Өсімдік қалай дамиды? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 4

Бөлім: Жанды табиғат. Өсімдіктер

Мектеп:

Мұғалім:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні

Тақырыбы

Өсімдік қалай дамиды?

Оқу мақсаты

4.2.1.2 өсімдіктің тіршілік циклін сипаттау;

4.1.2.1 зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;

4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.

Сабақтың мақсаты

Өсімдіктің тіршілік циклінің әр кезеңінде жүретін өзгерістермен танысады.

Бағалау критерийі

Тіршілік циклінің әр кезеңінде жүретін өзгерістерді сипаттайды.

Әр кезеңдегі өсімдікті атайды.

Тілдік мақсат

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Тіршілік циклі

даму кезеңі

Құндылықтар

Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу. Өз денсаулығын күту және саламатты өмір салтын сақтау.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Гүлдің құрылысымен, өсімдіктің қалай тозаңданатымен таныс. Тұқым түзілу жолын біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау.

Эксперимент туралы есеп.

Бұл тапсырма өткен тақырыппен тығыз байланысты. Үшінші сабақта отырғызылған үрмебұршақтың өсуін бақылау экспериментті қорытындылау.

Алдымен Негеш пен Эвриканың диаграммаларын зерделеу.

Диаграммалардан ақпарат алу, қолдана білу дағдылары дамытылады.

Диаграммадан нақты сандық нәтижелерді көреді.

Жұптық жұмыс. Диаграммаларды салыстырып, олардың айырмашылығын түсіндіру. Дәптерде орындау. (Сұрақтардың жауабын нұсқаулықтан қараңыз).

Үрмебұршақтың тіршілік циклінің қандай кезеңдер арқылы жүретінін түсіндіру.

  • Бұл білімді өмірде қалай қолдануға болады?

Суреттер

Диаграммалар

Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс.

Қатесін тап. Алма мен шие ағаштарының тіршілік циклдерін зерделеу, қатесін табуға тырысу.

Дұрысы «тұқым» – «өскін» – «ағаш» – «гүл» – «жеміс» – «тұқым» болуы керек.

  • алма ағашының дамуында «гүлдеу» кезеңі түсіп қалған.
  • шие ағашында «жеміс» белгіленбеген, «тұқым» деп көрсетілген жерде «жемістің» болатынын, ал «тұқым» суреттің ең басында тұрады.

ҚБ. топтардың бірін-бірі бағалауы.

 Зерттеу жұмысы. Жұпта немесе топта орындау. Қарағайдың бүрлерінің жиынтығын, гербарийі мен суреттерін, бейнежазба немесе таныстырылым ұсыну. Мақсаты: білімді практикада қолдана алу және зерттеу дағдылары деңгейін байқау.

 Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық

 1. Қолда бар ресурстарды зерделеу.

 2. Қарағайдың даму кезеңдерін анықтау.

 3. Қарағайдың тіршілік кезеңдерін ретімен жазу.

 4. Қорытынды жасау.

Қарағайдың тіршілік кезеңінде қандай мүше түзілмейді? (Гүлдің түзілмейтінін білу маңызды). Қарағайдың жемісі бола ма?

Зерттеу нәтижесінде қарағайдың гүлі мен жемісі болмайтынын, тұқымы бүрде жетілетінін түсінеді. Зерттеуді жүргізу барысында қалыптастырушы бағалау жүргізу.

 Ойлан. Өсімдік өсуі үшін әр кезең маңызды. Гүлді өсімдіктердің тұқымы оның гүлінде түзіледі, егер оны жұлып алса, өсімдік тұқым түзе алмайды. Тұқым түзілмесе, өсімдіктің тіршілігі тоқталады деген қорытынды жасалуы тиіс. Сондықтан адам осы кезеңдердің дұрыс өтуін қамтамасыз етуі керек немесе өсімдіктің дамуына кедергі жасамауы керек.

 Сен білесің бе? Бұл пальма Сейшель архипелагының құрамына кіретін аралдарда өседі. Сейшель пальмасының тұқымы – әлемдегі ең ірі тұқым. Бұл пальманың жемісінің өзі өте үлкен, онда небары 2–3 тұқым түзіледі. Сондай-ақ оның суреті Сейшель аралдары республикасының гербінде бейнеленгенін айта кетуге және бұл аралдарды картадан тауып көрсетуге болады.

 Өзіндік жұмыс.

 12-жұмыс парағы. Өсімдік неге тұқым түзеді?

Зерттеу нәтижесін тірке. Өздері өсірген үрмебұршақ тамырының ұзару жылдамдығын диаграмма түрінде көрсету. Ол үшін өзі өсірген үрмебұршақтың тамырының ұзындығы жазылған кестедегі деректерді пайдалану.

Есеп дайында.

Зерттеуде қандай тәсіл қолдандың? (Өлшеді, бақылады, деректерді жазды немесе тіркеді, болжады, салыстырды, жоспарлады, зерттеу жүруіне байланысты шамаларды, әсер етуді өзгертті, яғни су құйды, жарықпен, жылумен қамтамасыз етті, т. с.с).

Үрмебұршақты өсіру барысында өсімдіктің тіршілік кезеңдері жөнінде не түсіндің? (Тіршілік даму кезеңдерінен тұрады және үнемі ретімен қайталанады, егер бір кезең дұрыс жүрмесе, тіршілік үзіледі).

Эксперимент үшін таңдаған тәсілдеріңнің қандай артықшылығы болды? (Үрмебұршақты Петри табақшасында өсіргенде оның тіршілік кезеңдерін бақылау мүмкіндік болды. Тамырдың немесе сабақтың ұзаруы, жапырақтың енін өлшеу арқылы өсімдіктің өсу жылдамдығын анықтау мүмкін болды).

Таңдалған тәсілдерді жақсарту үшін не істеуге болады? (Кемшіліктері: тамыр жан-жаққа өсетіндіктен кейбір жіңішке тамырларға су жетпей, өсуі баяулады. Петри табақшасындағы су буланып, өскінге су жетіспеді. Шешу жолы: тұқымға суды үзбей құйып отыру; тұқымды табақшада емес, сынауықта өсіру; мақтаны көбірек салу, т.с.с.).

13-жұмыс парағы. Ретін тап.

Раушан қалай өседі? Ұсынылған сипаттамаға сай келетін өсімдік мүшелерін анықтау, суретін салу.

Цикл суреттері\ сызбалары

Қарағайдың бүрлерінің жиынтығы, гербарийі мен суреттері, бейнежазба немесе таныстырылым

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Рефлексиялық кезең.

Сабақ кезеңдерін пысықтау. Бүгінгі сабақтан не үйрендің?

Кері байланыс. Кеменің желкенін боя.

Жасыл түс – тапсырмаларды сәтті орындадым, бәрін түсіндім.

Сары түс – қиындықтарға кез болдым. Бірақ бәрі сәтті аяқталды.

Қызыл түс - маған көмек қажет.

ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы

Кері байланыс парағы

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сұрақ қою барысында саралау

Тапсырмалар бойынша саралау:

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

-мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

- өзін өзі бағалау;

- мұғалімнің жазбаша кері байланысы;

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;

-оқушылардың кері байланысы

- Сабақ барысында іс әрекет жиі ауыстырылады;

- қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.