16 ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ — ҚАЗАҚСТАН» ЕРТЕҢГІЛІГІ
16 ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ — ҚАЗАҚСТАН» ЕРТЕҢГІЛІГІ
Мақсаты :1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.Көрнекілігі:1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті. Жалаушалар.2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.
Тәрбиеші сөзі:Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің тобымыздың»Тәуелсіз елім – Қазақстаным” атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!Мектепалды даярлық тобының ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.Балалар ән ырғағымен залға кіреді.
Сәлемдесу рәсімі
Армыcың, алтын күн,
Армыcың, Жер Ана,
Армысың, көк аспан,
Aрмысың қонақтар,
Армысың, достарым!
Әнұран айтылады.Тәрбиеші сөзі:Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.-Біздің балаларымыз «Отан» туралы өлең айтып берсін.
Әлима:
Кең жазық Отан мекенім,Сен де өсіп көктедімСені қорғау парызым,Мұны біліп өтемін.
Алинұр:
Менің туған ауылым,Туған жерім, мекенім.Өскен жерім Арасан,Жарқырасын жұлдызың.
Нәзипа:
Ұлан байтақ жері бар,Пайдалы қазба кені бар.Тәуелсіз ел — ҚазақстанКөркіне көркі жарасқан.
Едіге:
Отаным менің ҚазақстанМәңгілік сенімен мақтанамСаяңда жүрсем әрдайымКүлімдеп жүрем бақ табам.
Аяла:Тәуелсіз азат елім,Туып өскен- байтақ жерім.Мәңгі жайнап тура берҚазақстаным менің!
Әли:Отаным менің ҚазақстанҚарызбын саған әрқашанАзаматтық борыштыӨтеуге мәңгі талпынам.
Айару:
Туған жер — ата қоныс, атамекен,Бауыры талай жанға болған мекен.Әр ұлттың басын қосқан бір арнағаҚазақ елі — ұлы ел, менің өлкем.
Нұртас:Отаным менің ҚазақстанАтыңнан сенің айналамБас иіп саған өтемінЖасай бер жаса Қазақстан.
Тәрбиеші сөзі:Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар.Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.Бұл күн — Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.
— Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұқанова, Ләззат Асанова сынды апа – ағаларымыз ерлік көрсетті.. Оларға үлкен айып тағылды.Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің жандардың көрінісінен үзінді тамашалаңыздар.
КӨРІНІС
Тәрбиеші сөзі:
Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.Бас алаңда ел жосқан,Жастар қаны жуған түн.16 желтоқсан-Тәуелсіздік туған күн!
-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық. (балалар тақпақтарын айтады)
ІңкәрҚайраттай қайсар ұлдардыңЖанымен келген еркіндікСәбира мен ЛяззаттыңАрымен келген еркіндікҚасірет пен қайғыныңБәрімен келген еркіндікАруОн алтыншы желтоқсанЕл мерейі тасығанҚазақ деген қалың жұртБәрін кешті басынанАйшаОн алтыншы желтоқсанТәуелсіздік алған күнЕрекше боп мәңгілікЕл жадында қалған күн
ЕсенболКөк аспанда тулардыңЖелбіреген күні — бұл,Елім деген ұлдардыңЕлжіреген күні — бұл.ЖәнияӘділеттің ұраны,Ақиқаттың шырағы.Тыныштықтың туы боп,Зор салтанат құрады.АқпейілДүбірлетсін өңірдіДүбірлесін дүлділі.Қазақ деген елімніңҚұтты болсын бұл — күні!
Алмат
Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.Есте сақтап ағалардың ерлігін,Жүректерге сақтау керек үнемі.
Тәрбиеші: біздің балаларымыз «қара жорға» биін билеп берсін.Би: «Қара жорға»
Тәрбиеші: Отан туралы өлең оқып беру«Болса екен қазақ баласы»Ертеңі өсіп елімніңСабырлысы болса екенАр-ұятты айбаттыАзулысы болса екенБатыл, берік орнықтыБайсалдысы болса екенАлғыр, зерек, мейрімдіАқылдысы болса екенТапқыр, шешен талаптыӨнерлісі болса екенОйшыл, өткір, дарындыБілімдісі болса екенСергек, іскер, сезімталСаналысы болса екенПарасатты намыстыОтаншылы болса екенБолса екен қазақ баласыЕл ішінде өсетін«Қайсарлығы қалтқысыз Махамбет қой» – десетінІзгіліккке леп едімЖақсылыққа сеп едімТәуелсіз елдің ертеңінОсылай көрсем деп едім — деп осындай отаншыл бүлдіршіндеріміз аман – есен өсе берсін.Олай болса балалар, «Көк тудың желбірегені» әнін бірге тамашалайықӘн: «Көк тудың желбірегені»Тәрбиеші: Ал, құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін!
Ақсубаева Раушан ЖұмағалиқызыАлматы облысы, Ақсу ауданы, Арасан ауылы,Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебініңқазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру