Адам. Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2- бөлім. Тірі табиғат: Адам

Күні:01.11.2016

Мектеп: Көкшетау қ.

физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Сагинова Г.Т.

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Адам.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:адамның негізгі дене мүшелерін атай алады.

Оқушылардың басым бөлігі:дене мүшелерінің қызметін ажырата алады.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

 Сөздік қор

  • Қол, қол бөліктері: иық, білек, білезік саусақтар, шынтақ
  • Аяқ, аяқ бөліктері:сан, тізе, жіліншік, башпайлар, табан
  • Адамның дене мүшелері

 Бағалау критерийі

  • Адам денесінің негізгі мүшелерін атайды;
  • Адам денесінің негізгі мүшелерінің қызметін сипаттайды;

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану,өнер,математика

Алдыңғы меңгерілген білім

Тірі табиғат. Жанды және жансыз заттар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

Сабақтың ортасы

1 мин

2 мин

4 мин

3 мин

3 мин

3 мин

3 мин

3 мин

3 мин

5 мин

3 мин

2 мин

2 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.

Психологиялықсәт:- Қайырлы таң, көздерім!

-Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).

-Қайырлы таң, құлақтарым!

-Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).

-Қайырлы таң, қолдарым!

-Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды).

-Қайырлы таң, аяқтарым!

-Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу).

-Қайырлы таң, ұстазым!

-Мен ояндым!. (Күлімсіреп, күнге қолдарын созады)

Оқушылар орындарына отырады.

ІІ. Кіріспе тапсырма.

- Балалар сендер қандай табиғат түрлерін білесіңдер?

Жанды және жансыз.

-Жанды табиғатқа не жатады?

-Жанды табиғатқа қатысты ең басты ерекшеліктер қандай?

-Ендеше біз бүгін «Адам» тарауын бастаймыз.

Ұ) Оқушыларға мынадай қимылдарды орындатамын, мысалы:қолдарыңды бұлғаңдар, аяқтарыңмен тарсылдатыңдар, бастарыңды изеңдер, мойындарыңды бұрыңдар, иықтарыңды жоғары –төмен қозғалтыңдар.

Оқушылар орындарына отырады.

Қимылдар жасаған кезде қандай дене мүшелерін атадық?

(Оқушы жауаптарын тыңдау)

( ҚБ) -Сендер дұрыс айтасыңдар, өте жақсы көрсеттіңдер.

III Жаңа сабақты меңгерту.

.1.Оқушыларға өздері білетін дене мүшелерін атату.

2. Денеміздегі жұп мүшелерді атату, олардың неге жұп екендігін дәлелдету.

-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай деп ойлайсыңдар? (оқушы жауабын тыңдау)

-Бүгін сабақта сендер дене мүшелерімен және олардың қызметімен танысасыңдар( тақырыбы мен мақсатын хабарлау)

-Сабақ соңында нені білеміз деп ойлайсыңдар?

Назарларын тақтадағы суретке аудару

IV.Сурет бойынша жұмыс

 (Ұ)Сұлбалар. “Бейнелеу өнері” сабағында өткен“сұлба” терминін еске түсіру. Сұлба — ұсақ бөлшектерсіз бір түспен салынған заттың бейнесі. Суретке назар аударту, сұрақтар қою: Әрбір сұлбаға назар аударту.

-Қай суретте қыздардың бейнесі салынған? Оны қайдан білдіңдер? (Шаш және киім үлгісі бойынша.)

 -Бейнеленген балалар сұлбасынан олардың қандай іс-әрекет жасап тұрғанын анықтауға бола ма? (билеп жүр, бокспен шұғылданып жатыр, саңырауқұлақ теріп жүр, доп ойнап жүр).

 -Осы қимылдарды орындауға қандай дене мүшелері қатысты? (Аяқтары және қолдары қимылдады, басын бұрды, денесі иіледі.)

 -Ендеше бізде қазір сендермен әртүрлі дене мүшелерімен қимылдар жасап көрейік.

 Ойын: «Бұл кім?» (ойын шарты түсіндіріледі)

 Ойын шарты: Оқушылар кезекпен шығып кез -келген мамандыққа немесе спорт түріне байланысты карточкада жазылған сөзді ішінен оқиды және соған сәйкес дене қимылын көрсетеді. Ал қалған оқушылар кімді көрсетіп тұрғанын табуы керек және сол қимылдарды қайталайды: әнші,суретші,биші,футболшы,күйші.

(ҚБ) Дұрыс жауап айтылғанда оқушылар қол шапалақтау арқылы бағалайды.

  • Қимылдарды қандай дене мүшелерімен жасадық?

Қимылдарды біз әртүрлі дене мүшелеріміз арқылы жасай аламыз деген қорытындыға келеді.

V. (Ж)Тапсырмалар .1-тапсырма. Дене мүшесі-қол.

  • Оқушыларға өз қолдарына мұқият қарап және жұппен оның бөліктерін анықтап көру ұсынылады.
  • Қол басын қарап, саусақ аттарын атап шығады.
  • Бас бармақ басқа саусақтарға қарама-қарсы орналасқан. Оның қызметі қандай деп ойлайсыңдар?
  • ( оқушылардың жауабын тыңдау, қолмен кез-келген затты ұстап көруге ұсыныс жасау. Мысалы: қаламды ұстандар, кітапты алындар, т.с.с.)
  • Бас бармақтың басқа саусақтарға қарама- қарсы орналасуының арқасында адам бір нәрсені ұстай алады деген қорытындыға әкелу.

Қаңқамен жұмыс. Мұғалімнің іс –әрекеті:

Қол туралы мәлімет: - Қолдың бөліктерінің атауларын білетіндерің бар ма? (оқушы жауабын тыңдау, жауаптарын толықтыру). Қол- иық белдеуінде орналасқан.

  • Скелеттен қол бөліктерін көрсету, атауларын естерінде сақтау үшін қайталату: иық, шынтақ, білек, білезік, саусақ. Қолдың қызметі туралы не білетіндерін өздеріне әңгімелету, толықтыру.

 2-тапсырма. Дене мүшесі-аяқ.

  • Оқушылардың назарын буындардың қозғалғыштығына, аяқ басындағы башпай санына аудару.
  • Әр түрлі қимыл қозғалыс жасату: тізелеріңді бүгіңдер, аяқтарыңның басын оңға, солға қозғалтыңдар, отырып-тұрыңдар.

Қаңқамен жұмыс. Мұғалімнің іс-әрекеті:

 Аяқ туралы мәлімет: -Аяқ бөліктерінің атауларын білетіндерің бар ма?( оқушы жауабын тыңдау)

  • Аяқтың негізгі бөліктері қалай аталатынын айту.
  • Аяқтың барлық бөліктерін (сан, тізе, жіліншік, табан және башпайлар) көрсету.
  • Аяқтың қызметі қандай ойлайсыңдар?( оқушы жауабын тыңдау)
  • Аяқтың қызметі туралы әңгімелетіп, жауаптарын толықтыру.

Естерінде сақтау үшін ойын өткізу.

Ойын:

Оқушылар шеңбер жасап тұрады.Ортаға топтан бір оқушы шығып, кубикті лақтырады.Кубикте суреттегі дене мүшесін атайды, топтағы қалған оқушылар сол дене мүшесін атайды және өз денелерінен ұстап көрсетеді.

Мысалы: білек, санайды 1 білек, 2 білек

Ойын сергіту сәті ретінде өткізіледі.

(ҚБ) –Сендер ойын ойнағанда өз білетіндеріңді жақсы айтып бердіңдер. Өте жақсы, тамаша!

(Т) Зерттейік.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді

 Әр топқа түрлі тапсырмалар беріледі.

 1-топ: Скелетке негізгі дене мүшелерінің атауларын жапсырады.

 2-топ: Дене бөліктерін жинастырып, адамды құрайды және дене мүшелерінің атауларын жапсырады

 3- топ: Мәтін беріледі. Сол мәтіндегі көп нүктенің орнына керекті сөздің суретін тауып жапсырады, сөйлемдерді оқиды.

 4- топ: Қол және аяқ сөздері беріледі. Сол сөздерге қатысты қимылдарды тауып жазады.

 (ҚБ) Әр топ өзінің жұмысын қорғайды.Бір топ келесі топтың жұмысын «Бағдаршам» көздері арқылы бағалайды. Тапсырма дұрыс орындалды деп ойласа жасыл түсті көзін көрсетеді, жартылай дұрыс болса сары көзін, дұрыс емес болса қызыл көзін көрсетеді.

 Қорытынды:-Балалар қалай ойлайсыңдар, адамға қай дене мүшесі ең маңызды, ең керекті? (оқушы жауабын тыңдау)

(Ұ) Ойлан! Оқушыларға адамның дене мүшелерінің қайсысы ең маңызды екенін ойлануға ұсыныс жасаймын. Олар барлығы өте маңызды және әрбіреуі өз қызметін атқарады деген қорытындыға келу керек. Артық дене бөлігінің болатын/болмайтынын сұрау.. Кей кезде адамда денесінің қандай да бір бөлігінің болмайтынын,­ сондай жағдайда сол бөліктің қызметін протездер немесе арнайы құрылғылар атқаратынын түсіндіру. Осы жерде мүмкіндігі шектеулі адамдар жөнінде әңгімелеп кетемін

 Сен білесің бе? Мүмкіндігі шектеулі адамдаржайлы айтқанда, Паралимпиадаға қатысушылар жайлы, оның ішінде 2016 жылы Рио паралимпиадасына қатысқан қазақстандық тар жөнінде видеожазба көрсету, әңгімелеу. Бұл адамдар мақсатқа жетуде батылдық пен табандылықтың үлгісі болып табылатынын айту.

 

Шаттық шеңбері

Күннің суреті

Таныстырылым

Сұлба суреттер

Карточкалар

Қаңқа

Кубиктер

Желім, ақ қағаз, маркерлер,сөздер, сөйлемдер, суреттер

Бағдаршам көздері

Видеожазба

Сабақтың соңы

2 мин

Қорытынды.

-Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?

-Сендер үшін не маңызды болды?

-Сабақтың басында айтылған мпақсатымызға жеттік пе?

- Дене мүшелерінің барлығы сау болу үшін не істеуіміз қажет деп ойлайсыңдар?

Рефлексия: Балалар алған білімдері бойынша өздерін өздері бағалайды. Бағалаудың үш сатысына стикерлер жапсырады.

1.Барлық дене мүшелерін атай аламын және олардың атқаратын қызметін білемін дегендер жетістік баспалдағының ең жоғарғы бөлігін таңдайды

2. Атауларын білемін, бірақ кейбір дене мүшелерінің қызметін білмеймін дегендер одан төменгі бөлігін таңдайды.

3. Білемін, бірақ шатастырамын дегендер төменгі бөлігін таңдайды.

Жетістік баспалдағы

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтарға бөліп, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар беру:

1. Сөйлемдер тиісті сөздерді табады

2. Адамды дене бөліктерінен

Топтық жұмыс барысында адамның дене мүшелерін олардың атауымен байланыстыру қабілеттерін,негізгі дене мүшелерін анықтау және ажырату икемділіктерін бағалаймын;

Қолдың және аяқтың бөліктерінің атауларын қалай аталатынын білетін болады;

дене мүшелерінің атқаратын қызметін анықтайды.

Өнер. Сұлба түсінігі.

 Дене шынықтыру. Жаттығуды орындау: иілу,отырып-тұру, айналу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу