Өкпені шынықтыру. Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.
Әдістемелік нұсқаулық.
3- сынып. Жаратылыстану. Жанды табиғат. Адам.
Өкпені шынықтырамыз.
Сабақта жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:
3.2.3.1 адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау;
3.2.3.3 тыныс алу жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау.
Алдынғы сабақтан оқушылар тыныс алу мүшелерінің қандай болатынын және тыныс алу құпиялары туралы біледі. Осы сабақта Өкпені қалай шынықтыру керектігін түсінеді. Сонымен қатар сабақ толығымен зерттеу жұмысы ретінде ұйымдастырылады. Жаратылыстану пәнінің басты мақсаттарының бірі оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру екені белгілі. Сондықтан бұл сабақтағы жұмыстар оқушыларды зерттеу (эксперимент пен бақылау) жүргізу дағдыларын жетілдіруге бағытталады.
Ұйымдастыру. Оқушыларды «Шаттық шеңбер» бойымен жинау. «Менің ақ тілегім» ойыны бойынша бір-біріне тілек айту. Оқушылар сабақ бойы тәжірибе жасайтыны ескеріледі.
«Дұрыс тыныс алу» кіріспе тапсырмасы.
Мақсаты: Тыныс алу жүйесі жұмысының өзгерісі туралы біледі. Дұрыс тыныс алудың пайдасын сыныпта талқылап, қорытынды шығару. Мұғалім оқушыларға кезекпен «Ыстық картоп» лақтыра отырып, өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды.
Талқыланатын сұрақтар:
- Денеге салмақ түскен жағдайда тыныс алу жиілігі қалай өзгереді?
- Дене сымбатын қалай қадағалап отыруға болады?
- Денемізді еңкіш ұстау тыныс алуға қалай әсер етуі мүмкін? Адамдар неге жиі тыныс алады?
- Тыныс алу жүйесінің ағзадағы қызметі қандай?
ҚБ Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау.
Бүгінгі сабақта өкпені қалай шынықтыру керектігін зерттеп, тыныс алу жүйесінің қалай жұмыс істейтіні туралы оқитынын хабарлау.
Зерттеу мәселесі. Сұрақ таңдаймыз. Оқушылар топтасып, тыныс алу жиілігін зерттеуге қажет сұрақты таңдайды.
Оқушыларды топтарға біріктіру үшін түрлі-түсті кеңістік фигураларды пайдалану.
Талқыланатын сұрақтар:
- Олардың нені білгісі келеді?
- Нені анықтауға тырысамын?
- Мен нені зерттеп отырмын?
Талқылауға және зерттеу сұрақтарын жазып алуға уақыт беріп, барлық топтың жауабтарын тыңдау ұсынылады.
Болжам жасау. Талқыға алынған сұрақтар негізінде оқушылар тыныс алу жиілігіне не әсер ететіні туралы болжам жасайды.
ҚБ Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.
Тыныс алу жылдамдығы.
Тапсырманың мақсаты: 1 минут ішінде адам қанша рет тыныс алатынын зерттеу.
Ол үшін «Қызықты уақыт» ойыны арқылы оқушылар орындықта отырып, бір алақанын кеудесіне қойып, тыныс алады. Кеуде қуысының көтеріліп-түскенін сезіну арқылы қанша рет тыныс алғанын санайды.
Зерттеу жұмысын жоспарлау.
Зерттеу жұмысын жоспарлауда келесі сұрақтарға жауап іздеу. Сұрақтар:
- Зерттеу жұмысының айнымалы шамасын қалай анықтаймыз?
- Нені өзгерте аламыз?
- Оны қалай жасаймыз?
- Қандай шаманы өлшейміз?
Оқушылардан өзгермелі, айнымалы шамалар деген ұғымды қалай түсінетіндерін сұрау, жауаптарын талқылау.
Зертте.
Зерттеудің мақсаты: Адамның тыныс алу жиілігі денеге түскен күштің әсерін анықтау.
Зерттеу жұмысын оқушылар жұптасып орындайды. жұппен орындайды.
Ресурстарды таратып беру: кесте, секундомер
Зерттеу жүргізу:
- Бір оқушы отырып, бір минут ішінде қанша рет дем алғанын санау. Алынған мәліметтерді кестеге түсіру.
- 15 рет отырып-тұрады, бірден орындыққа отырып, қанша рет дем алатынын есептейді. Алынған мәліметтерді кестеге жазу. Бес минут демалып, тыныс алуын қалыпқа келтіру.
- 25 рет отырып-тұрып, тәжірибені қайталау.
- Басқа жұптардың нәтижелерімен өз шығарған нәтижелерін салыстыру. Қорытынды жасау.
Саралау: Ынтасы жоғарырақ балаларға бұл тәжірибені қайтадан жасайтын болса, қандай өзгерістер енгізер едің деп нұсқау беру.
Зерттеу жұмысын қорытындылау. Нәтиже. «Менің сөзім» ойыны арқылыәр жұп өздерінің жасаған зерттеулерінен үзінді келтіреді. Сыныпта өз белсенділіктерін, шығармашылықтарын көрсету. Басқа топтың жауаптарын тыңдап, талқылау.
Зерттеу жұмысы бойынша тұжырым. Үлгі бойынша тәжірибенің қорытынды есебін жазу. Зерттеу нәтижелерін диаграмма түрінде жазу.
ҚБ. Мұғалімнің оқушылардың жұмыстарына «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.
Сен білесің бе? Марафоншылардың тыныс алу ырғағы жайлы ақпарат беру.
Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау.
Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.
39-жұмыс парағы. «Өкпені қалай шынықтыруға болады?», 41-б.
Жарыс. Оқушылардың білімдерін бекіту.
Бағалау.
Критерий:
- Диаграмманы оқиды;
- Ақпаратты талдайды.
Дескриптор:
- Ең көп жаттығу жасаған баланы анықтайды;
- Дем алу жиілігін анықтайды;
- Тез тыныс алған баланы табады.
ҚБ. Мұғалімнің жазбаша бағалауы.
Қосымша ақпарат.
Дұрыс тыныс алу кезінде иық қозғалмайды, кеуде болар-болмас көтеріліп, басылады. Ішпен демалған кезде іш көтеріліп, басылып тұрады. Дұрыс тыныс алу кезінде минутына 8-12 рет дем алу және шығару жүзеге асады. Табиғи тыныс алу еш дыбыссыз, терең және жеңіл жүреді. Тыныс алу бұзылған кезде адам көкірегімен тыныс алады, минутына 13-18 рет дем алып, шығарады. Ол мұрнымен демді қатты тартып, тез шығарып отырады. Дем алған кезде көкірегі көтеріліп, басылып және шуылдаған дыбыс шығарады.
Тыныс алу бұзылған кезде ауа тек өкпенің төменгі жағына барады, яғни адам ағзалары толық оттегімен нәрленбейді. Ауаның жетіспеушілігін жою мақсатында адам жиі тыныс алады. Бірақ осылай жиі тыныс алу ағзалардың оттегіге деген мұқтаждығын қанағаттандырмайды, керісінше тыныс алу органдарын шаршатып, әлсіретеді.
Дұрыс тыныс алмайтын адам тез шаршайды, үнемі әлсіздікті сезінеді. Ұйықтаған кездегі қорылдау да тыныс алу жүйесінің бұзылуын көрсетеді. Дұрыс тыныс алу кезінде барлық клеткалар оттегімен ғана емес, өмір қуатымен – жапонша айтқанда ки қуатымен нәрленеді. Ал тыныс алу бұзылған жағдайда көптеген клеткаларамыз оттегіні де, өмір қуатын да ала алмайды.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру