Жасанды жарық көзі деген не? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Пән: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3В-бөлім Жарық Күні: 25/02/16 Сынып: 1А |
| ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Жасанды жарық көзі деген не? | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.8.1.1 Табиғи және жасанды жарық көздері бар екенін білу және оларды атау (күн, электр қуаты, от) 1.1.1.2.Таңдалған сұраққа қалай жауап іздеу керек екендігін талқылау (топ болып) Ғылыми сұрақтарға жауаптарды дайындау жолдарын жоспарлау (топ болып | ||||||||||
Сабақтың мақсаттары | табиғи және жасанды жарық көздерін білу, жасанды жарық көзін жарықтандыру үшін қолданатындығын түсіну | ||||||||||
Жетістік критерийлері | Адамның қалай жасанды жарық көздерін қолданатынын білетін болады. Адам өміріндегі жасанды жарық көзінің маңызын түсінеді. | ||||||||||
Сөздік қор | жасанды жарық | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ұжымшылдыққа тәрбиелеу,жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | ДүниетануКеме ойыны барысында Өнер шамшырақ аппликациясы | ||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Табиғи жарық көзі деген не? | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
3минут | Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру Шаттық шеңбері Армысың досым,Кел, маған қосыл (қолымен шақырады).Алақанға салып алақан,Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).Жер шарындай айналып,Әлемге жарық ұқсайық (айналады).Қолымызды көтеріп, Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).Ортамызда күн нұры,Құшаққа оны алайық (құшақтасады). ОМ анықтап алу Бүгінқандай жарық көздері болатынын жасанды жарық көзін табиғи жарық көзінен қалай ажыратуға болатынын білетін боласың. | бірнеше жарық көздерінің суреті | |||||||||
30 минут | (Ұ.Т) Экспедицияға аттану Жарық көздерін зерттейік Кенет жел соғып дауыл тұрды. Теңізшілер болжамды бағытынан ауытқып кетті. Оқушылар топты құтқару үшін жағалаудыңқай жақта екендігін анықтап дұрыс шешім табуға жұмылдыру. Суреттерді салыстыр. Суреттегі жарық көздерін салыстыр. Суретке қарап адам қолымен жасалған жарық көздерін атату. Өткен сабақта біз қандай жарық көздерімен таныстық? Сонымен жарық көзі қанша топқа бөлінеді? Жарық көздері екі топқа бөлінеді. Табиғи жарық көзінің жасанды жарық көзінен қандай айырмашылығы бар? Жасанды жарық көздерінің қайсысын жиі пайдаланасың? Ток көзі не үшін қажет? Жасанды жарық көздерінің арасында өмірді сақтап қалуға болады. Дауыл күшейіп келеді. Экипаждың өмірін сақтап қалу үшін тез арада дұрыс шешім қалдау қажет. Адам өмірін сақтап қалу үшін жарық көзінің қаншалықты маңызы бар? 1..Шамшырақ. Кемелер бір-біріне соғыспау үшін және жағалаудыңиқауіпті аумағын жарықтандыру үшін қажет. 2.Үлкен аспашам.Бөлмені жарықтандыру үшін керек. 3. Көше шамдары.Түнгі уақытта көшені жарықтандыру үшін қажет. 4.Белгі беретін тапанша Ракета көмегі арқылы ұзақ аралықта белгі беру үшін керек. Жарықпен белгі беретін тапаншаны не үшін ойлап тапқан? От қай жарық көзіне жатады? Табиғи ма? әлде жасанды ма?(жасанды) Сен білесің бе? Саз бен темірден жасалған шайнекке майлы пілте салып жарық шығару ең алғаш рет гректерде пайда болды? Қосымшы тапсырма «Білгір» ойыны Оқушылар екі топқа бөлініп жасанды жарық көзі бойынша жарысады.Кім қатесіз көп сөз айтса,сол жеңімпаз Жауабы: (шырақ, от, алау, ошақ, белгі беретін тапанша, салют, отшашу, торшер, шам аспашам, қолшам, т б) (ҚБ) Суретке қара. Жасанды және табиғи жарық көздерін ажырат. Отбасында қолданатын жасанды жарық көздерінің суретін сал. | ||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Бүгін сабақта сендер не үйрендіңдер? Жасанды жарық көздеріне не жатады? | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Жасанды жарық көздері туралы айтуда қиналған оқушыларғажеке көмек көрсету | Жасанды жарық көздері білетінін айтады. | Сергіту сәті |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру