Экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысы. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал. 1 - сабақ.
Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
Экожүйелер – бір-бірімен және қоршаған ортаның жансыз бөлігімен байланысқа түсетін тірі ағзалардың өз-өздерін қолдай алатын жүйелері. Экожүйенің тірі бөліктері “биотикалық” факторлар деп аталады, оларға барлық өсімдіктер мен жануарлар және олардың арасындағы қарым-қатынас жатады. Ал “абиотикалық” факторларға ауа, топырақ, тас және су секілді жансыз табиғат бөліктері жатады.
Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Топтық ойын барысында орын ауыстыру және партада дұрыс отыруына назар аудару. Оқушылардың өз заттарын сабақ барысында кедергі келтірмейтіндей қауіпсіз орналастырып қоюына назар аудару.
Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Сабақтың бастапқы кезеңінде оқушыларды топқа бөліңіз. Оқушылар алдыңғы білімдерін экожүйенің құрамдас бөліктерін анықтау арқылы көрсетеді.Оқушыларға жасалған жұмыс бойынша міндетті түрде кері байланыс ұсыну қажет.
Сабақтың орта кезеңінде оқушылар мәтінмен танысып, экожүйе ерекшеліктерімен танысады. Топтық жұмыс барысында оқушыларға әртүрлі экожүйелерді беру керек. Оқушылар әр топтың жұмыстары мен жауаптарын бағалап, экожүйелердегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтайды. Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет.
Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Оқушылардың тиісті пәндік терминологияны қолдана білулері тексеріледі. экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуы себептерін түсіндіре білулері, энергия мен заттардың ауысуы мысалдарын анықтап, себептерін көрестуіне кері байланыстар беріледі.
Сабақтың басталуынан бастап соңындағы рефлексия жүргізуге дейін қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Сабақтың басындағы талқылау кезінде экожүйедегі факторларды түсіндірулеріне назар аудартылып, кері байланыс беріледі. Мысалы, оқушы термин сөзін қолданса, осы термин орынды қолданылды, мына терминді атағаныңыз жақсы болды деген сияқты. Оқушылардың мәтінмен жұмыс жасаған кезінде әр оқушыға сұрақтар қою арқылы олардың дұрыс бағытта жұмыс жасауына көмек көрсетіледі.
Есеп шығарған кезде оқушыларға ұсынылған дескрипторлар бойынша бағалау жүргізіледі.
Саралау тапсырмалары
Сабақты бекітуге арналған деңгейлік тапсырмаларды оқушылардың қабілеттеріне байланысты ұсынылады.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы «Мен үшін...» деп әдісі бойынша дәптерге жазбаша рефлексия жасауы қажет. Оқушы сыныптастанына өз жауабын «автор орындығы» әдісі бойынша таныстырады.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру