Бәрі жалған - өлең


Бәрі жалған

Бақытты болу деген үлкен арман,

Бола бермес бақытты барлық адам.

Өмірің өз қолыңда білесіңбе?

Тағдырдың жазғанымен бәрі болған.

Өткен істі қайтару келмес қолдан,

Өткен өмір шықпайды қайта алдыңнан.

Тағдырдың айтқанымен бәрі болар,

Себебеі бұл өмірде бәрі жалған.

Білмедім мен дәл осылай болатынын,

Құдайдың қайта беріп, алатынын.

Бұл өмірдің ащы сынағы көп,

Күндерімнің жалған болатынын.

Алаңсыз өмірімді сүремін,

Алаңсыз мәз болып-ақ күлемін.

Өміріміз алдымызда білемін,

Бәрінің жалғандығын түсінемін.

Барлығы бақытты ғұмыр кешсін деп,

Бар болғаны сол ақ менің тілегім.

Бәрі де бақытты өмір сүрсін деп,

Құдайдан күні-түні тіледім.

Бұл дүниенің жалғандығын еске алып,

Ойласамда ауырады менің жүрегім.

Қу дүние пендесін аядыма,

Төтеп беріп, жалғандыққа төземін.

Бәріміздің өміріміз әлі алда,

Себебі мен батылдықты сеземін.

Барлығы ауыртпашылық көрмесін деп,

Өмірдің сынағында жүземін.

Еліміз бейбіт өмір сүрсін деп,

Отқа жанып, суға да мен түсемін.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу