Адам. Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2- бөлім. Тірі табиғат: Адам

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Адам.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау

Сабақ мақсаттары

Адамның негізгі дене мүшелерін атай алады. Дене мүшелерінің қызметін ажырата алады.

 Сөздік қор

  • Қол, қол бөліктері: иық, білек, білезік саусақтар, шынтақ
  • Аяқ, аяқ бөліктері:сан, тізе, жіліншік, башпайлар, табан
  • Адамның дене мүшелері

 Бағалау критерийі

  • Адам денесінің негізгі мүшелерін атайды;
  • Адам денесінің негізгі мүшелерінің қызметін сипаттайды;

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану,өнер,математика

Алдыңғы меңгерілген білім

Тірі табиғат. Жанды және жансыз заттар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

Сабақтың ортасы

1 мин

2 мин

4 мин

3 мин

3 мин

3 мин

3 мин

5 мин

5 мин

4 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.

Психологиялықсәт:– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сендерге шаттық шеңбері өте ұнағанын мен байқап қалдым, біздің әр саяхатымыз осылай басталады. Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!

Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің

тұсына қояды)

Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады,

саусақтары күн сияқты)

Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады)ІІ. Кіріспе тапсырма.

- Балалар сендер қандай табиғат түрлерін білесіңдер?

Жанды және жансыз.

-Жанды табиғатқа не жатады?

-Жанды табиғатқа қатысты ең басты ерекшеліктер қандай?

-Ендеше біз бүгін «Адам» тарауын бастаймыз.

«Мен айтамын, сен көрсет» Мұғалім қимыл түрлерін айтады, ал оқушылар оны көрсетеді.

қолдарыңды бұлғаңдар, аяқтарыңмен тарсылдатыңдар, бастарыңды изеңдер, мойындарыңды бұрыңдар, иықтарыңды жоғары –төмен қозғалтыңдар.

Оқушылар орындарына отырады.

Қимылдар жасаған кезде қандай дене мүшелерін атадық?

(Оқушы жауаптарын тыңдау)

( ҚБ) -Сендер дұрыс айтасыңдар, өте жақсы көрсеттіңдер.

III Жаңа сабақты

(Ж) Жұпта талқылау жүргізеді.

.1.Оқушыларға өздері білетін дене мүшелерін атайды.

2. Денеміздегі жұп мүшелерді атату, олардың неге жұп екендігін дәлелдету.

-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай деп ойлайсыңдар? (оқушы жауабын тыңдау, тақырыбы мен мақсатын айқындау)

IV.Сурет бойынша жұмыс

 (Ұ) -Қай суретте қыздардың бейнесі салынған? Оны қайдан білдіңдер?

 -Бейнеленген балалар сұлбасынан олардың қандай іс-әрекет жасап тұрғанын анықтауға бола ма? (билеп жүр, бокспен шұғылданып жатыр, саңырауқұлақ теріп жүр, доп ойнап жүр).

 -Осы қимылдарды орындауға қандай дене мүшелері қатысты? (Аяқтары және қолдары қимылдады, басын бұрды, денесі иіледі.)

 -Ендеше бізде қазір сендермен әртүрлі дене мүшелерімен қимылдар жасап көрейік.

 Ойын: «Бұл кім?» (ойын шарты түсіндіріледі)

 Ойын шарты: Оқушылар кезекпен шығып кез -келген мамандыққа немесе спорт түріне байланысты карточкада жазылған сөзді ішінен оқиды және соған сәйкес дене қимылын көрсетеді. Ал қалған оқушылар кімді көрсетіп тұрғанын табуы керек және сол қимылдарды қайталайды: әнші,суретші,биші,футболшы,күйші.

(ҚБ) Дұрыс жауап айтылғанда оқушылар қол шапалақтау арқылы бағалайды.

  • Қимылдарды қандай дене мүшелерімен жасадық?

Қимылдарды біз әртүрлі дене мүшелеріміз арқылы жасай аламыз деген қорытындыға келеді.

V. (Ж)Тапсырмалар .

Оқушыларға өз қолдарына мұқият қарап және жұппен оның бөліктерін анықтап көру ұсынылады.

Қол басын қарап, саусақ аттарын атап шығады.

Бас бармақ басқа саусақтарға қарама-қарсы орналасқан. Оның қызметі қандай деп ойлайсыңдар?

( оқушылардың жауабын тыңдау, қолмен кез-келген затты ұстап көруге ұсыныс жасау. Мысалы: қаламды ұстандар, кітапты алындар, т.с.с.)

Бас бармақтың басқа саусақтарға қарама- қарсы орналасуының арқасында адам бір нәрсені ұстай алады деген қорытындыға әкелу.

Адамның суретімен жұмыс.

Қол туралы мәлімет: - Қолдың бөліктерінің атауларын білетіндерің бар ма? (оқушы жауабын тыңдау, жауаптарын толықтыру). Қол- иық белдеуінде орналасқан.

  • қол бөліктерін көрсету, атауларын естерінде сақтау үшін қайталату: иық, шынтақ, білек, білезік, саусақ. Қолдың қызметі туралы не білетіндерін өздеріне әңгімелету, толықтыру.

 2-тапсырма. Дене мүшесі-аяқ.

  • Оқушылардың назарын буындардың қозғалғыштығына, аяқ басындағы башпай санына аудару.
  • Әр түрлі қимыл қозғалыс жасату: тізелеріңді бүгіңдер, аяқтарыңның басын оңға, солға қозғалтыңдар, отырып-тұрыңдар.

Естерінде сақтау үшін ойын өткізу.

«Тез ойна да, тез ойла!»

Оқушылар шеңбер жасап тұрады.Ортаға топтан бір оқушы шығып, кубикті лақтырады.Кубикте суреттегі дене мүшесін атайды, топтағы қалған оқушылар сол дене мүшесін атайды және өз денелерінен ұстап көрсетеді.

Мысалы: білек, санайды 1 білек, 2 білек

Ойын сергіту сәті ретінде өткізіледі.

/кері байланыс/

(Т) «»

Оқушылар төрт топқа бөлінеді

 Әр топқа түрлі тапсырмалар беріледі.

1-топ: Адамның плакатына негізгі дене мүшелерінің атауларын жапсырады.

2-топ: Дене бөліктерін жинастырып, адамды құрайды және дене мүшелерінің атауларын жапсырады

3- топ: Мәтін беріледі. Сол мәтіндегі көп нүктенің орнына керекті сөздің суретін тауып жапсырады, сөйлемдерді оқиды.

4- топ: Қол және аяқ сөздері беріледі. Сол сөздерге қатысты қимылдарды тауып жазады.

 (ҚБ) Әр топ өзінің жұмысын қорғайды.Бір топ келесі топтың жұмысын «Түсті жолақтар» көздері арқылы бағалайды. Тапсырма дұрыс орындалды деп ойласа жасыл түсті көзін көрсетеді, жартылай дұрыс болса сары көзін, дұрыс емес болса қызыл көзін көрсетеді.

Балалар қалай ойлайсыңдар, адамға қай дене мүшесі ең маңызды, ең керекті? (оқушы жауабын тыңдау)

 

Шаттық шеңбері

Таныстырылым

суреттер

Карточкалар

Адамның плакаты

Кубиктер

Желім, ақ қағаз, маркерлер,сөздер, сөйлемдер, суреттер

Түсті жолақтар

Сабақтың соңы

5 мин

Қорытынды.

-Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?

-Сендер үшін не маңызды болды?

-Сабақтың басында айтылған мпақсатымызға жеттік пе?

- Дене мүшелерінің барлығы сау болу үшін не істеуіміз қажет деп ойлайсыңдар?

«Баспалдақ» әдісі Балалар алған білімдері бойынша өздерін өздері бағалайды. Бағалаудың үш сатысына стикерлер жапсырады.

1.Барлық дене мүшелерін атай аламын және олардың атқаратын қызметін білемін дегендер жетістік баспалдағының ең жоғарғы бөлігін таңдайды

2. Атауларын білемін, бірақ кейбір дене мүшелерінің қызметін білмеймін дегендер одан төменгі бөлігін таңдайды.

3. Білемін, бірақ шатастырамын дегендер төменгі бөлігін таңдайды.

Баспалдақ

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дене шынықтыру. Жаттығуды орындау: иілу,отырып-тұру, айналу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу