Тыныс алу құпиялары. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

  • Пән: Жаратылыстану
  • Сынып: 3-сынып
  • Бөлім. Жанды табиғат. Адам
  • Мектеп:
  • Модератор: Данабаева М.А.
  • Қатысқандар саны:
  • Қатыспаған оқушылар:
  • Күні:
  • Тақырыбы:
  • Тыныс алу құпиялары.

Оқу мақсаты:

3.2.3.3 тыныс алу жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;

3.2.3.1 адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау;

3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау.

Сабақтың мақсаты:

Тыныс алу жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттайды, адамның ішкі ағзаларының орналасуын біледі.

Бағалау критерийі

Тыныс алу жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттайды;

Адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтайды;

Эксперимент жоспарлайды, жүргізеді, қорытындылайды.

Тілдік мақсат

Адамның ішкі ағзаларын айта алады, ішкі ағзалардың орналасуын сипаттай алады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Көкет

Құндылықтар

Өзара сыйластық, ынтымақтастықта жұмыс істеу. Өз денсаулығын күту және саламатты өмір салтын сақтау.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Тыныс алу мүшелері.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

3 минут

Ұйымдастыру. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, көңіл-күйді білдіретін смайликтерді таңдап, өлең жолдарын айтады.

 Сәттілік біздер тілейік,

 Мен саған, сен маған

 Күндей күліп жүрейік,

 Күннің нұрын төгейік,

 Мен саған, сен маған.

«Пазлдар» кіріспе тапсырмасы.

Тапсырманың мақсаты: тыныс алу жүйесін қандай мүшелер құрайтынын еске түсіру. Оқушылар тыныс алу жүйесіне арналған пазл арқылы немесе «Поле чудес» ойыны арқылы шыққан сөздерді адам макетінің керекті жеріне жапсырады. Талқыланатын сұрақтар:

- Тыныс алу мүшелері қалай жүйе құрайды?

- Тыныс алуды жақсарту үшін не істеуге болады?

- Қандай жаттығулар орындау керек деп ойлайсың?

Тыныс алу жүйесін шартты түрде жоғарғы (мұрын қуысы, жұтқыншақ) және төменгі (кеңірдек, ауатамырлар) тыныс алу жолдарына бөлуге болатынын талқылау.

ҚБ Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Слайд №1

Пазл немесе поле чудес тақтасы

Слайд№ 2

Сабақтың ортасы

4 минут

4 минут

2 минут

3 минут

2 минут

5 минут

4 минут

1 минут

5 минут

Көкет.

Мақсаты: Кеуде қуысына байланысты өкпе кеңейіп әрі жиырылатынын анықтап, диафрагма мен қабырғааралық бұлшық еттердің ерекшелігін түсінеді. Тапсырма оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытады.

Оқушылар кеудесі мен диафрагма аумағына қолдарын қойып, мұрын арқылы дем алу керек. Сұрақтар:

- Жаттығуды орындау барысында нені байқадыңдар?

- Дем алғанда кеуде қуысы қалай өзгерді?

- Ал дем шығарғанда ше?

- Диафрагма тыныс алу кезде қандай өзгерістерге ұшырады?

Оқушылар тапсырманы орындауда қандай әсер алғандарымен бөліу.

Саралау. Ынтасы жоғары оқушыларға диафрагма жұмысының ерекшелігі туралы жазба жұмысын тапсыруға болады.

ҚБ Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Диаграмма. Мақсаты: Өкпені толтыратын ауа көлемі туралы біледі. Оқушылар зерттеу жұмыстары жалғасын табады. Оларға шарды бір рет үрлеп, үрленген шарды салыстыру ұсынылады. Талқыланатын сұрақтар:

  • Шардың көлемі неге әртүрлі болды? Қалай ойлайсыңдар?
  • Шарлардың көлемі бірдей болу үшін не істеуге болады?

Тапсырмада екінші рет шарды үрлеу ұсынылады. терең дем алып әрі терең дем шығарып болған соң қайтадан шарды үрлеуді ұсыну керек. Сұрақтарға жауап беру.

  • Енді шардың көлемі қандай болды?
  • Адамның дем алғаны шарға ұқсас па? Қалай ойлайсыңдар?
  • Өкпеге ауа қалай барады?
  • Өкпедегі ауаның көлемі адамның жасына, бойына байланысты ма?

ҚБ Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Зерттеу жұмысы.

Мақсаты: Терең дем шығарудың көлемін анықтайды. қандай болатынын анықтайды, адамдар терең тыныс алғаннан кейін терең дем шығаратынын түсінеді.

Топқа біріктіру. «Қайық» ойыны арқылы топқа біріктіру. Оқушылардың санын топ санына байланысты өзертуге болады.

«Қайық» дегенде 4 оқушы бірігеді;

«Ескек» дегенде 2 оқушы бірігеді;

«Желкен» дегенде 3 оқушы бірігеді.

Ресурс таратып беру: 2 литрлік пластикалық бөтелке, 5 литрге жуық суға арналған пластикалық контейнер, жұмсақ 30 см пластикалық түтікшелер, 1 литрлік өлшеуіш, маркер.

Зерттеу барысы:

- Бөтелкеге су толтыру.

- Бөтелкенің аузын алақанмен жауып, оның басын төмен қаратып, су толы ыдысқа батыру. Бөтелкенің ернеуі суға батып тұратындай етіп ұстау.

- Ақырын бөтелкенің ауызына пластикалық түтікшені салу.

- Терең тыныс алып, түтікше арқылы терең дем шығару.

- Өлшеп көру, барлық топтың мәліметтерін жинау.

- Мәліметтерді талдап, қорытынды жасау.

Саралау: Ынтасы жоғары оқушылар зерттеу жұмысын тағы басқа қалай жүргізуге болатындығын болжауға нұсқау беру.

Зерттеу жұмысын қорытындылау: Түтікше арқылы бөтелкеге кірген ауа суды итеріп шығаратынын түсінеді. Олар су деңгейін өлшеу арқылы ауаның да көлемін өлшей алады. Оқушылар дереккөздердің артықшылығы мен кемшілігін анықтауды үйренеді. Қорытындылау мақсатында төменгі сұрақтар қойылады.

- Түтікше арқылы шығарылған демнің көлемін қалай өлшедіңдер?

- Тыныс алудың қай түрін терең тыныс алу деп атайды?

- Оқушылардың белгілеген шамалары неліктен әртүрлі?

- Айырмашылықтарын қалай түсіндіруге болады?

ҚБ Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы

Сен білесің бе? Оқушыларға адам өкпесінің көлемі туралы ақпарат беру.

Өкпе күтімі. Топ ішінде кластер құру. «Денсаулықты сақтау үшін қандай шараларды жүзеге асыруымыз қажет?» деген сұраққа жауап беру. Әр топтың ұсынған кластеріне назар аударып, оқушылардың шығармашылығын бағалау.

Ойлан. Оқушылар тыныс алу жолына түскен бөгде заттардың әсерінен шырышты қабат тітіркенетінін түсінеді. Ал оларды сыртқа шығару үшін адамның түшкіретінін және түшкірген кезде ауа тітіркендіргіш шаң-тозаңмен бірге сыртқа шығатынын анықтап, талдайды.

Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау.

  • Сабақтың ортасында неге жаттығу жұмыстарын жүргізу керек?
  • Ал егер жаттығуларды жасамаса не болады деп ойлайсыңдар?

Жеке жұмысқа дәптердегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.

37-жұмыс парағы. «Тыныс алу құпиялары», 39-б.

Терминдер. Филвордтан тыныс алу жүйесі мүшелерінің атын табу.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

  • Тыныс алу жүйесі мүшелерінің атауын біледі.

Біз қалай тыныс аламыз? Сөйлемдерді толықтыру арқылы оқушылар өкпедегі ауа алмасу үдерісін түсіндіреді.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

  • Адам өкпесіндегідегі ауа үнемі жаңаратынын біледі;
  • Тыныс алуды дем алу және дем шығару деп біледі;
  • Тыныс алғанда кеуде қуысының кеңейетінін біледі;
  • Ауа тыныс алу жолдарымен өкпеге қарай өтетінін түсінеді;
  • Адам тыныс шығарғанда, кеуде қуысы қысылып, ауа сыртқа шығатынын біледі.

38-жұмыс парағы. «Тыныс алу», 40-б.

Зерттеу. Оқушылар диаграмманы оқып, деректерді жазады, қорытынды жасайды.

ҚБ Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы

Оқулықпен жұмыс

Слайд №3,4

Шар

Слайд №5

Оқулықпен жұмыс

2 литрлік пластикалық бөтелке,

5 литрге жуық суға арналған пластикалық контейнер, жұмсақ 30 см пластикалық түтікшелер,

1 литрлік өлшеуіш, маркер.

Слайд №6

Слайд №7

Кластер құруға керекті құралдар: ватман, маркер.

https://www.youtube.com/watch?v=fY0N407XXj0&list=PLyv3wPdSdAyAnTf__b3HqZSNEQ7O4GRNX

Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс. SWOT талдау стратегиясы арқылы сабаққа кері байланыс беру.

Слайд №8

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Сабақ барысында

-мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау.

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау.

Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу