарсысына жалауша қоятын орындық қояды. Орындықтар бір сызық бойына қойылады.  

Тәрбиешінің белгісі бойынша (дабыл қағуы немесе қолын шапалақтау, немесе «Бір екі, үш-жүгір!» деген кезде) балалар жалаушаларға қарай жүгіреді, оларды алып, жоғары көтереді, одан соң қайтадан орнына қояды.

Тәрбиеші қандай балалардың жалаушаны басқалардан бүрын көтергенін белгілеп қояды, содан соң жүгіргендердің бәрі орындыққа отырады, ал олардың орнына сызықтың арғы жағына келесі 4-5 адам тұрады. Барлық бала жалаушаларға бір реттен жүгіріп өткенде ғана ойын бітеді.

  Ескерту. Балалар ойынның осы вариантын жақсы меңгерген уақытта, ойынды күрделендіру үсынылады: жалаушаға баратын жолға 60 см. Биіктікке жіп тартылған тіреу қойылады. Балалар жерге (еденге) қолдарын тигізбей, оның астына кіреді, денесін түзеп, әрі қарай жалаушаға жүгіреді.

 

Қарлы шеңбер ойыны 

   Балалар әрқайсысы 4-5 адамнан тең екі топқа бөлінеді. Дуалға бекітілген екі жалпақ фанердің бетіне дөңгелектер диаметрі 50-60 см. нысаналар сызылады. Нысанадан 3 м. қашықтыққа сызық жүргізіледі.Әр топ сызықтың арғы жағында өзінің нысанасына қарсы сап түзеп тұрады, сызықтан аттауға болмайды.

Әр ойнаушыда 6-3-тен кесек қар бар. Тәрбиешінің «бастаңдар!» деген белгісі бойынша әрбір топ қолындағы кесек қарды лақтырып, өз шеңберлеріне, мүмкіндігінше тезірек  жабыстыруға тырысады. Егер балаларда кесек қарлар таусылып қалса, олар оны сол жерде-ақ сығымдап жабыстырып алады. Дөңгелекті кесек қарлармен қай топ бұрын толтырса, сол топ жеңіп шығады.

Доп мектебі

Ойын үшін кішкене доп беріледі. Балалар  біреуден, екеуден және шағын топ болып ойнайды. Ойын барысында бала қате жібере қалса, допты басқа балаға береді. Ойынды жалғастырған кезде ол қате жіберген қимылдан бастайды.

Қимыл түрлері:

1.  Допты жоғары лақтырып, оны екі қолымен ұстап алу. Допты жоғары лақтырып, ол ерлеп бара жатқан кезде қолдарын алдына ұстап, алақанын соғу.

2.  Допты жерге соғып, оны екі қолымен қағып алу. Допты жерге соғып, бірден қолдарын алға созып, алақанын соғу және допты екі қолымен қағып алу.

3.  Екі-үш қадам алыс  жерден қабырғаға қарап тұру, оған допты соғу және оны екі қолымен ұстап алу.

4.  Допты қабырғаға лақтыру, оның жерге соғылуына мүмкіндік беру, қабырғадан алыстап барып, одан соң допты қағып алу.

5.  Допты жерге оң қолымен бес, сол қолымен бес рет соғу.

Тышқан ұстаушы ойыны

Ойнаушылар тең емес екі топқа бөлінеді. Азы (мәселен ойнаушылардың үштен бірі) тышқан ұстаушылар тобын құрайды. Қалғандары тышқандарды бейнелейді. Олар шеңберден тыс тұрады.Тышқан ұстаушыны бейнелейтін балалар бір-бірінің қолын ұстап, шеңбер бойымен біресе солға, біресе оңға жүре бастап, мына мәтінді айтады:Әй, тышқандар, мазаны алып,Кеттіңдір ғой көбейіп.Кемірумен жазаладың,Сазайыңды берейік.Сақтаныңдар, сақ болыңдар,Сендерге де жетеміз.Құрған торға тап болыңдар,Сендерді қор етерміз!Балалар тақпақты айтып болған соң тоқтайды да, ұстасқан қолдарын жоғары көтереді. Тышқан ұстаушыға жүгіріп барады да бірден екінші жағына асып шығып кетеді. Тәрбиеші «шарт» деп қол соққанда шеңберде тұрған балалар қолдарын түсіреді де отыра қалады, сол кезде тышқан ұстаушы ұстап алған болып есептелінеді. Шеңберден шығып үлгере алмаған тышқандар ұсталған болып саналады. Олар қайтадан шеңбер құра дөңгелене тұрады (тышқан ұстайтын қақпанның көлемі үлкейтіледі).Тышқандардың көбі ұсталған соң балалар рөлдерін ауыстырады да, ойын қайталанады. Тәрбиеші балалардың тақпақты айқын, айқайламай айтуын әрбір буынды мәнерлемей, сөзге түсетін логикалық екпін жасап айтуын қадағалайды. Ойын соңында тышқан ұстаушының қолына бір рет түспеген өте епті тышқандарды атап өткен жөн.

Әткеншек ойыны

Ойнаушылар шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші балаларға ұшы түйілген жіп береді. Балалар оң қолдарымен жіптен ұстап, солға бұрылады да, мына тақпақты айтады:

Әрең-әрең әлдиледі,Әткеншегім ән биледі. Тербеткенде ойнадым ғой, Жүгіруді қоймадым ғой.

Балалар мәтінге сәйкес шеңбер жасап жүреді: алдымен жайлап, содан соң тезірек, ал соңында жүгіреді. Тәрбиеші балалар жүгірген кезде «Жү-гі-ре-міз, жү-гі-ре-міз» деген сөзді айтады.Балалар шеңбердің бойымен екі рет шыққаннан кейін тәрбиеші қимыл бағытын өзгертіп: «Бұрылыңдар» дейді. Ойнаушылар шыр айналып, сол қолдарымен жіпті тез ұстайды да, екінші жаққа жүгіреді.Содан соң тәрбиеші балалармен бірге қарай жалғастырады:Жаймен ғана тербетіңдер,Әткеншекпен ер жетіңдер!Бір, екі, бір, екі,Ойын бітті мінеки!Әткеншек қимылды бірте-бірте жайлай бастайды. «Ойын бітті мінеки!» деген сөздерді естігенде, балалар жіпті тастайды да, алаңмен жүріп тарап кетеді. Балалар біраз тыныққаннан кейін тәрбиеші үш рет қоңырау соғады немесе үш рет дабыл қағады. Ойнаушылар әткеншектен орын алуға асығады, яғни шеңберге барып тұрады да, қолдарына жіп алады. Ойын қайтадан басталады. Үшінші қоңырауға дейін орын алуды үлгермесе, әткеншек теппейді, жаңа отырғызуға басталғанға дейін күтіп тұра береді.Әткеншек ойынын ойнап біткен соң, құрсауды еденге жақсылап жалғастаруы керек, өйткені ойынды қайталағанда, құрсауды тез алып, қайтадан шеңбер жасауына оңай болады.

Мысықпентышқан

   Ойнаушылар дөңгелене тұрады. Мысық пен тышқанды тағайындап алады. Балалардың қалғаны бір-бірінің қолын ұстап, шеңбер жасай жүріп сөздерді айтады.

Васька әппақ қарасақ,

Құйрығы сұр тамаша-ақ,

Жебедей-ақ ұшады,

Көзін жаймен қысады.

Тырнақтарын үндемей,

Ашқан кезде инедей,

Тышқандардың тықырын,

Васька естісе ақырын,

Аңдып аулап алады,

Васька біздің жарады.

«Аңдып, аулап алады» деген сөздерден кейін балалар тоқтайды, шеңбердің уәделескен жерінде екі бала қолын түсіріп, есіктен өтетін жер қалдырады, Тышқан мысықтан қашып, есікке қарай жүгіреді де, шеңбер жасап тұрғандардың қолының астынан өтуі мүмкін. Мысық тышқанды ұстап алатын кезде, бұл рөлге басқа балалар тағайындалады, сөйтіп ойын осылайша қайталана береді.

Егер мысық тышқанды көпке дейін ұстай алмаса, онда тәрбиеші қосымша есік жасатады.

Ойын варианты: Балалар шеңбер жасап тұрған кезде мысық шеңбер ортасында, ал тышқан шеңбердің сыртында жүруі мүмкін. Екінші шумақты айтқан кезде мысық тақырыпқа сай қимыл жасайды, көзін жұмады, тырнағын және т.б. түзетеді

Пятнашкалар (Доп ойынының бір турі)

   Балалар алаңның (оның шекаралары жалаушалармен белгіленген) әр жерінде тұрады. Тәрбиеші тағайындаған немесе балалар таңдап алған пятнашка түрлі байлағыштарды (лентаны) алып,   алаңның ортасында тұрады.

Тәрбиешінің: «Ұста!» деген белгісінен кейін барлық бала алаңмен жан-жаққа жүгіреді, ал басқарушы ойнаушылардың ішінен қайсысын болса да қуып жетіп, оған қолын тигізуге тырысады. Басқарушы қолын тигізген бала бір жаққа шығып тұрады. Пятнашка 3-4 ойыншыны ұстанғанда ғана ойын аяқталады.

Ойынды қайталаған кезде жаңа пятнашка таңдалып алынады. Егер пятнашка 30-40 секунд ішінде ойнаушылардан ешкімді ұстай алмаса, онда тәрбиеші басқа , басқарушыны тағайындайды.

Аққу-қаздар

   Ойнаушылардың ішінен қасқыр мен бақташы таңдалып алынады. Балалардың қалғаны қаз болады. Алаңның бір жағы бойына сызық сызылады, оның сыртында қаздар жүреді. Ол олардың жататын орны. Алаңның шетінен орын сызып белгіленеді, ол — қасқырдың үңгірі. Бақташы қаздарды жайылуға шалғынға айдап шығады. Қаздар шалғында жүреді, ұшады. Содан кейін бақташы былай дейді:

— Қаздар, қаздар!

Қаздар тоқтайды да жауап береді:

— Га, га, га

Бақташы — Қаздар, қаздар, қаңқылдап,

Барасыңдар қай жаққа?

Қаздар: Айна көлі жалтылдап,

Жатқан жасыл аймаққа.

Бақташы: Біздің жерге түсе кет,

Түсіп суын іше кет.

Қаздар: Сіздің жерге түсеміз,

Түсіп суын ішеміз.

Бақташы: — Болсын онда жол жайлы!

Қаздар: — Бізге ол жаққа болмайды,

Жолды тосып сұр қасқыр,

Тау бөктерлеп жүр қасқыр!

Бақташы: — Олай болса қалаған,

Жақтарыңа бар аман!

Қаздар қанаттарын қағып, (қолдарын жан-жағына сермеп, көк шалғын үстімен үйлеріне қарай ұшады, ал қасқыр қаздардың даусын естіп, жүгіріп шығады да, олардың жолын кескестейді, оларды ұстап алуға (қолын тигізуге) тырысады, ұстаған қаздарды қасқыр үңгірге алып кетеді.

Үш-төрт жүгірістен кейін (келісім бойынша) ұстаған қаздардың санын есептеп шығарады. Содан кейін жаңадан қасқыр мен бақташы таңдалып алынады да ойын қайталай береді.

Ескерту. Тәрбиеші ойынды бірнеше рет жүргізген кезде, ол балаларға қаздар көк шалғында жайылып жүреді, шөп жейді, сол кезде олар еңкейеді, мойындарын созады, ал ұшқан кезде қанаттарын қағады (қолдарын жан-жағына сермейді) деп түсіндіреді.

Спорт ойындары

1.Баскетбол. Допты екі қолымен кеуде тұсынан бір-біріне тура лақтырып, қағып алу; допты жүріп келе жатып лақтырып, қағып алу; допты екі қолымен жерге кезек-кезек соғып ыршыту; допты жүріп келе жатып жерге соғып ыршыту; допты кәрзеңкеге екі қолымен лақтырып түсіру; өз беттерімен баскетбол ойнауға жаттығу.

2.  Футбол. Бір-біріне допты екі аяқпен кезек-кезек соғу (тоқтату); екі бала қатар тұрып, допты аяқпен тебе қуып жүгіру; кақпашы болып, доп ұстау; қақпашыға допты екі аяқпен кезек соғу; ұлдар мен қыздар болып бөлініп, футболдың ең қарапайым ережелерін сақтап ойнау ( міндетті түрде төреші сайланады),

3.  Хоккей. Хоккейдің таяғын дұрыс ұстауға үйрету; шайбаны (допты) үй қабырғасына таяқпен соғып, ыршыған допты тоқтатып, қақпаға соғу; ұлдар мен қыздар болып бөлініп, жеңілдетілген ережемен ойнап жаттығу.

4.  Ақсүйек. Ойын ережесін дұрыс түсініп, ойын орнын анықтап сызып, ұлдар мен қыздар болып бөлініп, сүйектің орнына кішкентай резенке добын пайдаланып ойнау.

5.  Қазан доп. Бұл ойынға алдын ала тұрақты орын белгіленеді. Тәрбиеші балаларды ойын ережесімен таныстырып, өзі бірнеше рет ойнатып көрсетіп, жақсы игерген баланы ойын бастаушы етіп сайлайды.

Спорттық жаттығу лар

1. Сырғанау. 1) Аяқпен сырғанау: төбешіктен әртүрлі әдіспен сырғанап түсуге, қоса су құйып әзірленген мұздақ жолмен жүріп келе жатып, тік тұрып, жүресінен отыра қалып сырғанау. 2) Шанамен сырғанау: шанаға 1-2 баладан отырғызып сүйрету; төбешіктен еңіске қарай шананың артынан итеріп келіп, үстіне жата қалып сырғанау.

2.  Велосипед. Тік жолмен, заттардың арасымен әртүрлі көріністер жасап тебу; 100-200 м. жерге жарыса тебу; артына тағы бір баланы тұрғызып алып тебу.

3.  Қазақша курес. Арнаулы параллон матаның үстінде, көгалда күресудің қарапайым әдістерін үйретіп, өздері қолдана білуге жаттықтыру; тізерлеп тұрып және белдесіп күресу; белдесіп тұрып, шалуға жаттығу; ұлдарды екі-екіден шығарып, 1 минут күш санастыру, күрестіру.

4.  Жүзуге дайындық. Судың тайыз жерлерінде етпеттерінен жатып, аяғымен суды шалпылдату; суға етпетінен жатып, қолды жерге тіреп жүріп, аяқпен әртүрлі қимылдар жасау.

Қимылды ойын: ҚУЫРМАШ

   Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру.Ойын шарты: Бұл ойында көбіне балаларды үлкендер ойнатады, тәрбиелік мәні күшті ойын. Балалардың қолын саусақтарының ұшынан ұстап тұрып, алақан қазан қып жалғыз саусағымен қуыра бастайды.-Қуыр, қуыр, қуырмаш-Балапанға бидай шашСонан соң ойнатып тұрған балалардың бір-бірден саусақтарын бүгеді.Бас бармақ,Балан үйрек,Ортан терекШылдыр шүмекКішкене бөбек-Балалар ойынды қызыға ойнайды.-Балалар ойын ұнады ма?-Осы ойын арқылы не үйрендіңдер?-Не білді:Қызықты ойын санауды үйренді.

Қимылды ойын: КӨЖЕКТЕР МЕН ТҮЛКІ

    Мақсаты: Балаларды аңғарымпаздыққа қушылыққа баулу.Ойын шарты:Бір бала түлкі болып сайланады. Қалған балалар көжек бетпердесін киіп, дөңгеленіп отырады.Ойын жүргізіушісі: Көжектерім тұршы Беттеріңді жушыНу орманға барайықТамақтанып алайық.Қаш: Жалаңдаған қу түлкіКеліп қалыпты орманғаКөжектерің қайда деп.Қуып келді соңынанКөжектер ән ырғағымен секіріп, қаша жөңелді, түлкі қуады.

Қимылды ойын: АЮ

  Ойын мақсаты:Балаларды ұйымшылдыққа, алғырлыққа баулу.Ойын шарты:Бір бала аю болып сайланады, Қалған балалар қоян болады. Қояндар орманда ойнап жүріп ұйықтап жатқан аюды оятып жібереді. Аю ашуланып қуа жөнеледі.Ойын 2-3рет қайталанып, аю жаңадан сайланып отырады.

Қимылды ойын: АҚ ҚОЯН

   Ойын шарты:Балалар дөңгеленіп қол ұстасып тұрады, ортада бір бала қоян болады. Балалар барлығы бірлесе қоянды оятуға тырысады.-Қояным,қояным ұйқыңнан тұршыБет-қолыңды жушы,Айнаға қарашы,Шашыңды тарашы,Мәсіңді киші,Көлегіңді киші,Енді бізді қушы-деп балалар қаша жөнеледі.

  Қимылды ойын: ДОП

   Мақсаты: Балаларды ұжымшылдыққа, адамгершілікке баулу.Ойын шарты: Балалар қатарға тұрады екі команда болып межеге допты қай команда бірінші апарады сол топ бірінші орынға, марапатқа ие болады. Ал ұтылған топ таппақ не өлең айтып өз өнерін көрсетеді.

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ӨЛЕҢДЕР МЕН ТАҚПАҚТАР

ШымшықСөзі Қ.Мырзалиевтікі Әні Қ.Қуатбаевтікі

Шымшықтың өр тырнағы,Құдды шабақ қармақтай.Бар тұлғасы, болғаны,Бармақтай-ау, бармақтай!Сонда да ол, асылы,Мешкейлікке меңзейді,Күнде жеке басының,Салмағындай жем жейді!Күнде жеке басыныңСалмағындай жем жейді!

Ерден Атайдың әніСөзі: Ә.АсылбековтікіӘні: Е.Хасанғалиевтікі

Кел,балалар,тұрмаңдарБізде қызық думан бар.Атамыздың алуанЕртегісін тыңдаңдар

Қайырмасы:

Ерте,ерте,ерте,екен,Ешкі-ай жүні бөрте екен.Ертегі сөз қашандаТамашаның көркі екен

Түрлі-түрлі ертегі,Тұла бойды ертеді.Ерте өткен ерлердің,Ерлік ісін шертеді.

Қайырмасы:

Қиялдаймыз,самғаймыз,Кең әлемді шарлаймыз.Ертегісін атайдыңТыңдаудан біз талмаймыз

Қайырмасы:

Ойлан, тап

Сөзі: Қ.ЫдырысовтікіӘні: Ә.Еспаевтікі

Кел балалар,ойнайық,Ойнайық та ойлайық,Қандай жұмбақ болса даШешпей оны қоймайық.

Қайырмасы:

Ал балалар тыңдаңдар,Асығыстық қылмаңдар.Асықпайық деп жәнеБөгеліп те тұрмаңдар.

Бәрің жақсы тыңдаңдар,Бөгеліп көп тұрмаңдар.Жұмбақ та бар аспан көк,Самолетпен зырлаңдар.

Қайырмасы:

Жұмбақтар бар өзен,көл,Пароходпен жүзіңдер,Айдын суға шомылып,Ақ шабағын сүзіңдер

БАЛА УАТУСөзі И.Оразбековтікі Әні халықтікі

Әлди, әлди, балам-ай,Әлди әнге салам-ай.Әлди әнге мен салсам,Балам ұйықтап қала ма-ай.Әлди,әлде, бөпешім,Жылай беріп не етесің.Қазтұрасың ертең-ақ,Тәй-тәй басып кетесің..Балбөбегім базарым,Пәс түспесін назарың.Сенің күлкің ашады Дүниенің ажарын

ТҰСАУКЕСЕРСөзі мен әні К.Палымбетованікі

Бал бөбегім, сен өлеңім,Аймаласам нұр өбемін.Жұпар сенің, құмар еттің,Кеудеме гүл, шынар ектің.

Иіп те мен, сүйіп келем,Құшқан сайын биіктегем.Немереммен керегем кең,Ең қызыққа бөленем мен.

Жібек естім, теңге тестім,Жүйрік бол деп тұсау кестім.Бастың қадам,бол жақсы адам,Ел-жұртыңа болсын бағаң.

АЯУЛЫ ӘНІМ - МЕКТЕБІМСөзі Ә. Аймақтікі Әні С. Сапарәлиевтікі

Мейірімді шапағатын тербеткен,Арманға асқар құлашымды серметкен.Мен бақытты балдырғаның саяңда,Біліміңнің бал-бұлағы шөлдеткен.Қайырмасы:Аяулы әнім - мектебім,Шуағыңда көктедім.Жүрсем-дағы қай жердеКцялымнан кетпедің.Сағыныштың сезімдерін шайқап ән,Ораламыз жылда өзіңе қайтадан.Әліппені жаттатқызған,ұстазым,Сенің ізгі көңіліңнен жай табам.Қайырмасы:Тіршіліктің дүрсілдетіп жүрегін,Мен өзіңнен қанаттанар түлегің.Саған деген махаббатым – әнімдіАсқақтата шырқай салып жүремін.Кайырмасы:

МЕКТЕБІМСөзі Қ. Мыңжановтікі Әні М.Омаровтікі

Ашық-жарқын жүзді,Ұстазың көп ізгі.Мейірімін төккенАялап мың бізді.Қай ырмасы:Әріптерді танып,Білімге еркін қанып,Қардіріңді ұқтық,Жанға ләззат алып.Сен болмасаң мектеп,Мақсатқа кім жетпек.Құшағыңда өстік,Қызғалдақтай көктеп.Әлем сырын ашқан,Шежірең жыр-дастан.Шәкіртіңбіз балғын,Бауырыңа басқан.Қайырмасы:Мамандықты таңдап,Ұштық алыс самғап.Жатыр басқа ұрпақ,Думаныңды жалғапҚайырмасы:

 

КЕШ ЖАРЫҚ

Сөзі Ә. АсылбековтікіӘні А. Қоразбаевтікі

Кел балақай, кеш жарық!Келіп жүрме кеш қалып.«Кеш жарықтан» бастайық,Көп қызықты еске алып.Қайырмасы: Көңілдерге қонып нұр,Кешкі мезгіл болып тұр.Кеңейеді ой-сана,«Кеш жарықты» көріп тұр.Кеш жарықты көресің,Қуанышқа енесің.Жамандықтан жиреніп,Жақсылыққа ересің.Қайырмасы:Құлақ түре қалдың ба?Қызығына қандың ба?Мультфильмдер мың түрлі,Ертегілер - алдыңда.

МЕНІҢ ШӨЖЕЛЕРІМ

Сөзі Н.МүталлибовтікіӘні Г.ГусейнлидікіАударма М.Әлімбаевтікі

Шеп, шеп, шеп, шөжелерім,Шеп, шеп, шеп, шеп, шөжелерім! Мамық жүнді шөжелерім,Нәзік үнді шөжелерім.

Кек шалғында жайылыңдар,Тез,келіңдер,жайылым бар.Әй, менің шөжелерім,Әй, менің шөжелерім,Балғын бөбек, шөжелерім.

Шеп, шеп, шеп, шөжелерім,Шеп, шеп, шеп, шеп шөжелерім!Мамық жүнді шөжелерім!Нәзік үнді шөжелерім.

Не жейсіндер,мен берейін.Су берейін, жем берейін.Әй, менің шөжелерім,Әй, менің шөжелерім,Балғын бөбек шөжелерім, шеп. 3 рет.

Тез-ақ өсіп толарсыңдар,Ақтауықтай боларсыңдар.Әй, менің шөжелерім,Әй, менің шөжелерім,Балғын бөбек шөжелерім. 3 рет

Шеп, шеп, шеп шөжелерім,Шеп, шеп, шеп, шеп, шәжелерім.Мамық жүнді шөжелерім,Нәзік үнді шөжелерім, шеп. 3 рет

Тақпақтар топтамасы

Алғырлығын байқатты,

Маймылды да оқыттым.

Шұлық пенен байпақты,

Өрмекшіге тоқыттым.

****

Секіретін жарысқа

Қостым баптап бүргені.

Биікте де, алыста,

Алып шықты жүлдені.

****

Астанам

Болашаққа бастаған

Шарықтайды асқаған.

Ел ордасы Отанның

Мақтанышым Астанам

Астанамыз Астана

Қазақстанның қаласы.

Ең бірінші ел орда,

Мақтанышым Астана.

 Абайлап жүр,балақай!

Бағдаршамға қарап ап,

Абайлап жүр,балақай.

Ережені білмей қап,

Қапы қалма сақтанбай.

Бағдаршамның жасылы-

Көрсетеді жүруді.

Бағдаршамның сарысы-

Көрсетер тәртіп сақтауды.

Бағдаршамның қызылы-

Көрсетеді тоқтауды.

Әй,балақай,балақай,

Бағдаршамды біліп жүр.

Ережені ұмытпай,

Көшелерде түзу жүр!

Жол белгілері

Қиылыста, жол шетінде, бұрышта.Түрлі-түрлі белгілер бар тұратын.Жүресің бе, жүрмегенің дұрыс па.Не істеу керек? Соған қарап ұғасың,Қызыл шеңбер ішіндегі таңбалар,Әлденеге қатаң тыйым салады.Өміріңді қорғауға олар арналар,Білемеген өкінішке қалады.

«Мына жерге кірмегенің жөн» дейді,«Мына жермен жүрмегенің жөн» дейді,«Кері бұрыл, тоқтама не бұрылма,Сонда саған ешбір қауіп төнбейді».Белгілердің мәнін білу — мықты күш,Келесісі — шеті қызыл үш бұрыш.Бұл белгілер ескертеді, біліп ал,Көңіл бөлмей өтіп кетпе тып-тыныш.

Қиылыс па, бұрылыс па алдыңда.Темір жолға таяп әлде калдын ба,Өзен бар ма, көпір бар ма, ор бар ма?Мекені ме жабайы аң мен малдың да?Соның бәрін біліп ал да абай бол,Сенің аман жүргеніңді қалайды ол.Белгілердің сырын еске сақтап ал,Болашақта жүресің ғой талай жол.

Реттеуші

Бақылап жол тәртібін,Өткізетін әр күнін.Реттеушіні көрдім мен.Қиылыстан дәл бүгін.Ала таяқ қолындаАйтары көп оның да.Не істеу керек, тұрсаРеттеуші жолыңда.

Тік көтерсе таяқты,Баспа алға аяқты.Бағдаршамның бұл белгіСары шамы сияқты.Кеудесімен бұрылса,

Қарап саған бетпе-бет.Тұрғаны оның, ұғынсаң,Жолды жаптым, өпте деп.

Арқа жағын қаратса.Өтіп кетпе аңғармай.Бағдаршамның бұл белі-Қызыл түсі жанғандай,Оң иық, не сол иық,Бұрылғанда сен жаққа.Тұрып қалма мөлиіп,Алға карай тез атта.Реттеуші бұрылды.Бір қырындап тік тұрыпЖасыл жанды дегендіЖүргіншіге ұқтырып.Реттеуші бар көшеге.Тап болса егер кімде-кім.Тек сол берген белгігеКөну оның міндеті.

Бағдаршам

Жолды кесіп өтуге мен қамдансам,Қиылыста қарсы алады бағдаршам.Менікіндей екеу емес, үш көзді,Әр көзінің түсі бөлек, аңғарсаң.

Көзі алысты қалт жібермей қырағы,Бір көз жанса, қалғаны өшіп тұрады.Қызыл, сары, жасыл түсті көздердіңБас әрпінен үш түрлі ұғым шығады:Қ — Қызыл түс — қимылдама, баспа алға,Қиылыста қарап тұрма аспанға.С — Сары түс — сәл сабыр ет, дайындал,Ж — Жасыл түс, жүре бергін, жасқанба.

Жолдан өткенде

Дастан деген баламын,Мектепке енді барамын.Жүруді де үйрендім,Көшесінде қаланың.Жол шетіне келгенде,Тоқтай қалып мен демде.Көз саламын арнайыБелгісі бар жерлерге.Қауіпті ғой көше тым,Қумай жолдың төтесін.Жолақтарды іздеймінЖаяу адам өтетін.Асықпаймын аптығып,Алдым мұны жақсы ұғып.Күйсандықтың тіліндей,Қатар-қатар ақ сызық.Ортасында тұра қап,Оңға, солға бір қарап,Жолдың арғы шетінеЖетіп алам жылдам-ақ.

Көлікке мінгенде

Қаламызда қырандай,Самғар көлік табылар.Троллейбус пен трамвай,Автобустар тағы бар.Автобусқа асығып,Жолды кесіп өтпеймін.Доп тепкендей асырып,Бос қалбырды теппеймін.Жол шетіне трамвайКеле алмайды күтсең де.Болу керек тым абай,Мінгенде не түскенде.Өзім барар бағыттың,Нөмірін де білемін.Ережеге қанықпын,Артқы есіктен кіремін.Жұрт аяғын баспаймынБүлдірмеймін, шашпаймын.Жол ақысын «қоянша»,Төлеместен қашпаймын.Шаршап кейде жүрсем де,Орын берем үлкенге.Қатты шулап тұрмаймын,Құрбылармен күлсем де.Аялдама аттарынЖаңылмастан жаттаймын.Жолда жүру тәртібінМен осылай сақтаймын.

Қайырбек  Шағыр

КӨЖЕК

Мен кішкентай көжекпін,Қорқақ емес өжетпін.Маған зорға тигені-айҮлкендерден кезектің.

Менмін нағыз сұр көжек,Тыңдаңыздар бір мезет.Тұрмын сыйлық алғалы,Ортаңызда тіл безеп.

АЛА ДОП

Ұнайтын шығар қалайда,Құмар ғой барлық бала деп.Бір жастан асқан Арайға,Әкелдім үлкен ала доп.

Қуана жайды құшақты,Қалыпты оны қарбыз деп.Дайындап табақ, пышақты,Шығарды шатақ жарғыз деп.

Төндірді допқа қауіп көп,Қой десек көнбей оқталып.Табанда қарбыз тауып кеп,Қатерден қалдық допты алып.

ӘЛЕМДЕ ЖОҚ БАЛА

Ажар келіп ауладан,Мәз боп бізге қарады.-Тура Арайдан аумаған,Көрдім,-деп,-бір баланы,

«Мұның қалай?» дегендей,Арай кенет бұртиды.Қалды да ана елеңдей,Деді;-Саған кім тиді?Қайталады анасы;-Айт,жазасын берем,-деп.Таңдандырды баласы;-Барлығы да сенен,-деп.-Мен жазып ем саған не?-Деп анасы ойланды…-«Сендей бала әлемдеЖоқ»,-дейтінің қайда әлгі?!

ТҮСПЕЙ ҚОЙДЫ ЕСІМЕ

Бір ініміз үйленіп,Келініміз үйге еніп,Тойда тұтас болуға,Ләйлаға да тиді ерік.

Шаттығының шегі жоқ,Дамыл тапқан кезі жоқ.Ән салып, би биледі,Сұрағы да тегі көп.

-Әке, үйленген уақтыңда,Кеудеңе гүл тақтын ба?Үлбіретіп мама сен,Басыңа ақ жаптың ба?

Көздеріңді сәл ашып,Бір-біріне қарасыпАнау аға, тәтедей,Тұрдыңдар ма жарасып?

Ойладым кеп ойладым,Ойлап таба қоймадым.Ұқсамайды бұған түк,Менің қалған ойдағым…

АЛАТАУ

Балконнан Біржан самарқау,Кірді үйге күн бұлт шақта.-Көрінбейді Алатау,Кетіпті,-деп,-бір жаққа.

Күн ашылды бақша-бау,Алтын нұрға көміліп.Көз тартты Алатау,Балконнан анық көрініп.

Балконда Біржан балақай,Қуанды жер тепкілеп.-Алақай-ау, алақай,Алатау қайтып кепті,-деп.

БОЛАМ

Балаң болам,Ұлың дейтін байтақ ел.Адал болам,Тапсырмаңды айта бер.

Қадам болам,Тек ілгері басатын.Санаң болам,Сәулелі нұр шашатын.

Алаң болам,Жер шарының қамы үшін.Адам болам,Жібермейтін намысын!

ҰЛЫМ ЖАТЫР ҰЙЫҚТАП

Батырындай баяғы ертегінің,Жатуынды-ай ұйықтап,тентек ұлым.Сарбаздарай сақтықты серік еткен,Қысып ұстап сабынан семсерінің.

Сынып мылтық,Майысып қылыш жатыр,Тұрмастай боп құлапты қрысты піл.Арыстан да айырылып айбатынан.

Үркіп барып,Бұғып бір бұрышта тұр.Машиналар жұрдай боп дөңгелектен,Сыры көшіп, өзінен өң де кеткен.Шашылған зат,айнала аңғартады,Кішігірім шайқасты бөлмеде өткен.Төңкеріліп бір шетте жатыр танкі,Аюдыңда көкке ұшқан атақ-даңқы.Шақырам деп тәртіпке титықтағаншешеңнің де басы әне әңкі-тәңкі.

Жайлы төсек іздемей, жасырынбай,Алаңында ойынның жатуыңды-ай.Демін алған жеңістің майданындаЕртегінің байырғы батырындай!

Оразақын Асқар

ҚҰЛЫНШАҚ

Құлдыр, құлдыр құлыншақ,Тентек емес, ұрыншақ.Құлыншақпен ойнаймыз,Ойнаймыз қуыршақ.

МЫСЫҚ

Мынау тұрған мысық,Екі көзін қысып,Ұйықтап отыр маужырап,Сүт көжесін ішіп.

ЛАҚ

Мынау тұрған лақСалпаңдаған құлақ.Су ішетін жеріСылдыраған бұлақ.

БҰЗАУ

Мынау тұрған бұзау,Алдында тұр-ожау.Ұнататын тамағы,Шекер емес,тұз-ау!

Өтежан Нұрғалиев

КӨКЕК

Ұя салып жылылап,Балапанын бақпайды.Сөйте тұра бұл көкек,Өзін-өзі маұтайды.

КЕКІЛІК

Кекілік-ау,кекілік,Тастан-тасқа секіріп,Жүре берсең, тұяғыңКетеді ғой кетіліп?

ТҮЙЕ

Желсе желдей еседі,Күшінің жоқ есебі.Соңдықтан да адамдар,«Жер қайығы» деседі.

БІРЛІК

Жалғыздықты қойыңыз,Жалғызда күш болмайдыБіз-дегенің бірлік қой,Достық гүлі солмайды.

Істегенде бір істі,Жұмылайық бәріміз.Әрі жұмыс тез бітер,Бірігеміз әрі біз.

ҚАРҒА

Қарға неге баласың,«Аппағым» деп мақтайды?Кірпі неге баласың,«Жұмсағым» деп ақтайды?

Бала деген бауыр ет,Отқа салма, күйеді,Құс екеш те осылай,Өз баласын сүйеді.

БАЛ АРАСЫ

Гүлден сорып бал жинапТерлеп жанын қинайды.Және өзіне жиғанын,Адамдарға сыйлайды.

ТЫШҚАН

Тышқан, тышқан, тышқандар,Ойбай, «оны ұстаңдар».Қоймай бәрін өлтіріп.Далаға алыс тастаңдар.

Қап, қалтаны теседі,Ұн, күрішті шашады.Жойылмаса уағында,Тиеді оның кеселі.

ҚҰМЫРСҚА

О, құмырсқа, құмырсқа,Шебер-ақсың жұмысқаАзық жинап қуысқа,Қол жаймайсың «туысқа».

Сағидолла Мұсақынұлы

БІЛМЕЙ ТҰРСАҢ, НЕ ШАРА?!

Әдет, дағды, ишара,Білмей тұрсаң, не шара?!Түсінгендер-бағытты,Түсінбегендер-бейшара.

АРҚАДАН ҚАҒУ

Аға сені байқаған,Қағып қойса арқадан,Ырзалықтың белгісі,Жақсылыққа бұл қадам.

БӨРІК АТУ

Аспанға атып бөркімді,Білдіріп ем еркімді.Шексіз шаттық белгісі,Орындасаң сертіңді.

ТІС ҚАЙРАУ

Таусылса да күш мүлде,Ешқашан да тістенбе.Сабыр қыл да, айла тап,Бір жақсылық істеуге.

ЖАҚ ТАЯНУ

Қиын істен аянба,Жақтарыңды таянба.Торыққанша құр текке,Не болғанын баянда.

МҰРЫН ШҮЙІРУ

Алға тастап бұрымды,Шүйірмеші мұрынды.Менсінбеген түрің бе?Қалған әдет бұрынғы.

БАС БАРМАҚТЫ КӨТЕРУ

Өнерпазға ардақтыКөтерсең бас бармақты,«Бұл-тамаша!»деген сөз,Берген бағаң салмақты.

ҚОЛ СОҒУ

Ырза болсаң, балақай,Дегің келсе: «Алақай!»Ауырғанға қарамай,Соқ қолыңды аямай.

ҚОЛ ҚЫСУ

Төңірегің нұрланып,Блса бәрі бір қалып.Қолын ұстап қысқанның-Жолдасыңы ырзалық.

ҚОС ҚОЛДЫ ЖАЮ

Ата жолын жалғағанБата бермес бар ма адам?!Жайғаның қос қолыңды-Тілек тілеу Алладан.

ҚОЛ БҰЛҒАУ

Бірін-бірі сағынаКөп күткендей сарыла,Қолды бұлғау-қоштасуЖолыққанша тағы да.

ҚОЛ СОЗУ

Созсаң досқа қолыңды,Жалғағаның жолыңды.Қолдың ұшы-қолғабысКөп болғаны орынды.

ҚОЛ ҚУСЫРУ

Жеткің келсе мәреге,Еңбек ету-өнеге.Қол қусырып отырсаң,Тамақ өзі келе ме?!

ҚОЛ УҚАЛАУ

Бар шаруаны бітір де,Жан-жағыңды бүтінде.Қолдарыңды ысып қой,Алақанға түкір де.

Ақылбек Шаяхмет

АУЫЛ ӘУЕНДЕРІ

ТҰМАН

Тұмшалаған көк тұман,Көрсетпейді маңайды.Ығырыңды шығарған,Тұман қашан тарайды.

Күннің көзі көрініп,Жарық нұрын шашса екен.Қуған желден желігіп,Қырдан асып қашса екен.

Сергіп сыртқа шығатын,Үйде қалмай қамалып.\Кле жатыр алақай,Көк күмбезі ағарып.

ҚЫЗЫЛЖАР

Гүл өспеген кәделі,Бауы да жоқ мәуелі,Басқа жерден сонда да,Көрінеді әдемі.

Алдым сапар-жол басын,Кіндік қаным тамғасын.Осы жерде таныспенТуған-туыс, қандасым.

Шағын ауыл шап шағын,Көл көмкерген қапталын.Ұиытпаппын қырат қыр,Бел белестің аттарын.

Жырлар жазсам көшелі,Туған жердің әсері.Жақсы жерге түскен дән,Жайқатылып өседі.

БІЗДІҢ ҮЙДІҢ БАҒБАНДАРЫ

Атам екті бір түпті,Әжем екті бір түпті.Көкем еккен тұқымнан,Қызыл, сары гүл шықты.

Мен де қарап тұрмадым,Шарбақтарды сырладым.Өсіреміз осылай,Бау-бақща мен гүл бағын.

ШЕЖІРЕШІ

-Жеті атаңды білесің бе, балақан?-Өз әкемнен бастап түгел, таратам.-Шатастырмай айтасың ба, аттарын,-Қайта-қайта қайталаумен жаттадым.-Үйренгенің дұрыс болған, қарағым,Жеті жұрттың қамын жеуге жарадың.

БАТҚАН КҮН

Есеп емес сақтығың,Құлақтанып батты күн.Деміне нан піскендей,Баса алмай тұр аптығын.

Ұясына енгені,Түннің таяп келгені.Күн көзіне тәуелді,Бар тіршілік жердегі.

БҰЛАҚ

Болған бұрын бұлақ,Аққан басын құрап.

Жерге тиіп себі,Қаулап белден көгі.

Құмның шөлі қанып,Сылдырап ән салып

Аңдар болды үйір,Дәндер өсті түйір.

Шапқыламай шаппай,Қалды неге ақпай.

Көзін аштым аршып,Атты көкке шапшып.

ТЕҢІЗ

Дақпыртына, даңқына,Ел таңдайын қаққандай.Асығады жағаға.Бұйра толқын ақ маңдай.

Пәті сұмдық күшті екен,Дауылдың бұл желіккен.Қай бағытта ұшты екен,Қасқалдақтар үріккен.

Жеткерген Әбдірайұлы

ОРАМАЛ ТАСТАМАҚ

Ойыншылар айналаАлқа-қотан отырар,Аралары әр балаБір-екі адым бос тұрар.

Қолыңда бар орамалЖетекші ойын бастайды.Жасап жүріп жорамал,Бір жерге оны тастайды.

Жұртты айналып сыртынанСездірместен жүреді.Орамалды ал артынанТауып бірі, біледі.

Тұра сала орнынан,Бастаушыны ол қуады.Қашуға оданБұрыннанАнау дайын тұрады.

Қуғыншы да уысынаОрамалды жасырып,Тастап біреу тұсына,Кетпек қулық асырып.

Осылайша, орамалӘрқайсысына тасталар.Аңқау,ЖалқауБалаларТым жиірек ұсталар.

Ермек Өтетілеуов

Санамақтар

мен

сергіту сәттерінен

жинақтар

Санамақ

Бір, екі, үш,

Бір, екі, үш,

Ал, кәнеки, ұш.

Төрт, бес, алты, жеті,

Төрт, бес, алты, жеті,

Мынау – ауыл шеті.

Сегіз, тоғыз, он,

Сегіз, тоғыз, он,

Ал, кәнеки, қон.

Асықпа да саспа,

Бірден қайта баста.

Санамақ

Бота, түйе,

Құлыние,

Торайошқа,

Қозы, қошқар,

Қодық,құлан,

Көжек, қоян,

Бақааян,

Торғайымшық...

Сен, қал!

Сен, шық! (Қадыр Мырза Әли)

Саусақ санау ойыны

Қуыр- қуыр қуырмаш,

Балаларға бидай шаш!

Тауықтарға тары шаш!

Бас бармақ,

Балалы үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

Сен тұр – қойына бар!

Сен тұр –қозыңа бар!

Сен тұр –жылқыңа бар!

Сен тұр –сиырыңа бар!

Сен тұр –түйеңе бар !

...Ал сен алаңдамай,

Қазан түбін жалап,

Үйде жат.

Мына жерде құрт бар,

Мына жерде май бар ...

Мына жерде қатық бар ...

Мына жерде қытық бар...

Қытық , қытық!

Нешеуміз

Бір үйде нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым - әкем,

Балалы үйрек – анам,

Ортан терек - ағам,

Шылдыр шүмек – мен,

Кішкене бөбек – сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бемеуміз.

Жеті ұл

Сәл демалып, тыным ал.

Тақпақ тыңдап, ұғып ал.

Апта деген ағайдың

Жеті бірдей ұлы бар:

Біріншісі – Дүйсенбі,

Екіншісі – Сейсенбі,

Үшіншісі – Сәрсенбі,

Төртіншісі – Бейсенбі,

Жұма деген – Бесінші ұл,

Алтыншы ұл – Сенбі,

Жетіншісі – Жексенбі.

Санамақ

  • Адамда қанша бауыр бар?
  • Біреу.
  • Қанша өкпе бар?
  • Екеу.
  • Бір тоқсанда неше ай бар?
  • Үшеу.
  • Есеп шығаратын амал қанша?
  • Төртеу.
  • Күнде оқылатын намаз қанша?
  • Бесеу.
  • Әлемде қанша құрлық бар?
  • Алтау.
  • Бір аптада неше күн бар?
  • Жетеу.
  • Малда қанша жілік бар?
  • Сегіз.
  • Домбыраның пернесі қанша?
  • Тоғыз.
  • Цифрлар қанша болды?
  • Он.

Міне өстіп жаңалап

Айтып шықтық санамақ.

Он саусақ

Айтар болсам саралап

Көп қой түрлі санамақ

Бір дегенім – бір саусақ

Екі дегенім – екі саусақ

Үш дегенім – үш саусақ

Төрт дегенім –төрт саусақ

Бес дегенім – бес саусақ

Алты дегенім – алты саусақ

Жеті дегенім – жеті саусақ

Сегіз дегенім – сегіз саусақ

Тоғыз дегенім – тоғыз саусақ

Он дегенім – он саусақ

Он қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Екеуін қосып санап ем

Барлығы болды он саусақ

Барлығыда әп ай ай,

Бейне бір он бауырсақ.

Бір аптада

Бір аптаның күндері өтті:

1.Дүйсенбіде гүлдер ектім.

2.Сейсенбіде алма тердім.

3.Сәрсенбіде су әкелдім.

4.Бейсенбіде бақша баптап,

5.Жұма күні тақпақ жаттап,

6.Сенбіде мен саған бардым.

7.Жексенбіде бір демалдым.

***

Бас бармағым там,

Балалы үйрек – әжем,

Ортан терек - әкем,

Шылдыр шүмек – анам,

Кішкене бөбек – мен.

Міне, менің барлық отбасым.

***

Басталады саусағым бас бармақтан, бірінші,

Балан үйрек болады, санағанда екінші,

Ортан терек биігі тұрып қапты, үшінші,

Шылдыр шүмек келеді

«кезегім» деп төртінші.

Кішкентай бөбек таласпай,

болған екен бесінші.

Қасқыр қақты қақпаны.

-Ашыңдар, тез!-айтқаны.

Сол-ақ екен лақтар-

Титтей-титтей шұнақтар

Жан-жағына жүгірді,

Жасырынып үлгерді.

Бірі - төсек астына,

Бірі - пештің қасына,

Бірі - сәкі астына,

Бір – астына керует,

Бірі –тапқыр керемет,

Отыр бөшке түбінде,

Қанша лақ бар бұл үйде?

***

Бір – дегенім бірлік,

Бірге ойнап күлдік,

Бір үйдегі көп бала,

Бір көлікке міндік.

Екі – дегенім елім,

Ата-мекен жерім.

Ол - өзен, көл, Кең дала,

Ол – тауларым менің.

Үш - дегенің үй,

Үйсіз оңбас күй.

Үй – туған ел бөлшегі,

Соны еске түй.

Төрт атақты төрт түлік,

Төрт түлікте тоқшылық.

Жылқы, сиыр, қой, ешкі

Өсір бәрін көп қылып.

Бес – қолында бес саусақ

Іске даяр тұр самсап.

Тас қамалды бұзамыз,

Жұдырықтай бір болсақ.

Алты- асау арғымақ,

Мінсең шабар арқырап.

Қиялдайды сондайды,

Бәйге сүйгіш әркім-ақ.

Жеті - туған жеріміз,

Біз – туған жер төліміз.

Жиі барсақ ауылға,

Тола түсер кеміміз

Сегіз - дегенің салтанат,

Ел жиналар анталап.

Тәуелсіздік тойы бар,

Сайыс құрар бар талант.

Тоғыз – торғын тоғайың,

Бауыр, туыс, ағайын.

Ұстаздарың, достарың,

Шаттық толы маңайын.

Он – Отанның ардақты,

Ол – қорғаның салмақты.

Сені ақылды болар деп,

Бар тілегін арнапты.

Санамақтар

Бір дегенім – баспақ

Бұзауды жүр бастап.

Екі дегенім ешкі

Ешкі қойдан есті.

Үш дегенім – үйрек

Жем бер, қолға үйрет.

Төрт дегенім – тайлақ

Тайлақты қой байлап.

Бес дегенім – бие

Құлынына ие

Алты дегенім – атан

Мініп жүрген атам.

Жеті дегенім – жорға

Жорғаны мін жолға

Сегіз дегенім – сиыр

Сиыр тұзға үйір.

Тоғыз дегенім – тоқты

Тоқты жемді соқты.

Он дегенім осы

Төрт түліктің досы.

Бір дегенім бүркіт,

Қалады аңдар үркіп.

Екі дегенім есек,

Білмейді ол есеп.

Үш дегенің үкі,

Ұстап жейді түлкі.

Төрт дегенім тиын,

Сан білмесең қиын.

Бес дегенім бұлбұл,

Сайрағанда дүл – дүл.

Алты дегенім арғымақ,

Дөңдеу жерден қарғымақ.

Жеті дегенім жайын,

Жайынның жейміз майын.

Сегіз дегенім серке,

Енесіне ерке.

Тоғыз дегенім түлкі,

Жүрген жері күлкі.

Он дегенім оймақ,

Осы сөзді қоймақ.

*Бір дегенім билік, барлық іске килік

Екі дегенім – ерік, қойма еркінді беріп.

Үш дегенім – үміт, шақырады күліп,

Төрт дегенім – талап, босқа жатпа қарап.

Бес дегенім – бірлік, бірліксіз жоқ тірлік.

Алты дегенім - арман, шығатұғын алдан.

Жеті дегенім – жігер, жеңгеніңді тілер.

Сегіз дегенім – сенім, сенген табар елін.

Тоғыз дегенім – талғам, оқуменен алған.

Он дегенім - өзім , бәрін білер кезім.

Бой сергіту жаттығулары

(Мазмұнына қарай қимыл жасап үйрету)

Ал, балалар, тұрайық

Алақанды ұрайық.

Оңға қарап иіліп,

Солға қарай иіліп

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.

Орнымыздан тұрайық,

Белімізді жазайық.

Жоғары төмен қарайық,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Бойымызға күш жинап

Бір дем алайық.

Кәне, кәне тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық,

Алақанды ұрайық,

Отырып бір тұрайық.

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып,

Бір шапалақ ұрайық.

***

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп - өніп толамыз.

Көкке қарап талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз.

Қарлығаштай қалықтап,

Бір отырып, бір тұрып,

Жаттығулар жасаймыз.

***

Қоюланып тағы бұлт,

Жауды жаңбыр себелеп

Жапырақты жамылып

Бұға қалды көбелек.

Биік болып өсеміз

Жапырақтай жайқалып

Табиғатты сүйеміз

Денемізді тік ұстап

Билеп, билеп аламыз.

Бойды сергек тік ұста,

Емін – еркін тыныста,

Деміңді ішке тез алда

Оң қолыңды соз алға

Қол ұшына қара да

Үшбұрыш сыз ауада

Сол қол бос тұрмасын

Шеңбер жасап тынбасын.

***

Аспанда бұлт торлайды

Жаңбыр жауды себелеп

Кішене бұтақ астына

Тығылып алды сұр көжек.

Жел үрлейді у-у,

Құйын келіп билейді гу-гу,

Қатты – қатты жел соқты.

Жапырақтар қол соқты.

***

Қарлығашқа ұқсайық

Қане қанат жазайық

Қарлығаш боп ұшайық

Ұшып – ұшып алайық.

Бір –екі – үш,

Қарлығаш боп ұш.

Төрт ес – алты,

Қарлығаш боп қалқы.

Жеті – сегіз –тоғыз – он,

Қарлығаш боп қон.

***

Көбелекке ұқсап-ап

Ұшайықшы бәріміз

Оңға қарай бір ұшып

Солға қарай бір ұшып

Шарлайықшы жер шарын

Біздер тату баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз

Жаттығуда сергіп қаламыз

1,2,3 жоғары қолды созамыз

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

***

Күнге қарайық,

Шашымызды тарайық.

Керіліп дем алып,

Бойымызды жазайық.

Секірейік, жүгірейік,

Қуанайық, күлейік.

Отырайық, дем алайық,

Дем алып ап, жүрейік.

Сергіту сәті

Ал, балалар, келіңдер,

Бой жазайық бәріміз-

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз,

Биік болып өсеміз,

Жапырақтай жайқалып.

Табиғатты сүйеміз,

Шетімізден шеберміз.

Денемізді бос ұстап,

Билеп, билеп аламыз.

Аяқтармен топ-топ басып,

Орнымызға барамыз.

Сыңғыр, сыңғыр сыңғырлар,

Құлағымда ырғалар.

Оң қолымда білезік,

Саусақтарда сақина,

Санап көрші кәнекей 1,2,3

Дем аламыз жинап күш.

***

Көтеріліп шаңырақ,

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өріліп,

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер.

***

1,2,3 – ал қанекей ұш,

4,5,6,7 –мынау ауыл шеті,

8,9,10 – ал қанекей қон.

Асықпа да саспа,

Бірден қайта баста.

***

Қорбаң, қорбаң, қорбаңбай,

Келе жатқан аю ғой.

Жақындап оған бармайық,

Қатар, қатар тұрайық

Алыстан байқап қарайық.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу