Қазақ тілі 1 сынып 4 бөлім «Бізді қоршаған әлем» Ауа райы туралы өлеңдерді оқу. «Щ» дыбысы мен әрпі ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ


Қазақ тілі 1 сынып 4 бөлім «Бізді қоршаған әлем» Ауа райы туралы өлеңдерді оқу. «Щ» дыбысы мен әрпі

ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ

Боран

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан.

Жаңбыр

Тырс! Тырс!Жаңбыр кеп жауады, Терезе қағады.- Тырс! Тырс!Жылғалар ағады,Сылдырап әуенге салады.

Күн шуағы

Көлеңкеге тығылып,

Қалжырайды күшігім.

Күн көзіне бұйығып,

Маужырайды мысығым.

Жел

Күзгі жел болса айнала,Жапырақтар шулайды,Жерге түсе бастайды.

Қыс

Қандай суық қыс деген?

Қалтырайды құс деген.

Құлақшынды кимесең,

Құлағыңды тістеген.

Қандай қызық қыс деген?

Бәрін шебер істеген.

Бақша-бауды, тауды да,

Болған ақ түспенен.

А.Асылбеков



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.