Мен - Ұлы Даланың перзентімін эссе


Мен - Ұлы Даланың перзентімін.

Мен -Ұлы Даланың перзентімін! Бұл сөзді мен үлкен мақтанышпен айта аламын. Менің елім тау мен тасына дейін қасиет тұнған киелі мекен. Ұлан-ғайыр даланы мекендеп, көшіп-қонып жүрген бабаларымыз ұлттық өнер мен мәдениетті қалыптастырған. Ұлы даламыздан өркениет дамып, күллі әлемге тарағанын Елбасымыздың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласынан білуге болады. Қанша ғасырды ,қанша қиындықты басынан өткерсе де халқымыз сол асыл мұрасын жоғалтпай келеді. «Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі!» деген Елбасымыз айтулы мақаласында. Өткенді білмей болашаққа қадам басу елсіз жерде адасқанмен бірдей. Елбасымыз 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Жастар жылының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде жастар өз отанын мақтан етіп қана қоймай оның тарихын жақсы білу керектігін баса айтты . «Жастық шақтың күш-қайратын егемен еліміздің өркендеуіне жұмсай беріңіздер!» деді . Сондықтан, тарихымызды танып, оны өзгеге де таныта білу, еліміздің дамыған елдермен терезесі тең болуына атсалысу біздің, яғни Ұлы Дала перзенттерінің борышы деп білемін!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу