Сағаттық белдеулер. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақтың бастапқы кезеңінде оқушылар өз қалауларымен топтарға бөлінеді. Оқушылар алдыңғы білімді жаңғырту мақсатында жергілікті жердің планын сызады. Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылардың жауаптарын толықтыруға болады. Оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну керек. Оқушыларға сабақ мақсатын және бағалау критерийлерін өз бетінше анықтауға мүмкіндік беріңіз.
Сабақтың орта кезеңінде оқушылар академиялық тілді дамыту мақсатында мәтінмен жұмыс жасайды. Содан кейін өзара түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Қабілеті жоғары оқушыларға өз беттерінше есеп құрастыру ұсынылады. Қабілеті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі. Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырмаға дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекіту барысында оқушылар өздік жұмыстар орындайды.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы «+-!» деп аталатын әдіс бойынша дәптерге жазбаша рефлексия жасауы қажет. Бірнеше оқушы сыныпқа өз жауабын оқиды.
Пайдалы сілтемелер:
http://www.gmt.su/time-calculator
http://www.timezone.me/ru/time-zone-converter
https://24timezones.com/mirovoe_vremia.php
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.