Өсімдік тіршілігіне не қажет? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі:

2- бөлім:Тірі табиғат. Өсімдіктер.

Мектеп:Көкшетау қаласы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өсімдік тіршілігіне не қажет?

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.2.1.3 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;

 Сабақ мақсаттары

Өсімдікке өсу үшін қандай қажетті жағдайлар керек екенін біледі;

Болжамдар мен бақылау нәтижелерін салыстырады;

Түрлі жағдайда өсімдіктердің өсу нәтижелерін салыстырып, қорытынды жасайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Жағдай, топырақ, су, жылу, жарық

 Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Математика, өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

Өсімдік бөліктері

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

3 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Қызығушылықтарын арттыру:

(Ж) «Құпия зат» ойыны

Оқушылар жұпта өздерін бір өсімдік ретінде жасырады. Мысалы: мен өте тәттімін, қызыл, сары, жасыл боламын. Дөңгелек келемін. Ішімде кішкентай дәндерім бар. Мен Алматыда өсемін.

Өткенді қайталау

Суреттер, презентация.

Сабақ ортасы

5 мин

5 мин

1 мин

3 мин

10 мин

5 мин

Жаңа сабақ:

) Суреттерді салыстыру.

Екінші сурeттегі өсімдіктерге не болғанын түсіндір. Оларға не жетіспеді?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын талқылау.

(Ұ) Мультфильм көру.

Өсімдіктерге не қажет?

Сергіту (қимылмен)

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Қызыл - жасыл гүлдері

Көздің жауын алады

Үзіп - жұлмай бекерге

Аялайық біз оны!

(Т) «РАФТ» әдісі

“Гүлшоғын” сөйлету. (Әр топ гүл шоғының суретін салып, берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салу.)

1-топ: Гүлдің рөліне ене отырып, ризашылықтарын білдіру.

2-топ: Қараусыз, солып қалған гүлдің рөліне ене отырып, адамдарға өз назын жеткізу.

3-топ: Гүл шоғы қалай сыйлау керек?

Зерттеу жұмысы:

(Т) 3 құты, оған «су, жарықсыз», «су, жарық», «сусыз, жарық» деген жазуларды жабыстыру, тұқым, топырақ, қорап.

Құтыларға сабақ өткен күнді, топтың атын жазып қою. Топырақ салып, әрқайсысына тұқым салу. Құтыларды терезенің алдына қою. «Су, жарықсыз» дегенге су құйып, қораппен жауып қою. «Су, жарық» дегенге су құйып, жарық жерге қою. «Сусыз, жарық» дегенге су құймай, жарық жерге қою.

Оқушылардың болжамдарын сұрау. Қағазға жазып қою. Келесі аптадағы сабаққа дейін бақылау жүргізу. Су құйятын құтыларды күнара бір уақытта суарып отыру керектігін айту.

Дәптермен жұмыс:

Өсімдікке өсу үшін не керек екенін тауып, суретпен байланыстыру керек.

http://imektep.kz/osimdik-musheleri

презентация

карточкалар

суреттер

жемістер

көкөністер

су, топырақ, құтылар, суреттер

Сабақтың соңы

5 мин

  • Рефлексия

Рефлексия.

1) “Кім жылдам?”

“Миға шабуыл” стратегиясы.

1)Өсімдіктер қандай үш топқа бөлінеді?

2)Біз оларды неге табиғаттың жанды денелері дейміз?

3)Өсімдіктер өсу үшін не қажет?

4)Ағаштардың қандай пайдасы бар?

5)Ағаштың бұтадан айырмашылығын айт?

6)Өз үйіңнің маңайында қандай өсімдіктер өседі?

Өзін-өзі бағалау

Егер бүгінгі сабақты түсінсеңіздер, күннің суретін салыңыздар.

Егер түсіндім, бірақ әлі сұрақтарым бар десеңіз, күн мен бұлттың суретін салыңыз.

Егер түсінбесеңіздер, бұлттан жаңбыр жауып тұрған суретті салыңыз.

Суреттер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Зерттеу жұмыс барысында сұрақтар қою арқылы

Оқушылардың өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайларды анықтай алуын бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері

Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу